Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ерте-кеш көз алдымда тұрғандайсың,

Қарағым, һеш болмайды сағынбасқа.

Жамалжан, талап таудай болса дағы,

Тон келте, сүйгеніңнің қолы қысқа.

Төскейден қызыл түлкі бұлаң етсе,

Төбеден қыран бүркіт ұмтылмас па?

Жапалақ бадырақ көз босқа қалып,

Қырғи құс түлкіні алып құлпырмас па?

Отырып тәуекелдің кемесіне,

Ай дариға, дариядан өте шықса,

Ғашықтық уағдамен тәуекелшіл,

Қажымай осы үшеуін мекем ұста,

Кімде-кім жетер сонда мұратына,

Пайда жоқ жүрексінген қорқынышта.

Аз сөзде көп мағына деген мысал,

Халімді баян етіп жаздым нұсқа.

Жамалжан, парасатлу етер фаһім,

Бұл сөзім биілтифат қалмас босқа,

Рақматына мың сан разы болар едік,

«Ғали-Жамал лайық» - деп, алла қосса.

Келер деп нендей жауап күтіп қалдық,

Хат жазып жанабыңа жолдап почта.

«Құп!» - деген жібермесең дәруінді,

Зораяды күннен-күнге біздің Хәста.

Дүшпан кеп, досымыз аз, халық сенімсіз,

Я, алла, тура жолға өзің баста!

Ғалидан - пақырыңыз жазылды хат

Махаббатлу махбуба Жамал досқа.

Бұл хатты Ғалиден Жамалға алып келген жігіт әр уақыт бұл екеуінің арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретін Ғалидың бір анық сенген кісісі еді. Бүгін бұл хатты

Жамалға тапсырып:

- Жауабын ертеңге шейін даярлап қоярсың мен бір ауылға барып қайтамын, - деп кетіп қалды. Жамал бұл хатты үш-терт мәрте оқып шығып, бір қызып, бір суып Жұманға барса ғұмырынша қайғы-қасіретте өтетінін ойлап, Ғалимен қашса не түрлі ұят машақаттар болып, ақыры нешік болатынына көзі жетпей, аздағдарып, көзінен моншақ-моншақ жастарды төгіп алды. Біраздан соң тағы да қайраттанып: «Тәуекел, алла басқа салған соң, не де болса көтердім, Ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», - деп ойлады. Егерде Ғалимен қаша қалса кім тілектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесі Шолпаннан басқа ешкім кезіне көрінбеді. Шешесіне сиынатын себебі оқушыға да мәлім. Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тілін алғыза алмай қойған еді. Екінші, Жамал ер жеткен соң Жұманға көңілі наразы болып жүргенін де сезіп, хәтта сол мезгілде Жамалдың жазып жүрген өлеңін де тауып алып оқиды, деп жоғарыда жазып едік. Үшінші, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерін біліп, көріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. Жамалды Ғалиға лайық көрген секілді болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көруші еді. Ұзын сөздің қысқасы, ақырында Жамал Ғалидың жазған сөздерін қабыл алып, қарсы жауап та жазып, ертеңінде манағы жігітке тапсырды. Бұл жігіт хатты сол күні-ақ Ғалиға жеткізіп берген соң ашып оқыса, жазылған сөз мынау екен:

Ғалижан, біздің қолға тиді қағаз,

Жазғанын қабыл алдым сіздей шаһбаз.

Мақсатқа муафиқлы сөз шыққан соң,

Өңім бе, түсім бе деп тұрдым біраз.

Сіздейін жаздым жауап білгенімше,

He түрлі жазған сөзің кірді ішіме.

Сырымды жалғыз саған білдіремін,

Айтпаған мұнан бұрын бір кісіге.

Мағұлым бір сөзіңе менің халім,

һеш рақат көрмегендей сенсіз жаным.

Еріксіз бір есекке қосақталсам,

Жаһанда екі бірдей келмес мәнім!

Қосылсам нәсіп болып сеніменен,

Кім айтар жүрмеді деп теңіменен?

Сенімен отқа жансам арманым жоқ,

Жуылмаған Жұман атты періменен.

Хатыңда «бай емеспін» деп жазыпсың,

«Бетке салық қылма» деп, көп жазыпсың.

Байды сүйсем, Жұманға бармас па едім,

Мұны ойламай, әшейін тек жазыпсың.

Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,

Кім бізді ықтиярсыз көндіретін?

Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ - төбе,

Айрылмалық болса да өлтіретін.

Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,

Тұралық уағданы бекем байлап,

Сен үшін бір басымды еттім құрбан,

Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап!

Біз көндік мұндай халге құдай салды,

Панасыз мазлұммен мен бір зарлы.

Ал енді күн-түн демей хайла қара,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий