Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Хайыр, Фатихолла абзи! Мен сізге ризамын, залымдар не қылады деуге болмайды. Олай болса, мұнан үш шақырым жерде атамның нағашысы бар, сонда барайын, - деп, ертеңіне жүруге даярланды. Ғалидың өзінде жегуге екі ат бар еді. Фатихолла бай арба-сайман һәмелу теңге ақша беріп, қаладан шығарып салып, «қайырлы сапар» деп, дұғада болып қалды. Ғали, Жамал да өздерінің ата-анасынан айрылғандай болып қимай, жылап айрылысты. Ғали әуелден ноғайша киініп жүретін һәм Жамалды да ноғайша киіндіріп, шәлі бүркендірген соң жолда көрген кісілер шүбәсіз ноғай деп біліп, бұлардан қауіптенбей, көңілдері шаттанып, оңашада ойындағы сөздерін сөйлесті. Ғали сұрады:

- Егер жаман айтпай жақсы жоқ, өстіп жүргенде колға түсіп, сені менен айырып әкетсе, қайтер едің, көніп кетер ме едің? - деді. Жамал:

- Құдай сақтасын, не айтасың, жаным сенің жолыңда құрбан, сенен тірі айрылғаннан өлім маған көп артық, - деді. Бұлар бұл секілді сөзбен келе жатқанда сәске түс болып, жолшыбай ағаштарды аралап, бір көлдің жағасынан өтті. Маңайында ел болмағанға бұл көлде неше түрлі қаз, аққу, ғайыр құстар би қисап көп еді. Атырабындағы жердің һаммасы тамылжып кілем төселгендей болып, желсіз күнде көл айнадай жарқылдап, алыстан сағымдар мұнарланып, біздің екі ғашық біраз тамашаға қалып келе жтқанда, Жамал ойына бір нәрсе түсіп кеткендей ән салып, мынау өлеңді айтыпжіберді:

Ғаламды он сегіз мың жаратқан хақ,

Көп беріп біреуге мал, біреуге бақ.

Біреуді ғалым, біреуді залым еткен

Біреуді мүңлы жараттың, біреуді шат.

Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау, дария шалқар көлі қандай.

Орман-тоғай гүл енген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен елі қандай.

Көзім тоймас қарасам тамашасын,

Қисабына ми жетпей адасасың.

Заң түзеп, закон жайып, патша отырып,

Қараған ғаділдікпен қарашасын.

Таласқан аспан менен таулар биік,

Мекендер аю, қасқыр, марал, киік.

Ұжмақтың шешмасындай бұлағына

Кетпей ме қарап тұрсаң іштен күйік?

Аспанда ай мен жұлдыз, күні қандай

Қалғыған мұнарланып түні қандай.

Суда балық, көлде кұс, тоғайда аңдар

Шулаған неше түрлі үні қандай.

Жаннаттай тамашалы жазы қандай,

Келетін ұшып аққу, қазы қандай.

Ескеріп өткен күнді кәрілері,

Жастардың және де айтқан назы қандай.

Сықырлап келіп қалған қысы қандай,

Қар жауып, су қатырған мұзы қандай.

Берген соң алла қуат жан сақтарлық,

Жүреді мақұлықтар үсік алмай.

Біз ғаріп сол панаңда саялаған,

Дұшпандар рақымсыз аямаған.

Жіберсең жалғыз тамшы рақматыңнан,

Болса да құтылмаймыз қай арадан.

Ғали, Жамал жолда төрт қонып, Қырық құдықтағы нағашысы Бабас деген кісінің үйіне келіп жатты. Көңілдері орнығып, қорқынышсыз күннің өткенін де білмей жатқанда, елдегілер бұрынғы қалпынша дауласып қағаз үстінен қағаз айдап, бір берекесіз, аяғы үзілмейтін дауға кіріскен еді. Ғалидың нағашысы да һәм сол елдің жақсы кісілеріде: «Енді бұлар бізді пана тұтып келді ғой, біз де елдігімізді көрсетіп қорғалық, көп болса екі жыл дауласар, онын, ар жағында өздері де шаршар», - деп жастардың көңілін бұрынғыдан да қуантқан еді. Бұл мүсәпірлердің бақытсыздығына қарсы бір күні Ғали тесектен ауырып тұрды. Нағашылары да үрпиісіп қалып, Жамалдың түсі қорыққаннан өзгеріп кетті. Ғали: «Тұлабойым қызып, сүйектерім сырқыраған секілді болып тұр», - деп тынши алмай, науқасының күштілігі көрініп, төсектен тұрмай жатты. Науқасы күннен күнге ауыртартып, төрт-бес күннің ішінде бек қауіпті секілді көрінді. Әрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып көрсе де тәуір болмады. Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісті. Бір минут Ғалидың қасынан кетпей, һаман ауырды деген жерлерін сипап, мөлдіреген көздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды.

Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий