Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ағаш шеберлері он күн ішінде барлық саймандарымен жабдықтап, ойыншық қайық жасап шығарды. Әрине, оларға өзім басшылық еттім. Бұл қайық оларша ойыншық болса да, Еуропа адамдарының сегізін көтере алатын шамасы бар еді. Дайын болған қайықты көргенде ханымның шаттанғаны сонша, қайықты сол сағатында корольге апарып көрсетті. Қайықты сынап көру үшін, кеспек шелекке су толтырып соған салып көріп едік, оны ескекпен меңгеруге кеспек оралымсыз дау болды. Бұл жөнінде күн ілгері басқа түрлі жоба жасап қойған екен. Ол ұзындығы мен тереңдігі әжептәуір көлдей ағаштан астау жасатып, оны су ақпастай етіп қара маймен майлатып тастады. Ескірген суды ағызып жіберу үшін түбінен тесік шығарып, шүмек орнатты. Астауды суға толтыру үшін екі қызметкерге болғаны екі-ақ сағат уақыт керек.

Сөйтіп, астауды сарайдың бір бөлмесіне апарып қабырға жанына қойғызды. Біріншіден, ермек етіп өз көңілімді көтеру үшін, қала берді, менің оңтайлы өнерімді көруге құмарланған ханым мен оның қызметші әйелдерінің көңілі үшін, қайықпен астаудағы суда жиі-жиі жүзетінмін. Кейде желкен көтерем. Ол уақытта әйелдер желпуіштерін желпіп жел соқтырады. Әйелдер шаршаса қызметкерлер

үрлейді. Бұлардың бұнысы маған үлкен жеңілдік жасайтын. Мен тек қана желкен басқаратынмын. Мен кәдімгі теңізшілер сияқты қайықты желге қарсы қойып немесе қырын жүргізетінмін. Серуендеп болған соң Глюмдальклич қайықты кептіру үшін бөлмесіне апарып шегеге іліп қоятын.

Бір күні қайықпен астауда жүзіп жүріп тіршіліктен қол үзе жаздадым. Қызметкер қайықты астаудағы суға түсірді. Глюмдалькличтің гувернанткасы жарамсақтанып мені қайыққа отырғызбақ болып көтеріп алғанда, саусағының арасынан түсіп кеттім. Ажалсызға себеп болып, оның омырауындағы түйреуішінің басына шалбарымның белдігі ілініп қалды. Глюмдальклич келіп түйреуіштен ажыратып алғанша, ілінген күйімше салбырадым да тұрдым. Егер түйреуішке ілінбегенімде, қырық фут жоғарыдан құлап мылжа-мылжам шығатыны сөзсіз еді.

Астаудағы ескірген суды үш күнде бір тазартып тұратын-ды. Астауға су толтырып жүргенде қызметкердің шелегімен бір үлкен бақа ілесе келіп, сумен бірге астауға түсіпті. Оның астауға түскенін қызметкер ашықауызданып жүргенде аңдамай қалыпты. Мені қайыққа мінгізген уақытта бақа бұғып қалса керек, су бетінде қалқып жүрген бір затты көрсе соның үстіне шығып алатын немесе соған асыла кететін әдеті ғой. Ол оңбаған сол әдетін істеп қайықты көре сала, келіп ернеуіне жармасты. Қайық бір жағына қарай қисайып аударыла жаздады. Бар салмағымды салып қайықтың көтерілген жағын баса бердім. Ол оңбаған қайыққа шығып алып, сасық сілекейін киіміме жұқтырып, менің үстімнен әрлі-берлі секіре бастады. Бақа деген сүйкімсіз жәндіктің бірі ғой, түрі аса кейіпсіз көрінді. Оны өзім көріп жүрген сүйкімсіз жәндіктің ішіндегі ең сүйкімсізі болар деп шамаладым. Бұл бақамен өзім айналысайын, дедім де бақаны ескекпен түйгіштеп қайықтан түсірдім.

Ол корольдікте жүргенімде талай қорқынышты уақиғаларға ұшыраған едім. Ол уақиғалардан анағүрлым қорқыныштырақ тағы бір уақиғаға кезіктім. Глюмдальклич бірер шаруамен бір жаққа кететін болса, мені өз бөлмесіне бекітіп кететін. Ауа райы ыссы болғандықтан бөлменің терезелері ашық тұр еді. Менің жәшігімнің де есік, терезелері ашық болатын. Сонда отырып алып уақыт өткізуді жаным сүйетін еді. Терең қиялға батып, стол жанында отыр едім, біреудің терезеден кіріп, бөлменің бір шетінен бір шетіне әрлі-берлі секіріп жүре бастаған сыбдыры естілді. Қорқайын дедім, бірақ бөлмеде не болып жатқанын білгім келді. Қарасам, бір маймыл бөлменің ішінде әрлі-берлі секіріп асыр салып жүр. Ол менің жәшігіме келді де, есік-терезелеріне таңырқап қарай бастады. Мені маймылдың сұсы басқандығы сонша, сасып не істерімді білмедім. Тіптен төсек астына тығылу есіме келмепті, жәшіктің бір бұрышына барып қалшиыппын да қалыппын. Маймыл жәшікке таңырқап қарайды да ырылдап қояды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий