Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің гастролім туралы лақап біреуден-біреуге тарап, мені көруге жиналған халық қонақүйді қиратып кірерліктей болды. Қожайыным өз қызынан басқа ешкімнің маған қол тигізуіне рұқсат етпеді. Әрине, менің есен болғаным оның өз пайдасы ғой. Халық отыратын орындық столдан алысырақ қойылды. Сонда да болса бір, тентек оқушы бала маған қарай жаңғақ лақтырып жіберді Ажалсызға себеп болып, жаңғақ маған тимей кетті. Егер де тие қалса, менің бас сүйегімді қирататыны сөзсіз еді. Өйткені олардың жаңғақтары біздің асқабақтай болады. Сотқар баланы жұрттың сабап-сабап залдан шығарып жібергеніне қатты сүйсіндім.

Қожайыным, алдағы жексенбі күні тағы да мені көрсетемін деп жұртқа жар салды. Оған шейін мені жолда алып жүру үшін ыңғайлы етіп арнайы үйшік жасатты. Маған керегінің өзі де осы болатын. Өйткені алдыңғы сапардағы жол жүрудің жайсыздығы және үздіксіз сегіз сағат ойын көрсету әбден титықтатып шаршатқаны сонша, аяғымды зорға басып, әрең сөйлейтін жағдайға жеттім. Тынығып, күш жинау үшін маған үш күн уақыт керек болды. Бірақ үйде де тыным болмады.

Мен туралы хабарды естіген жақын маңайдағы (жүз миль жердегі) дворяндар ғажайып анды көру үшін сеңше соғылып, ағылумен болды. Мені көрушілер, бала-шағаны қоса есептегенде, күніне отыздан кемімеді (ол жақтың халқы өте тығыз орналасқан). Қожайыным мені үйінде көрсетіп те талай ақша тапты. Мені бір ғана көрсе де, олардан залдың толық бағасын алатын еді. Сөйтіп, қалаға апармағанның өзінде де бірнеше күн ұдайы ойын көрсетіп, тыным көрмедім. Тек қана сәрсенбі күні тынығатын болдым (олардың жексенбісі сәрсенбі екен).

Қожайыным мені халыққа көрсетіп көп ақша табатынына көзі жетіп, корольдіктегі ірі-ірі қалаларды аралап, мені көрсетуге бел байлады. Ұзақ сапарға керекті жол жабдығын дайындап алып, шаруашылығына жөн-жосық көрсетіп, әйелімен қоштасты. Сөйтіп, 1703 жылы 17 тамыз күні, яғни мен бұл елге келген соң екі айдан кейін, сол елдің астаналық қаласына қарай бет алып, жолға шықтық. Астана біздің үйден үш мың миль жерде, корольдіктің орталығында орналасқан еді.

Қожайыным Глюмдалькличті артына мінгестірді. Қыз мені жәшікке отырғызып, тізесіне қойды. Ол, жәшіктің қабырғаларына жатып ұйықтауыма ыңғайлы етіп қуыршақ төсегін қойып, бірнеше пар ішкі киім және басқа да керекті бірсыпыра заттармен қамтамасыз еткен болатын. Қожайыным жүк алып жүру үшін бір қызметкерді қоса ертті.

Қожайыным жолдағы қалалардың бәріне де мені көрсетіп өтпекші болды. Кей уақыттарда жолдан бұрыс болса да, ірі-ірі деревняларға, еңбегім қайтады деп сенген көрнекті-көрнекті адамдардың қоныстарына да бұрылып соға жүрді.

Глюмдальклич менің жайыма қарап әдейі жол соғып шаршадым деп, әкесіне атты қатты айдатпады. Жолда келе жатқанда таза ауа жұтып, айнала төңіректі көрсету үшін Глюмдальклич мені жәшіктен жиі-жиі шығарып тұрды. Маған керегінің өзі де осы еді.

Арада он апта жол жүрдік, сол уақыттың ішінде, соғып өткен деревнялар мен жеке адамдардың қоныстарын есепке алмағанның өзінде, он сегіз ірі қаланы аралап, мені көрсетіп өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий