Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Уақиғаның шындығын айтатын болсам, корольдің өзі де, оның ұлықтары да маған қарап талай рет

рақаттана күлген болатын. Енді мен де оларға қарап күлетін болдым. Бір күні ханым мені алақанына тұрғызып айнаға апарды. Айнадан екеуміздің бойымыз тұтас көрінгенде, өзіме-өзім күлдім. Бұл көрініске күлмегенде қайтерсің, бойым бұрынғысынан әлденеше есе кішірейіп кеткен бе деп ойлаппын.

Басқа қорлық қорлық па, қорлықтың қорлығын ханымның ергежейлісінен көрдім. Оның бойы отыз футтан кемірек, сол елдегі ең аласа, ең кішкене адам екен, оған қарағанда мен ергежейлінің ергежейлісі болып шықтым. Ол өзінен әлденеше есе кішкене жанды көрген соң, өзін жоғары санап, маған қомсына қарайтын болды.

Одан кек қайыру үшін оны құрдасым деп, немесе туысқаным деп мен де келемеждейтін болдым. Менің ол сөздерім ауыздан-ауызға ілініп, орда адамдарының қалжыңына айналды. Бір күні тамақ үстінде менің қалжыңыма ол қабаған күшік сияқты ызаланып қалды. Мен өз столымда жайбарақат отыр едім, ол ханымның таянышына шыға салып белімнен ұстап алып, күміс тостағандағы қаймаққа мені сүңгітіп жіберіп, қаша жөнелді.

Қаймақ құлағымнан келді. Егер де жүзе білмесем, халімнің қиынға айналатыны сөзсіз еді. Өйткені сол уақытта Глюмдальклич үйдің екінші шетінде жүрген болатын, ханым не істерін білмей сасып қалды. Глюмдальклич көре сала жүгіріп келіп мені қаймақтан суырып алды.

Бойымның аласалығынан адам күлерлік әртүрлі уақиғаларға ұшырамағанда, ол елдегі өмірім көңілді-ақ өткен болар еді.

Жалғыз жүрген уақытымда тіпті кіп-кішкене ғана құстар да менен сескенбейтін еді. Жалғыз жүрудің жан сүйінерлік рақат екеніне немесе азапты қорлық екеніне түсіне алмай-ақ қойдым. Ал кішкене құстар менің маңайымда құрт-құмырсқа аулап, мені жанға санамай қаннен-қаперсіз секеңдейтін де жүретін. Әсіресе бір сары шымшықтың басынғаны әлі есімде. Ол қолымдағы жеп келе жатқан бәлішімді жұлып әкетті. Бір торғайды ұстайын дегенімде, жайымен ғана маған қарай бұрылып қолымды шұқығалы тұмсығын созды. Менің сескенгенімді аңғарды білем, содан кейін ешнәрсе сезбеген сияқтанып құрт-құмырсқаларын аулап, өз жөніне кете берді. Бірақ бір күні бір әнші торғайды жуан келтекпен бар күшімді салып жіберіп ұрғанымда, торғай аяқ серппей жығылды. Торғайды қос қолдап мойнынан көтеріп, мардымсыған пішінмен Глюмдалькличке әкелдім. Торғай өлмеген екен, тек есінен танып қалыпты. Есін жинап алған соң пәрменімен талпына бастады. Мені қанатымен сабалағанда торғайдан айырылып қала жаздадым. Торғай мені шұқитын еді, қолымды созып ұстап тұрғандықтан маған тұмсығын жеткізе алмады. Менің байқауымша ол торғай біздің аққудан ірілеу көрінді.

Ханым кезі келген жағдайды пайдаланып менің теңіздегі саяхатым туралы әңгімемді талай рет тыңдаған болатын. Бір күні қапаланып отырғанымда ханым келді. Ол менің көңілімді көтергісі келді білем, желкенді қайықты басқара білесің бе, ескек есе аласың ба, бір мезгіл ескек ессең денсаулығыңа пайдасы тиюі мүмкін, деді. Мен екеуін де басқара білемін деп жауап қайырдым. Өйткені менің негізгі мамандығым хирург, былайша айтқанда, кеме дәрігері бола тұрсам да, қиын-қыстау жағдайларда қарапайым теңізшінің қызметін талай рет атқарғаным бар. Бірақ сіздей ханымның қалауын бұл жақта жүзеге асыра алар ма екенмін. Бүл жақтың ең кішкене деген қайығы біздің жақтың бірінші кластық соғыс кемесіндей бар. Екінші жағынан, менің басқаруыма шамам келетін кемені бұл жақтағы өзендердің қайсысы болса да ағызып әкете алады ғой, дедім. Бұл жағдайға жақсы түсінген ханым, егер де өзім басшылық етсем, корольдік ағаш шеберлеріне маған лайықты қайық жасататынын, қайықпен жүзу үшін көл орнатуға бұйрық беретінін айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий