Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің сорыма, әлгі шал әйгілі сараң адам болып шықты. Біз тұрған жерден жарты сағаттық жол, былайша айтқанда, жиырма екі миль жерде қала бар екен. Мені сол қаладағы жәрмеңкеге апарып, адам көрмеген жабайы аң қатарында көрсетіп қайт деп, әлгі шалдың қожайынымды шайтанша азғырғаны. Ол қақбас қожайыныма әлденелер айтып, сөз арасында маған қарап ымдап қойғанынан-ақ бір пәлені ойлап отырғанын сезіп, зәрем қалмады. Тіпті оның бірнеше сөздері де жадымда қалды. Бірсыпыра сөздеріне түсіндім де. Глюмдальклич әңгіменің не туралы болғанын шешесінен сұрап біліп, ертеңіне маған айтты. Ол бишара мені бауырына қысып жылап жіберді. Оның көбінесе қорыққан жері, мына дөрекі адамдар мені мерт етер деп қауіптенді. Олар мені қолына көтеріп жүріп-ақ өлтіріп немесе майып қылатыны өзінен-өзі-ақ түсінікті еді. Менің жаратылысымдағы қарапайым мінезімді, намысқойлығым мен шыншылдығымды ол жақсы білетін. Сондықтан да қыз ақша табу мақсатымен мені додаға салып аң қатарында көрсеткенге намыстанар деп қорықты. Әкем мен шешемнің деді ол, сені Грильдригке сыйлық етеміз деген уәдесі, былтырғы қозы бергені сияқты болғалы тұр, қозы әбден семірген соң қасапшыға сатып жіберген еді. Шынын айту керек, бұл хабарға менен де гөрі асыраушым қаттырақ ренжіді.

Қожайыным досының кеңесін мақұлдап, мені көрсету үшін жоғарыда айтылған қаланың қан базарына барып та жетті. Ол мені жәшікке отырғызып, Глюмдалькличті артына мінгестірді. Жәшік бітеу етіп жасалған еді. Дегенмен, ауа кіру үшін бірнеше тесік шығарып, менің оған кіріп, шығуым үшін есік те қалдырылған болатын. Қыздың маған деген қамқорлығы сонша, менің жатып ұйықтауыма жайлы болсын деп, жәшік ішіне қуыршақ төсегінің сырылған көрпесін төсеп тастады.

Біз небәрі жарты-ақ сағат жол жүрдік, сонда да болса аттың жүрісі мені соғып тастады. Ат сау желіске салғанда, қырық фут жерді бір-ақ аттайтын, оның жүрісі кеменің дауыл күнгі қырқаланған толқынға ұмтылып, біресе түпсіз тереңге сүңгіп, теңселгеніне ұқсайтын еді. Ал енді аттың жүрісін айтатын болсақ, кеме жүрісіндей мешеу емес, айта қаларлықтай тез болатын. Біз жарты сағат ішінде Лондон мен Сент-Альбанс арасындай жол жүрдік.

Қожайыным өзінің әрдайым түсіп жүретін қонақ үйіне келіп тоқтады. Ол қонақүй иесімен кеңесіп, грулътруд (жаршы) жалдап, қалаға үлкендігі бармақтай ғана (ұзындығы алты фут келетін жергілікті әдемі аң) ғажайып мақұлық келгенін, оның бейнесі дәл адамға ұқсайтынын, жергілікті тілде бірнеше сөздер сөйлей білетінін және әртүрлі ойындар көрсететінін қала халқына құлақтандырмақ болды. Сонымен қатар, ол мақұлық "Көк Бүркіттің қонақүйінде, ерекше құлақтандыру арқылы көрсетіледі деген сөздерді де қоса хабарландырмақ болды.

Қонақүйдің көлемі кемінде үш жүз шаршы фут келетін үлкен бөлмесінде тұрған столдың үстіне мені шығарып қойды. Асыраушым мені қорғау мақсатымен және маған жарлық беру үшін стол жанына орындық қойып, соған шығып тұрды. Қожайыным бөлмеге халықты топырлатпай, отыз адамнан ғана кіргізіп тұрды. Асыраушымның бұйрығы бойынша стол үстінде әрлі-берлі жүре

бастадым. Қыз маған бірнеше сұраулар берді. Оған қатты дауыспен жауап қайырдым, оның сұрайтын сөздері тек өзімнің оған қайыратын жауабымды күні бұрын жаттап алған едім. Жиналған халыққа құрмет көрсетіп бас иіп, олардың тағы да келулерін тілейтінімді білдіріп тағзым еттім. Рюмка орнына пайдаланарсың деп Глюмдальклич өзінің оймағын беріп қойған болатын, сол оймаққа толтыра құйған шарапты залдағы халықтың денсаулығы үшін деп көтере салдым. Англиядағы фехтования мұғалімдерінің үйреткені сияқты қанжарымды сермедім. Асыраушым маған сабанның бір тал сынығын әперді. Оны алып, өзімнің жігіт күнімде үйренген найза ойынының машығын жасадым. Бұл әурешілік мені әбден мезі қылды және өлердей шаршадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий