Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тамақ үстінде бәйбішенің жақсы көретін мысығы тізесіне қарғып шықты. Бұның артынша сырт жағымнан мотордың гүріліне ұқсаған күшті дауыс естілді. Жалт қарасам, әлгі мысық бәйбішенің тізесіне шығып алып, тамақ жеп отыр екен. Оны бәйбіше сипап қояды. Менің мотордың гүрілі дегенім сол мысықтың пырылдағаны екен. Мысықтың басы мен аяғына қарағанда біздің малданып жүрген өгізімізден үш есе ірі болар деп шамаладым. Мен мысықтан қашықта, столдың арғы басында едім. Дегенмен, мына мақұлықтың қаһарлы түрі мені абыржытайын деді. Мені бас сала ма деген қауіппен бәйбіше мысығын қысып ұстады. Бірақ менің абыржуым бекер болды. Қожайыным мені мысыққа жақындатып еді, мысық маған қараған да жоқ. Егер де жыртқыш аңға кездессең, одан қорқып қашқаннан гөрі, бассалмақ болып оны қорқыту немесе соңына тусу — әдістің ең дұрысы деген сөзді талай рет естігенім бар еді. Және саяхатта жүргенімде оны сынап та едім. Сондықтан абыржып қорыққанымды мысыққа сездірмеуге тырыстым. Мен ешқандай сескенбестен мысықтың мұрнының дәл жанына бес-алты рет барып қайттым. Мен жақындаған сайын мысық шегіне берді. Шамасы, мысық менен де гөрі қорқыңқыраған тәрізді. Осы арада үш-төрт ит үйге кіріп келді. Мен олардан онша қорқа қойғаным жоқ. Олардың біреуі пілден төрт есе үлкен қарапайым төбет, басқалары төбеттен биіктеу болғанымен сидаң келген тазы тұқымды иттер еді.

Тамақ ішіп бола бергенде үйге қолына бір жасар бала көтерген әйел келді. Бала мені көре сала жатып келіп бақырғаны. Шамасы, ол мені ойыншық десе керек, егер де ол Чельсияда болса оның дауысы Лондон көпірінен естілер еді. Бәйбішенің аналық мейірімі түсті білем, мені баланың алдына қойды. Бала шап беріп мықынымнан ұстап алып басымды аузына сала берді. Сол уақытта шыңғырып жібергенімде бала шошып кетіп, мені түсіріп жіберді. Шешесі алжапқышын тосып үлгермегенде, сөзсіз мүрдем кетіп, мойыным үзілетін еді. Әйел сылдырауық сылдыратып баланы алдарқата бастады. Сылдырауық ойыншық дегеніміз ішіне тас салдырған үлкендігі кішігірім кеспектей ыдыс болатын. Оны баланың белбеуіне арқанмен байлап қойыпты. Бала жұбанбайтын болған соң оны емізу керек болды.

Тамақтан кейін қожайын жұмысына жинала бастады. Ол кетерде әйеліне бірнеше сөздер айтты. Оның дауысы мен сөз ыңғайына қарағанда, мені ренжітпей жақсы күт деп әйеліне тапсырып тұрған болар деп шамаладым. Мен өте шаршаған едім, манаурай бастадым. Бәйбіше ұйқымның келгенін сезіп, мені өз төсегіне жатқызды да, бет орамалын үстіме жапты. Орамал біздің соғыс кемеміздің желкенінен үлкен, әрі қалыңырақ болатын. Ұйықтап қалыппын.

Түсімде өз үйімде, жанұямның арасында жүр екенмін. Екі сағат шамасы ұйықтап оянсам, үлкен бөлмеде, ені жиырма ярд шамасы төсектің үстінде жападан-жалғыз жатыр екенмін. Көрген түсім қайғыма қайғы қосты. Бәйбіше мені үйде жалғыз қалдырып өзі жұмысына кетіпті. Мен жатқан төсектің биіктігі шамасы сегіз ярд бар еді. Өз бетіммен төсектен түсе алатын емеспін. Жәрдемші шақыруды орынсыз көрдім. Шақырғаныммен ас үйде жүрген адамдарға менің әлсіз даусым естілмес те еді. Өйткені мен жатқан бөлме мен ас үйдің арасы бірсыпыра жер болатын. Не істерімді білмей қысылып тұрғанымда, екі егеуқұйрық өрмелеп төсекке шықты да, төсек үстінде әрлі-берлі жүгіріп жүріп, біреуі менің алдыма келді. Зәрем қалмады, қанжарымды суырып алып түрегелдім. Ол жауыздар маған екі жақтан шабуыл жасауға кірісті. Біреуі алдыңғы аяғымен жағама жармасқанда, бойыма дарытпай қанжарыммен оның ішін есіп жібердім. Екіншісінің жотасынан бір қойып келістіре жарақаттадым. Ол оңбаған артында қанды ізін қалдырып қаша жөнелді. Жауын жеңген кісіше масаттанып және қобалжыған жүрегімді басу үшін төсек үстінде әрлі-берлі жүре бастадым. Егеуқұйрықтың үлкендігі ірі төбеттей, бірақ иттен анағұрлым ыңғайлы, шапшаң, әрі өжет еді. Жатарда қанжарымды ағытып тастаған болсам, олар мені талағаны былай тұрсын, жеп те қоятын еді. Өлген егеуқұйрықты қолыммен ұстап төсектен түсіруге жеркендім. Одан әлі қан ағып жатыр, әбден өлмеген еді. Қанжарыммен шауып басын кесіп тастадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий