Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үйге қайтқан соң бала-шағамның жанында болғаны екі-ақ ай тұрдым. Өйткені шетелдерді аралап көруге ынтызар болған нысапсыз тілегім тыным таптырып, үйде отырғызбады.

Бала-шаға, үй-ішіммен жыласып-сықтасып қош айтысып, Сюратқа баратын Адвенчер атты үш жүз тонна жүк көтеретін сауда кемесіне мініп, жолға шықтым. Кеме капитаны ливерпульдік Джон Пиколес деген кісі еді. Бұл сапардағы әңгімені кітаптың екінші бөлімі етіп жазуға ұйғардым.

Гулливер алыптар елінде

Тыныштық-тынымы жоқ, арпалысқан өмірді тағдыр мен табиғаттың өзі әу баста-ақ маңдайыма жазып берген екен. Бірінші сапардан қайтқан соң екі айдан кейін, Даунстен Сюратқа баратын Адвенчер корабліне мініп 1702 жылдың 20 маусымы күні туып-өскен ел-жұртымды тастап, тағы да сапарға шықтым. Ол кемені Джон Николес деген капитан басқарған еді. Жел де ыңғайымыздан соқты. Мейірімді Үміт шығанағына жетіп, тұщы су қорын алу үшін зәкір тастадық. Кеменің жарығынан су кіре бастаған еді. Үстіндегі жүгін түсіріп, бізге дауылдың кешікпей қайыра соғатындығын ескертіп, қатты сұрапылға қарсы қам істеуге әмір етті. Айтқандай-ақ, келесі күні оңтүстіктен көтерілген желге ілесе атышулы муссон дауылы да киліге кетті.

Жел күшейген үстіне күшейе берді. Ауа райы барған сайын нашарлай түсті. Зеңбіректің байлауын тексеріп, бизанды түсірдік. Корабль ашық теңізде еді, дауылмен алыса беруден нәтиже шықпайтын болды, сондықтан ыққа қарай ыға беруді мақұл көрдік.

Азық-түлік жеткілікті, экипаж ауру-сырқаудан аман, кеменің сынып, бүлінген жері жоқ еді. Тек қана тынышымызды алған мәселе тұщы су қорының аздығы болды.

1703 жылдың 16 маусымы күні юнганың көзі жерді шалыпты. 17-сі күні аралға, былайша айтқанда, жерге жеттік. Ол арада жер барын біз білмейтін едік. Оның оңтүстік жағынан қойнау көрінді. Қойнауға жүз тоннадан астам жүк көтеретін кеме бара алатын емес, тайыз екен. Қойнаудан бір лиг шамасы жерге зәкір тастадық. Капитанымыз жақсы қаруланған он адамды жағаға жібермек болды. Олар тұщы су табыла ма деген үмітпен су құятын ыдыстар алды. Капитанға олармен бірге мені де жіберіңіз деп өтіндім. Ондағы мақсатым сол күнге шейін ешкім көрмеген жерді зерттеу еді.

Біз құрғақ жерге шығып, айналаға көз жібердік. Ағып жатқан өзен немесе бұлақ көрінбеді. Тіптен адам мекенінің белгісі де жоқ. Матростар теңіз жағалап бет-бетімен су іздеп кетті. Мен олардан бөлініп бір миль шамасы жер жүрдім. Ешқандай адам таңырқарлық зат кездеспеді. Айнала төңірек өсімдігі жоқ керіліп жатқан кең дала, биік-биік құз тас. f

Шаршаған соң келген жағыма қарай бұрылдым. Көк жиекке ұласып көк теңіз маған қойнын ашқан тәрізденді. Осы арада өзіммен бірге келген матростардың баркасқа мініп, бар күштерімен ескек есіп, кемеге. қарай зытып бара жатқанын көрдім. Оларға дауыстаудан да пайда шықпайтын болды. Оларды бір алып денелі адам қуып барады екен. Су оның тізесінен де келер емес, аяқ алысы сұмдық, бірақ ол адамнан баркас жарты лиг жер шамасы алыстап кетіпті. Судың асты құз тас, ойлы-қырлы болғандықтан алып адам, баркасқа жете алмады. Қуғынның ақыры немен тынарын күтуге дәтім шыдамады, адымдай басып қаша жөнелдім. Ентігіп-демігіп, айнала төңірек тегіс көрінерлік бір төбешікке жеттім. Маңайдағы жерлер өңделіп егіс

егіліпті. Әсіресе биіктігі жиырма фут шамасы келетін шалғын шөптері мені өте таңырқатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий