Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олардың оғы жетпестей жерге барып, бетім мен қолыма қадалған жебелерді суырып тастап, жарасына май жақтым, көзәйнегімді алып қалтама салдым. ( ол жерде тасқынның қайтуын күтіп бір сағаттай аялдауыма тура келді. Су қайтысымен кемелерді сүйреп, жалдаған бетімде бұғаздың орта шенінен астым да, аман-есен Лиллипутияның мемлекеттік портына жеттім.

ІІатшаның өзі және бүкіл сарай қауымы болып жиын құрып, осы ұлы жорықтың нәтижесін күтіп теңіз жағасында тұр екен. Олар алдымен жаңа туған ай сияқтанып иіліп келе жатқан кемелерді көріпті. Ол уақытта су қолтығымнан келгендіктен мен көрінбеппін. Мен бұғаздың орта шеніне жеткенде, олардың қорқынышы ұлғая түсіпті. Ол уақытта су менің тамағымнан келген еді. Патша мені суға батып өліп, жау шабуыл жасағалы келе жатыр екен деп үрейленіпті. Бірақ оның қорқынышы көп кешікпей

бекергe шығыпты. Мен ілгері аттаған сайын су таяздап, бірден-бірге денем көріне беріпті. Ақыр аяғы дауыс жетерлік жерге келдім. Сол мезетте, қолымдағы кемелерді қосақтаған арқанның түйінін жоғары көтеріп: Лиллипутияның құдіретті патшасы жасасын, деп айқайладым. Мен жағаға шыққан соң ұлы патша алуан түрлі мақтау сөздерді жаңбырша жаудырып, сол жерде-ақ мемлекеттегі ең жоғары нардак деген атақ берді.

Патшалардың атаққұмарларында нысап болған ба? Дұшпанның гаванында қалған теңіз күштерін де жиып-теріп өз гаванына алдырғысы келді. Шамасы, оның ендігі арман ететін нәрсесі — бүкіл Блефуску 111 шалығын жаулап алып, өзінің отарына айналдыру. Ол елді өзінің вице-королі арқылы басқарып, өз әмірін жүргізу және ондағы қашып жүрген домалақ бастарды қырғынға ұшыратып, бүкіл блефускуандықтарды жұмыртқаның сүйір басынан жаруға мәжбүр ету. Сөйтіп, бүкіл әлемге әмірін жүргізу болса керек. Мен патшаны бұл ниеттен қалай да айнытуға тырыстым. Оның бүл ниетінің саяси жағынан да, әділеттік жағынан да дұрыстыққа жатпайтын ниет екендігіне толып жатқан мысалдар келтірдім. Сөзімді қорыта келіп, еркін өмір сүрген әр халықты құлдыққа айналдыратын құрал болуға аяғымды аттап баспайтындығымды айттым. Бұл мәселе мемлекеттік кеңес мәжілісінде қаралған уақытта, нағыз данышпан министрлер мен жаққа шығыпты.

Менің ашық айтқан батыл сөздерім патшаның саяси жоспарына қайшы келгендігі сонша, қайтып оның маған көңілі жібуден қалған еді. Анық ақылды деген адамдар өздерінің менімен ниеттес екендігін ашып айтпаса да, астыртын сездіріп, ал қайсыбір жасырын жауларымның жанамалап, іштен шалған

сөздерден іркілмеген осынау кеңес үстінде патшаға өз ойларын асқан айлакерлікпен, ерінің емеурінімен танытыпты. Бұл әңгіменің бәрін мен кейінірек естідім. Сол уақыттан бастап, патшаның өзі де, пышағын іштен буынып жүрген министрлер де маған дұшпандық әрекеттерін үдете бастады. Соның әлегінен арада екі ай мезгіл өтпей жатып, мерт болудан аз-ақ аман қалдым. Сөйтіп, егер де таразы табағының бір басына патшалардың баққұмар ындынын әлпештеуден бастартқан байлауыңды қойып, екінші басына оларға істеген қыруар еңбегіңді сыналап салғанмен, таразыны ауытқытуға дәрменің келмейді екен.

Жоғарыда айтылған ұлы жеңістен кейін арада үш апта уақыт өткен соң бітім сұрап, Блефуску патшасының салтанатты елшілері келді. Кешікпей-ақ біздің патшаға өте тиімді бітім шартына қол қойылды. Елшілік, қасына еріп келген бес жүздей нөкері бар, алты адамнан құралған еді. Елшіліктің сән-салтанаты патшалыққа лайық және шешілетін мәселенің маңызына сәйкес екендігі көрініп тұрды. Екі арада басталған келіссөз аяқталуға жақындады, сол уақытта өзімнің сарайда жүрген ықпалымның арқасында бітім шарты жөнінде елшілікке бірсыпыра пайдам тиді? Олар менің ерлігім мен адал-ниетті адам екенімді айтып, өз патшасының атынан мені қонаққа шақырды.

Елшіліктің тілегін қанағаттандырып, өз отаныма қайтардың алдында Блефуску патшалығына барып, ұлы мәртебелі тақсырмен сәлемдесіп қайтуға уәде еттім, осы сөзімді патшаға айнытпай жеткізулерін өтіндім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий