Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Патша сарайы қаланың қақ ортасына, екі үлкен көшенің түйіскен тұсына салыныпты. Сарайды айнала соғылған қорған бар. Ұлы мәртебелі тақсырдан рұқсат алып, қорғаннан аттап ішке кірдім, сарай қорғаннан жиырма фут қашықта екен. Бұл жағдай айнала жүріп сарайды көруіме мүмкіндік берді. Сарайдың өзі шаршылап салыныпты. Оның ішінде патшаның өзі мен жанұясы тұратын тағы да екі сарай бар екен. Бұл сарайды көруге көңілім соншалықты ауып еді, бірақ ол ойым іске аспады. Өйткені бірінші сарай мен екінші сарайдың арасындағы үлкен қақпаның биіктігі он сегіз де, ені жеті-ақ дюйм екен. Сыртқы сарайды тастан қиып салыпты. Дегенмен, құрылысқа зиян тигізбей сарайдан аттап ішке түсе алмайтын болдым. Өзінің салтанатты сарайын маған көрсетуге патша да құштар болып еді, бірақ екеуміздің тілегіміз үш күннен кейін, тек менің жүргізген дайындық жұмысым аяқталған соң ғана орындалатын болды. Қаладан жүз ярд жерде патша бағы бар еді, сонда барып ең ірі деген ағаштардың бірнешеуін бәкіммен кесіп алдым да, өзімді көтерерліктей нық екі орындық жасадым. Менің қалаға кіретіндігім екінші рет халыққа құлақтандырылғаннан кейін екі орындығымды көтеріп сарайға келдім. Сарайдың сыртқы жағынан келіп орындықтың біреуін жерге қойып үстіне шықтым. Екі сарайдың арасы сегіз фут келетін алаң екен, бұл жерге орындықтың екіншісін қойдым.

Содан кейін сарайдан аттап ішке қойған орындыққа шықтым да, сыртта қалған орындықты басына ырғақ қадаған ұзын таяқпен іліп алдым. Сөйтіп, осындай айламен ішкі сарайға жеттім. Онда барған соң жерге қырымнан жатып сарайдың орта қабатындағы әдейі ашып қойған терезеге бетімді тақадым. Сөйтіп, көркем сарайдың ішкі сән-салтанатын көруге мүмкіндік алдым. Онда жанында жағалай қоршаған нөкерлері бар, патшаның ханымы, ханшасы және ханзадасы отыр екен. Ханым елжірей қарап езу тартты да, терезеден маған сүйріктей қолын созды, мен оны сүйіп алдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий