Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бізде тарихи уақиғалар жазылатын шежіре бар. Онда өткен алты мың айдың ішінде болған уақиғалар жазылған. Бірақ осы екі ұлы мемлекеттен басқа (Лиллипутия мен Блефуску) ешқандай мемлекет бар деген жазу жоқ. Сөйтіп, осы екі қуатты мемлекеттің арасында қиян-кескі соғыстың басталғанына отыз алты ай болды. Бұл соғыстың басталуына мынадай себеп болыпты: піскен жұмыртқаны домалақ басынан жарып жеу атамзаманнан келе жатқан әдіс. Бұл әдісті жұрттың бәрі жақтайды. Осы күнгі патшаның әкесі жас күнінде піскен жұмыртқаны домалақ басынан жарғанында, жұмыртқаның қабығы баланың бармағын кесіп жаралап кетіпті. Баланың әкесі патша, менің қарауымдағы адамдар бұдан былай піскен жұмыртқаны сүйір басынан жаратын болсын, бұл әмірді бұзушылар қатаң жазаға тартылсын, деп жарлық шығарыпты. Біздің шежіреміздегі жазуға қарағанда ол жарлық халықты әбден ашындырған көрінеді. Ызаланған халық алты рет көтеріліс жасапты. Осы уақыттың ішінде бір патшаның басы жойылып, бір патша тәжінен айрылыпты. Блефуску патшалары көтерілісті ұдайы ушықтырып отырыпты. Көтеріліс басылған соң қуғынға ұшыраған көтеріліс басшылары Блефуску патшалығына барып паналапты. Сол уақыттан бері жұмыртқаның сүйір басынан жарып жесін деген жарлыққа бағынбай, өлім жазасына іліккендердің саны он бір мыңға жетіпті. Бұл мәселе жөнінде жүздеген томдар жазылды, бірақ домалақ бас қағидасын жақтап басылған кітаптардың таралуына тыйым салынғалы көп уақыт болды, бүкіл партияның мемлекеттік қызметтен орын алу хақынан заң бойынша айрылды.

Осы бүліншілік басталғаннан бері Блефуску патшалары өзінің елшілері арқылы бізге жиі-жиі ескертулер жолдап тұрды. Олар біздің шіркеуді бытыратты. Бундекральдың (олардың Алькораны) елу төртінші тарауында жазылған біздің пайғамбарымыз Люстрогтың негізгі парызын бұзды деп айыптады. Бұл арада негізгі парызды әркімнің әртүрлі түсінгендігін көреміз, онда былай деп жазылған: Дінге шын ықласымен сенуші барлық адамдар жұмыртқаның қай басы өзіне қолайлы болса, сол басынан жарады. Менің пікірімше, жұмыртқаны қай басынан жаруды әркімнің өз билігіне беру керек, я болмаса мемлекеттік жоғарғы соттың шешуіне берсе де болар еді. Қуғынға ұшыраған домалақ бастар Блефуску патшасының сарайына ықпалын жүргізді және біздің мемлекеттегі домалақ бастар өздерінің пікірлестерін қолдап, дәріптеп отырды. Осының нәтижесінде екі мемлекеттің арасындағы қанды қырғын соғыс отыз алты айға созылып, кезек жығысумен келеміз. Осы уақыттың ішінде біздер қырық соғыс кемесі, әлденеше ұсақ кеме және отыз мыңдай таңдаулы теңізшілеріміз бен солдаттарымыздан айрылдық. Ал дұшпанның шығыны одан да басым деп шамалаймыз. Бірақ олар сонша көп шығынға қарамастан, қазірде жаңадан флот құрып, біздің жерге десант түсіруге дайындалып жатыр. Біздің ұлы мәртебелі патшамыз сіздің ерлігіңіз бен күшіңізге сенгендіктен, сізге өз мемлекетінің ішкі және сыртқы жағдайын түсіндіруді маған тапсырған себебі осы.

Ұлы мәртебелі тақсырға сәлем айтыңыз, дедім мен хатшыға. Шетел адамы болғандықтан жергілікті партиялардың жанжалына қатысуымның жөні жоқ еді, бірақ ұлы мәртебелі тақсырды және оның мемлекетін сырттан келген шапқыншылықтың қандайынан болса да жан аямай қорғауға дайынмын. Oсы жайды ұлы мәртебелі тақсырға жеткізуіңізді өтінем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий