Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бостандық алғаннан кейін екі жұма уақыт өткен соң, бір күні таңертең менің үйіме жанына бір қызметшісін ертіп құпия істің бас хатшысы Рельдресель келді. Ол атқосшысына күте түр деді де, менің жаныма келіп, уақыт бөліп сөз тыңдауымды өтінді. Мен оның ұсынысын өте ризалықпен қарсы алдым. Өйткені мен оның игі жақсы адам екеніне және сарайда өзім туралы мәселе қаралғанда мені жақтап сөз сөйлегеніне қанық едім. Оның сөздерін анығырақ есту үшін жатып тыңдайын деп едім, ол әңгімесін менің алақанымда тұрып айтқысы келді. Сіздің бостандыққа шығуыңызбен құттықтаймын, деп бастады ол әңгімесін. Бұл жөнінде оның да бірсыпыра еңбек сіңіргені көрініп тұрды. Шынын айту керек қой, деді ол, біздің мемлекет ісінің қазіргі кезеңдегі жағдайы арқасында ғана сіз оп-оңай бостандық алдыңыз. Біздің елдің жалпы жағдайы шетел адамдарына қанша тамаша көрінгенімен мемлекет жүйесінде аса қауіпті екі алуан жара бар: оның біреуі — партия ішіндегі алауыздық талас, екіншісі - күш-қуаты мол сыртқы дұшпанның біздің мемлекетке шабуыл жасау қаупі. Сізге бірінші жараның жайын түсіндірейін: шамасы бұдан жетпіс ай бұрын осы мемлекетте тремексен және слемексен деп аталған біріне-бірі қас екі партия пайда болыпты. Екі партияның бірінен-бірінің айырмасы, тремексен партиясындағылардың өкшесі биік болады да, слемексен партиясындағылардың өкшесі аласа болады. Биік өкшелілер біздің мемлекетіміздің ертедегі құрылысына бейімірек дегенді айтады көпшілік. Ал біздің ұлы мәртебелі тақсыр, тәж иесі белгілеген қызмет атқарушы адамдар мен бүкіл әкімшілік аласа өкшелілер қолында болуы керек деп ұйғарады. Бұл жағдайды өзіңіз де сезген боларсыз. Сарай адамдарының өкшелеріне қарағанда ұлы мәртебелі тақсырдың өкшесі бір дрерр (дрерр дюймнің он төрт бөлімінің бірі) аласа екенін де байқаған шығарсыз. Ол екі партияның біріне-бірінің өштескендігі сонша, бір партияның мүшесі екінші партияның мүшесімен бірге отырып ас ішпейтін болған, тіпті сөйлеспейтін халге жеткен. Тремексендер, яғни биік өкшелілері сан жағына келгенде бізден басымырақ, бірақ мемлекетті басқарушы үкімет түп-түгел біздің қолымызда. Ал енді осы күнгі патшамыздың мұрагері — ханзада биік өкшелілер жағына бейім бе деп қауіптенеміз. Оны дәлелдеу оншалықты қиын емес, оның бір өкшесі екінші өкшесінен биіктеу, соның салдарынан ол аяғын сылтып басады. Міне, осы ішкі араздықтың салдарынан әлемге әйгілі біздің ұлы мемлекетімізге көршілес аралдағы Блефуску патшалығының шабуыл жасау қаупі төніп түр. Сіз, дүниеде әлденеше мемлекет бар, онда өзіңіз сияқты алып адамдар өмір сүреді дейсіз, бірақ сіздің бұл сөзіңізге біздің философтарымыз сеніңкіремейді. Сізді айдан емес, жұлдыздардың біреуінен түсті десе, олар оп-оңай-ақ сене қояр еді. Сіз сияқты алып денелі адамдардың бір жүзі біздің мемлекеттің бүкіл малы мен өсімдіктерін аз уақыттың ішінде жылан жалағандай жалмап қоятыны сөзсіз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий