Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Фермер ақыл-есі бар жәндікпен істес болғанына аздап түсіне бастады. Ол менімен жиі-жиі сөйлесе берді. Оның сөздері ашық болғанымен дауысы су диірменіндей дүрілдейтін еді. Мен оған бар даусыммен айқайлап әртүрлі тілдерде жауап қайырдым. Ол еңкейіп құлағын маған жақындатып тұрды. Не пайда, біріміздің тілімізге біріміз түсінбедік, еңбегіміз зая кетті. Ақырында, фермер жұмыскерлерін жұмысқа қосты да, өзі жүрелеп отырып қалтасынан бет орамалын алып, екіге бүктеп алақанына төсеп қолын жерге салды да, маған алақанға шық деп ымдады. Алақанға шығу маған оншалық қиын болмады. Өйткені алақанның қалыңдығы бір футтан аспайтын еді. Мен оның айтқанына көнуім ақыл болар деп ойладым, алақандағы жаюлы орамалға шықсам, құлап кетермін деп қауіптеніп, етпетімнен жаттым. Фермер мені көрпеге орағандай етіп орап алды да, үйіне апарып әйеліне көрсетті. Әйелі мені көргенде, көлбақа немесе өрмекші көрген ағылшын әйелдерінше баж етіп кейін шегінді. Бірақ менің сыпайы мінезім мен толық бағынғандық пішінім және ерінің түсіндіруі әйелді оп-оңай тыныштандырды. Ол маған бойы үйреніп, жылы шыраймен қарай бастады.

Түс болып тамақтанатын мезгіл жетті, қызметші әйел ішіне бір кесек сиыр етін салған аумағы жиырма төрт фут келетін үлкен табақты стол үстіне әкеп қойды. Столдың биіктігі отыз фут келеді екен. Фермердің өзі, әйелі, үш баласы және кемпір шешесі тамаққа отырды. Фермер мені стол үстіне өзінің жанына отырғызды. Құлап кетем бе деп қауіптеніп, столдың шетінен жылжып әрірек отырдым. Бәйбіше алдыма бір кесек ет кесіп, бір үзім нан қойды. Мен бәйбішеге тағзым етіп, қалтамнан пышағым мен шанышқымды алып, тамақ жеуге кірістім. Менің бұл ісіме үй ішіндегілер сүйсіне қарасты. Бәйбіше екі галлон сыярлық ликер рюмкасын алдырып, оған біртүрлі ішімдік құйды да маған ұсынды. Рюмканы екі қолыммен көтеріп бәйбішенің денсаулығына арнап көтере салдым. Менің бұл ісім оларды күлкіге батырды, қарқылдаған күлкілері құлағымды жарып кете жаздады. Ішімдік әлсіз шарап сияқты, дәмді әрі ішуге сүйкімді еді. Қожайын мені өз жағына шақырды, келе жатып стол үстінде жатқан нанның қабығына сүрініп етпетімнен түстім, бірақ еш жерім ауырған жоқ. Менің жығылғаныма отырған адамдардың абыржығандарын байқадым. Жалма-жан орнымнан тұрдым да, қалпағымды бұлғап, үш рет ура деп айқай салдым. Қожайынға жақындай бергенімде (бұдан былай фермерді қожайын деп атаймын) оның жанында отырған үш жасар тентек ұлы шап беріп аяғымнан ұстап алып, жоғары көтергенде, жаным көзіме көрінді. Әкесі баланың қолынан мені жұлып алып, оны шапалақпен тартып-тартып жіберді де, столдан айдап шықты. Сол уақыттағы балаға тиген шапалақтың даусын менен басқа біреу естісе, бір эскадрон еуропалық солдат аттарынан түсіп жатыр екен дер еді. Осы арада біздің балалардың торғайды, мысық пен күшікті қалай әурелейтіні есіме түсті. Менің кесірімнен шапалақ жегені үшін кек сақтап қастандық істей ме деп баладан қауіптене бастадым. Оны кешіруін өтінгенімді білдірмек болып, баланы қолыммен көрсетіп қожайынның аяғына жығылдым. Әкесінің ашуы тарап, жұмсарайын деді. Бала келіп орнына отырды. Мен оның жанына барып қолынан сүйдім, әкесі езу тартып күлді де, баланың қолымен жайлап қана арқамнан сипады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий