Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан соң көп уақыт өтпей-ақ бәйбіше де келді. Ол менің үстімдегі қанды көріп, дереу мені қолына көтеріп алды. Мен күлімсіреп, өліп жатқан егеуқұйрықты көрсеттім де, өзімнің жарақаттан аман екенімді ымдап түсіндіре бастадым. Менің мұныма бәйбіше аса сүйсінді. Ол қызметші әйелді шақырып алып, егеуқұйрықты қысқашпен терезеден тысқа шығарып таста деп бұйырды да, мені стол үстіне қойды. Мен оған қан болған қанжарымды көрсетіп, қанын шапанымның етегіне сүртіп, қынына қайта салдым.

Бәйбішенің тоғыз жасар қызы бар екен. Ол қыз жасына қарағанда өте зерек әрі ақылды, іске шебер бала еді. Ол қуыршақтарына көйлек тігіп, әп-әдемі ғып киіндіріп қоятын. Қыз маған қуыршақ бесігінен төсек дайындады, оған шешесі де жәрдемдесті. Бесікті кішкене жәшікке салып, жәшікті төбеге ілген текшенің үстіне шығарып қойды. Жоғары қойғандағы ойы, мені егеуқұйрықтан қорғау болатын. Өз керегіңді сұрап аларлық дәрежеде олардың тілін үйренгенше, менің жатып ұйықтайтын төсек-орнымның түрі осындай болды. Ол қыз өте зейінді еді. Киініп, шешінгенімді бір-екі рет көрген соң-ақ, мені өзі киіндіріп, шешіндіретін болды. Бірақ мен оның еңбегін пайдаланбадым, киініп, шешіну сияқты жұмыстарды өзім істейтінмін. Ол қыз, өз еліндегі ең жұқа деген маталардан маған жеті дана көйлек және іш киімдер тігіп берді. Асырмай айтқанда, ол маталар біздің шекпеннен жұқа емес еді, менің кірімді қыздың өзі жуып беретін. Ол маған өз тілдерін үйретіп, әрі мұғалімім болды. Мен бір затты нұсқап көрсетсем, қыз оның атын атайтын, сөйтіп, бірнеше күннің ішінде өз керегімді сұрап аларлық дәрежеде тіл

үйреніп алдым. Ол қыз жасына қарағанда онша бойшаң емес (бойының биіктігі қырық фут), ерекше мінезді бала еді. Ол маған Грилъдриг (адамсымақ) деп ат қойды. Мен ол корольдікте жүргенімде осылай атанып кеттім. Осы қыздың қамқорлығы арқасында еш жерім майып болмай аман қалдым, соның үшін мен қызға үлкен борыштымын да. Мен оны Глюмдалъклич, яғни асыраушым деп атайтын болдым.

Мен бұл елге келген соң көп кешікпей қожайынымның көршілері арасында мынадай лақап таралды. Фермер eгic даласынан ірілігі бармақтай ғана ғажап аң тауып алыпты, оның түрі дәл адам сияқты дейді. Ол аң адам істеген істің бәрін де істейді, тілі біртүрлі екен. Тіпті жергілікті тілден бірнеше сөздер де үйреніп алыпты. Адам сияқты тік тұрып, екі аяғымен жүреді екен. Өзі қолға үйренген, адамға үйір дейді, шақырғанға келіп, істе дегеннің бәрін де істейтін көрінеді. Дене құрылысы өте нәзік, бет ажары дворяндардың үш жасар қызының бетінен де ағырақ дейді.

Қожайынымның көршілес бір дос фермері осы лақапты естіп, оның қаншалықты шын екенін анықтағалы келіпті. Сол сағатында қожайыным мені стол үстіне шығарып қойды. Мен қожайынымның командасына қарай әрлі-берлі жүріп, қанжарымды қынабынан суырып алып, қайта салдым. Қожайынымның қонағына тағзым етіп, жергілікті тілде: "жайыңыз қалай, сізді көргеніме өте қуаныштымын", — дедім. Бұл сөздерді маған асыраушым үйреткен болатын. Қонақ фермер жасы жеткен адам еді. Көзі нашар көретін болса керек, ол көзәйнегін киіп маған үңілгенде, еріксіз күліп жібердім. Өйткені оның көзәйнек арқылы қараған екі көзі, қос терезеден үй ішіне үңілген толық ай сияқты болып көрінді. Менің неге күлгеніме түсініп, үйдегілер де қыран-топан күлкіге батты. Шал ақымақтау болса керек, біздің күлкімізге шамданып қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий