Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путь Абая» - известный во всем мире роман-эпопея М. Ауэзова, который поднял казахскую художественную литературу и принес в мировую литературу эстетический вкус и энергию. Автор рассказал о народе Казахстана и его традициях. Абай – человек, обладающий творческими и деятельными качествами с индивидуальностью в искусстве речи. Роман высоко ценят многие зарубежные писатели, среди них Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип.

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ал сөздерiң бiттi. Ендi ас-суларыңды ана қонақ үйге барып iшiңдер! – деп, өзi домбыра ұстаған бойында кiтаптағы Татьяна-хатына қайта үңiлдi.

Сәрсеке мен Тұрсын орындарынан тұрды. Басында үйге келгенде Сәрсекенi жоғары отырғызып, өзi босаға жақта отырған Тұрсын қазiрде де шет ел адамы деп, жоқшыларды алдымен шығарып, өзi артынан кеттi.

Бiрақ қонақ үйге қарай беттегенде, бұлар бiр ұзынша қараңғы даланмен жүрiп өту керек едi. Сонда келе жатқанда Тұрсын, үн шығармастан аузын керiп тұрып, сылқ-сылқ күлiп алды. Үндемей, ұзақ күле бiлетiн әдетi бар-ды. Өзiне өзi қатты сүйсiнген кезiнiң бiрi болды.

Шынында ол бұл жолы үлкен артистiк iстеп шықты.

Күздiгүнi алысқа аттануға ерiнiп, көршi отырған Қанайдан үш жылқыны әкеп сойып алғанда, осы Сәрсекелер қуып жүрiп, Абайдың алдына алып келген. Сонда қағу үстiнде бұл бiр байлау жасап едi. Абай: "алдың ба, шыныңды айт, өлдiм!" деген. Талайдағы ұрыдан Абайдың, оп-оңай шынын айтқан ұры көргенi осы болатын. Сол арада:

– Ұрыдан менiң алатын парам – шындығы, – деген.

Тұрсын iшiне бiр нәрсенi түйiп келiптi. Екi ай уақыт өткiзiп жiберiп Сәрсекеден бiр-ақ күн iшiнде барып, бес жылқы әкеп жайластырып алған болатын. Бұл жолғы ұрлығын маңайдағы жанға сездiрмеген.

Және әдейi бiр қатты боран боп тұрған түнде барып iз-тоз қалдырмайтын кезде қағып кеткен. Сәрсекенiң ендiгiсi, құр сезiк болмаса, iзi де, айғағы да жоқ дау болған. Осындай жайларды ойлап, Тұрсын Абай алдына бұл жолы келерде: "ендi өлсем де танып өлем!" деп тас түйiн бекiнiп келген. Сол есебi дегенiне жетiп. Сәрсекенi де Абайды да қабат алдап шыққанына күлдi Тұрсын.

Бұл қонақтар кетiсiмен, Абай Татьяна әнiн қайта iздедi:

Амал жоқ, қайттім білдірмей...

Домбыраға ыңырана қосып көрiп едi, бағанағы ән әлi де жоқ, мүлде ұмытылған. Сөйткенше қарсы үйден шыққан бiрталай кiсi тағы үстiне кiрдi.

Бұлар Кiшкене-молда, бағанағы Мұхаметжан екен. Және осылардың алдында тоғызқұмалақтың ағашын бiр қолына ұстап, терi дорбашадағы тастарын бiр қолына алған Көрпебай кiрiп келе жатты.

Келгенiне үш-төрт күн болса да, Көрпебай Абайға тоғыз-құмалақтан әлi жөндеп ұтқызған жоқ. Соңғы күндердiң бiр қатты бәсекесi боп алған ойын бар. Кейде таңертеңгi шайдан түстiкке шейiн ойнағанда, бiр ойынды тауыса алмай айрылысатын. Кеше кеш бойы Абай кiтап пен жазу үстiнде болды да, ойын үзiлiп қалған. Ендi Көрпебай "тоғызқұмалақ" ағашын алып кiргенде, Абай: "тағы алаң кiрдi, қоя тұрайын" деп, Пушкин томының беттерiн жауып қойды. Көрпебайға:

– Құр, кешегiңнiң есесi ендi қайтпаса, сен ағалап тұрсың! – дедi.

Сары сүйектен iстелген жылтыр, жұмыр "құмалақтар" ұядан ұяға тоғыз-тоғыздан сырт-сырт түсiп жатты. Абайдың ұяларын да Көрпебай толтырып жатыр. Мұның қолы, ағаш үстiнен жүргенде, лыпыл қағып, қалқып жүрген сияқтанады. Ұяларға санап түсiрiп жатқан тастарды қандай қозғалыспен бөгелместен, дәл түсiрiп жатқанын байқау қиын.

Абайдың кейбiр қыстарда, үйде отырып қалғанда, әдейi шақыртып алып, жиырма күн, бiр айдай табан аудармай ойнап қалатын кiсiлерiнiң бiрi Мақыштың Смағұлы, не Марқабай болса, тағы бiрi осы Көрпебай. Iшiнде Абай бар, осы үш-төрт ойыншы бұл атраптағы басқа ойыншылардан озып, ағалап шыққан және өзара бәсекесi күштi ойыншылар.

Абай мен Көрпебай ойынға кiрiстi. Басында үш-төрт кезекте машықты бастаулар бойынша екi жағы да тез-тез жүрiп барып, екi-екi ұядан тас алысты. Әлi тұздық алысып, берiскендерi болған жоқ.

Қазiрде бұл ойынға Мұхаметжан, Кiшкене-молда, Баймағамбет те қадала қарап отыр. Мұхаметжан бағана қарсы үйге барған бетiнде, Абайдың өзi жазған қағаздан Татьяна хатын түгел көшiрiп бiр алып, артынан Кiшкене-молдамен салыстырып, бiрге оқып шыққан-ды. Молда бұл өлеңдi көшiрумен бiрге, жаттап та алған екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий