Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путь Абая» - известный во всем мире роман-эпопея М. Ауэзова, который поднял казахскую художественную литературу и принес в мировую литературу эстетический вкус и энергию. Автор рассказал о народе Казахстана и его традициях. Абай – человек, обладающий творческими и деятельными качествами с индивидуальностью в искусстве речи. Роман высоко ценят многие зарубежные писатели, среди них Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип.

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Татьянаның сөзiне құмартқан Мұхаметжанның қазiргi есi-дертi – жаңағы әндi қайта есту. Бiрақ Абай құмалаққа қадалған бетiнде, ойын аңғары ашылғанша, басқа нәрсенi ойға алатын емес. Сонымен жас әншi қалтасындағы қағазды алып, аузы күбiрлеп қайта оқып, басқа жолдарын iштен жаттап отырды.

Жат үн, жат тiлдi Татьяна бұрын бұлардың Абайдан да естiп көрмеген зарымен шерленедi.

– Соны сөз деген осындай-ақ болат та! – деп қалады. Абай әлi де үн қатпай, Татьянасын ұмытқандай боп, Көрпебаймен аңдысуда отыр. Мұхаметжан алғашқы екi ауыз өлеңдi жаттап та алды.

Ендi құмалаққа қарай түсiп, домбыраны қолға алып, ақырындап тартып iшiнен "Амал-жоқ-қайттымды" өзi бiлген әнге қосып көрiп едi. Әзiрге ол әндерге қосылмай жатыр. Өзiнiң атақты әнi "Ақ-қайыңға" салып көрдi, "Топай-көкпен де жағалатты. Созылмайды, көнбейдi. Баймағамбет мұның ненi iздеп отырғанын ана үйде-ақ естiп келген. Ендi Абайды осылай аударып көрем бе деп жағалатып, Мұхаметжанға:

– Немене, Татьяна "Ақ-қайыңды" бiлгiсi келмей ме, қалай? – дедi.

– "Ақ-қайың" ғана емес, тiптi бiз бiлген әнге жуысайын деп тұрған Татьяна көрген емен.

– Бәйiт, терме сияқты келте, шолақ әнге тез келе ме дейiм! – деп, Баймағамбет Абайға тағы қарап қойды.

Абай бұлар сөзiне ендi ғана көңiл бөле бастап:

– Солай деймiсiңдер! Татьяна болса, ол "Ақбала да болмас: Бағдат, Мысырдан, бәйiт те тiлемес! – деп бiр қойды да, көңiлденiп, көтерiлiңкiреп алып, бiр рет көшiп кеткенде соңғы тасы тарс берiп Көрпебайдың орта ұясының бiрiне түсе қалды. Сүйткенде Абай мәз болып, мол денесi селкiлдеп қатты күле жөнелдi. Көрпебай сасып, қабағын түйiп, томсарып қалды.

Құмалаққа қарап, отырған Кiшкене-молда:

– Хәйiр, тұздық бихисап жақсы тұзлық болды... – деп, Абаймен қоса күлдi. Көп есептiң соңында дәл осы жерде Абай кеп "бел басардан" тұздық алған.

Алғашқыдай емес, қасында отырған жiгiттердiң ненi тiлеп отырғанын Абай ендi аңғара түсiп:

– Баймағамбет-ау, Татьянаның бағанағы салған әнiн ендi қайта айтпай отырғанын көрдiң бе, – деп Мұхаметжанның домбырасына қол созды. Мұхаметжан домбыраны ұсынып, тiзесiнде жатқан қағазына үңiлдi.

Абай бұл жолы тартып жөнелгенде, таңертеңгi ән қаз қалпында қайтадан шапшаң ғана орала кеттi.

– Жоқ, ендi айтқысы келген екен! – деп, сүйсiне күле түсiп, – былай дептi ғой! – дедi де, үн қосты. Өз аудармасының екi аузын айтып өттi. Сол екiншi өлеңi бiте бергенде, түкпiр үйден келе жатқан Әйгерiм көрiндi. Ол Абайды таңдана тыңдай кеп, қасына отыра бердi.

Мұхаметжан екiншi ауыздың тұсында iшiнен Абайға қосылып байқады. Дәл осы кезде, өзiнiң бiр мол байын жағалай көшiп келе жатқан Көрпебай, Абайдың артқы ұяларын жағалап, сытырлата тас тастап кеп, дәл "көкмойыннан" тұздық алып қона түскенi.

Абай:

– Өй, мынау неғып кеттi!? – деп домбыраны Мұхаметжанға бере сап, қайтадан құмалаққа үңiлiп қалды. Мұхаметжан Әйгерiмге қарай жамбастай берiп, сыбырлаңқырап:

– Қап, мына бiреу, бiр жапырақ болған неменiң қылып кеткенiн-ай! – деп, Көрпебайға қатты наразы бола қарады. Әйгерiм:

– О не, шырақ? Не iстедi өзi? – деп құмалаққа үңiлдi.

– Абай ағамның мына бiр жаңа әнiн үйренiп кетейiн деп, әдейi жолымнан бөгелiп отыр ем! "Көкмойыннан" тұздық алдырған кiсi ендi бiзге неғып оралсын! – деп, күбiрлей сөйлеп, күйзелiп отыр. Баймағамбет те өкiнiп, басын шайқады. Әйгерiм Мұхаметжанға бұрыла қарады да:

– Кәнi ол қандай ән екен? Талайдан үнiңдi естiгемiз жоқ, түстiк жеп аттанарсың, өз ұққаныңды айтып бершi! – дедi.

– Ойбай-ау! Өзiм де бiр-ақ естiп ұстай алмай, "дәт" деп қап отырғам жоқ па, жеңеше-ау, – деп Мұхаметжан домбыраға жаңағы әннiң бас қайырмасын тыңқылдатып көрдi. Келмей жатыр. Абай бұл кезде өз кезегiн жүрiп, сәл босап отыр едi.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий