Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путь Абая» - известный во всем мире роман-эпопея М. Ауэзова, который поднял казахскую художественную литературу и принес в мировую литературу эстетический вкус и энергию. Автор рассказал о народе Казахстана и его традициях. Абай – человек, обладающий творческими и деятельными качествами с индивидуальностью в искусстве речи. Роман высоко ценят многие зарубежные писатели, среди них Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип.

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қазiр сол саз есiне де, домбырасының шегiне де тап түсiп, орала кеттi. Тағы да тарта отырып, ақырын үн салып, күңiренiп көрiп едi, келген екен:

Амал жоқ, қайттім білдірмей,

Япырм-ау, қайтіп айтамын? –

деген екi жол, Татьяна сырының басы iркiлiп тұрып, шешiле бастаған сияқты. Тағы да, тағы да. Бiресе шынтақтап жантайып, бiресе тез қозғалып, құшырлана, малдасын құрып ап, арлы-берлi тебiренедi. Қос iшек бiрде баяу басса, бiресе шұғыл, қатаң үндерге ауысып, асып қайтып отыр. Соңғы екi жол қымбатқа түстi. Бiрақ о да оралды. Татьяна хатының үш аузын мүдiртпей айтып өттi. Қуанып отырып, насыбайын алып тастап, лезде тағы атты. Ендi бiрде қатты, бiрде баяу тартады, ұмытылмайтын сияқты. Бiр сәтте артына қарай, барлық мол денесiмен шұғыл айналып бұрылып қалды. Жүзi әзiл мысқыл ажарымен жарқ етiп барып, жылы қарап,а-баймағамбетке:

– Өй, сен неғып отырсың, не бiлдiң? – дедi.

Баймағамбет Абайдың шұғыл өзгерiсiнен бiраз дағдарып қап, бүлдiргесi тағылып болған тобылғы сапты сарбас қамшыны алақанына салып отырып:

– Мынау едi, Абай аға! – дедi.

– Мен не ғып отырмын, оны сездiң бе?

– Сiздiң ойыңызға бiр орыс күйi түстi ме деп отырмын.

– Ә, олай болса, о да бiлгенiң екен. Бар ендеше! Кiшкене-молданы шақырып кел! – дедi де, өзi тағы да жаңағы ырғағын тарта жөнелдi.

Баймағамбет тұрып есiктi ашқанда, ар жағында тыстан қайтып келе жатқан Әйгерiм көрiндi. Оның артында бөгде кiсiлер сияқтанған бiрнеше адамның басы байқалды. Қолдарында қамшылары, белдерi буулы, беттерi бiраз аяздаған адамдар. Өңшең тон, шекпен кигендер екен. Алдыңғы бiр-екеуi Тобықты үлгiсiнен бөлек, шошақ төбелi, алты сай Уақ тымағын киген адамдар. Соны Абай көзi шалып болғанша Әйгерiм де, бұл кiсiлер де үйге кiрдi. Абай домбырасының үнiнен ойын үзген жоқ едi.

– Түу, аяз келдi-ау! – дедi.

Әйгерiм тiксiнiп қап:

– Аяз жоқ қой, Абай-ау! Тiптi бүгiнгi күн май тоңғысыз! – деп таңдана қарады.

Абай:

– Ә, рас аяз екен десем, сендер екесiң! – дедi де, шет елдiң кiсiлерiмен амандасты.

Әйгерiм Абайдың талай жұмбақ сөзiнiң бiрi екенiн аңғарды да, күлiмсiреп тұрып, түкпiр үйге қарай кеттi.

Сөйткенше, қарсы үйде бала оқытып отырған Кiшкене-молда да келген едi. Абай соған қарап, елең еттi.

– Татьянаның хаты көшiрiппең? Ендi ол ән салатын болды ғой, бiлдiң бе? – дедi.

– Онысы афзал болған екен, көшiрiп қойып ем.

– Ендеше, Мұқа мен Мағашқа хат жазып жiбер. Екеуiне "Татьяна сәлем айтыпты, бiзбен де таныс болсын" дептi де! Мына Мұхаметжан қалаға бара жатқан шығар, сол сәлемiн ала барсын! – дедi.

Үй iшiнде тымақ, белдiгiн шешпей отырған бөгде қонақтар бұл сөздер не сөз кiмнiң жайындағы сөз екенiн ұққан да жоқ, ұғайын деп елең етiп, селт еткен де жоқ. Жалғыз-ақ, осылармен бiрге кiрiп, Абайдың төменгi жағынан кеп отырған Мұхаметжан бар едi. Кiшкене-молдамен қатар, Абайдың жаңағы сөздерiне құлағын түре тыңдаған сол ғана. Сұлу қызыл жүздi, қой көздi Мұхаметжан расында да қалаға бара жатқан.

Ол өзiнiң жөнiн сұрамай сезген Абайға бiраз таңданумен бiрге, жаңағы хат пен өлең жайын шын бiлгiсi кеп отыр. Мұхаметжан да Мұқа сияқты жақсы әншiмiн деген жiгiт. Оның үстiне, бұның өзiнiң де анда-санда өлең шығаратыны бар. Соңғы жылдар Абайдан тараған өлеңнiң бәрiн көшiрiп алып жаттап айтып жүретiн. Абай айналасындағы жас достың бiрi. Ол қазiр сыртқы киiмiн шешiп жатып:

– Абай аға, бұл ән салып жатқан кiм болды? – дедi.

Абай домбырасын қайта ұстап, "Татьяна-хатының" алғашқы үш аузын әндетiп бердi де, ендi қайтып бұл жайдан сөйлеспедi. Әлi күнге үнсiз отырған қонақтардың шаруасын сұрады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий