Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путь Абая» - известный во всем мире роман-эпопея М. Ауэзова, который поднял казахскую художественную литературу и принес в мировую литературу эстетический вкус и энергию. Автор рассказал о народе Казахстана и его традициях. Абай – человек, обладающий творческими и деятельными качествами с индивидуальностью в искусстве речи. Роман высоко ценят многие зарубежные писатели, среди них Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип.

Путь Абая. Книга II / Абай жолы. II кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы жиын жаңа ғана бастары қосылып, қона жатпақ боп, атшыларын пәтер-пәтерлерiне қайтарысып жiберген. Ендi әзiл әңгiмеге кiрiсе бергенде, ауыз үйдiң есiгi шалқасынан ашылды. Таңжарық үйiнiң үлкен сары самауырыны екi иiнiнен буы бұрқырай төргi үйге кiрiп келедi екен. Саудагердiң толық, ақ денелi кербез келiншегi самауырды бiр бөлмеде есiктен төрге шейiн жайылған жұмсақ көрпелер, көп жастықтар бар. Солардың үстiнде көсiле, шынтақтай отырған қонақтар ендi көтерiлiп, малдастарын құра отырып, дөңгелек үстел мен самауырға орын берiстi. Үстел үстi жасалумен қатар Қысатайдың жiгiтi шкафтан бiр бөтелке коньяк пен тағы бiр бөтелке зубровканы әкеп қойды.

Ауылдан соғым терiсiмен келiп, қалада бiр ай, екi ай жатып қайтатын бұл жастар, кейбiр кештерде осындай жиын үстiнде, арақты мәжiлiс, ән-сауық кешiн өткiзетiн. Шайға арналған тәттi дәмдiмен қатар, тоңазып тұрған қазы-қарта, жал-жая да тураулы күйде үстел үстiне орнай бастады. Ысқақ мынау көрiнiске көңiлденiп, бiр ырғалып қойды.

– Е, бәсе! Мынауың ақыл болды ғой, Қысатай, – дегенде, бiраз жұрт қошеметтей күлдi. Шұбар Ысқақты әзiл етiп, ол айта беретiн бiр сөздi iлiп, қағытып:

– Осының өзi де "бәзмi Жәмшиден" болып бара ма деймiн, Ысқақ! – дегенде, Мағауия, Көкбайлар күлiсiп қойды. Ысқақ айтатын ертегi хиқаялардың iшiнде осы отырған жұрттың бәрiнiң құлағына әбден қанықты болған сөздiң бiрiн айтқан едi Шұбар.

Үлкен дөңгелек үстелдiң айналасына қоралай, жиылған қонақтар iшiп-жей отырып, әр алуан көңiлдi, желiктi әңгiмелерге кетiп отырысты. Бiрiн-бiрi әзiлдей, iле сөйлеген күлкi де бар. Ысқақ бiр кезде Абайдың осындай жас мәжiлiстi тәуiр көретiнiн еске алып:

– Абай ағам осы жолы қалаға бекер келмей қалды-ау! – деп едi.

– Жоқ, үйiнде отырса отырсын. Осы биыл кiтап оқумен өлең жазуға бет берген жылы боп тұр! – дедi Қысатай.

Шұбар қиястана сөйлеп, Мағауияға қарап:

– Әй, бiлмеймiн, сол шынарың өсе берсе, өзiмiз ығында қап, өлең жазуға батылымыз бармай қалатын болмасақ, – деген едi.

Мұнысы бiрталай жастың, жаңа жазған өлеңдерiн Абай сынына беруге қорғанып тартынып жүретiнiн бiлдiргендей. Оның арғы түкпiрiнде Шұбар көңiлiнде жатқан қызғаныш та жоқ емес-тi.

Шұбар соңғы сайлауда болыстықтан түсiп қалған. Iштей дәрежеқұмар, менменшiл болғандықтан бұл жiгiт Абайдың күнде өсiп келе жатқан ақын-атағын да қызғанатын. Осы күнде Абайдың iнi достарының арасына кiрiп әрi ақын, әрi әншi атанбаққа барын салып жүр. Бұның жаңағы сөзiне Мағауия күлдi де:

– Ендеше тәуiр өлең шыққанша, көрсетпей тұра тұрамыз да! – дедi.

Шұбар мұң шаққандай болды.

– Тәуiр, жаманын қайдан бiлейiн, әйтеуiр биыл жаңа өлшеу, жаңа уәзiн iзденiп, бiр өлең жазып апарып көрсетiп ем: "бұл өлең бұлай жазылмайды. Осы өлшеумен мен жазамын" деп, сол жаңалығымды алып та қойды-ау, өзi! – деп қыжалдана күлдi.

Ендi бiр азда ауыз үйдiң есiгi ашылып, қолына қамшы ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-шұқыр еткен, аяздаған бiр жолаушы кiрiп келедi екен. Ол кiре бере:

– Ассалаумағалейкүм! – деп, мәжiлiске даурыға сәлем бердi. Отырған жұрт бұның сәлемiн тосырқай, жақтырмай, ақырын алды. "Кiм екен?" десiп, үңiле қарасты. Жолаушыны алдымен таныған Ысқақ болды. Ол жадырай күлiп жiберiп: "Е, Мұхаметжанбысың!" дегенде, үйдегiнiң бәрiнiң шырайы шапшаң өзгердi.

Абай аулынан кеткен бетiнен қалаға бүгiн жетiп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тiреген жерi осы. Ол ел-жұрттың амандығын жапырлай сұрап жатқан жиынға жауап бере тұрып, саптамасын тастады. Белiн шешiп, сыртқы киiмiн шешiп болып, шоқша сақалы мен қысқалау мұртына қатқан мұзды арылтып, бiраз тоқталып тұрды. Ендi отырғандар әр жерден қағылып, "былай шық, былай шық!" дескенге келiп едi. Мұхаметжан саспастан сүртiнiп, ықшамданып алып, төр жаққа қарады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий