Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құнанбай болса - Ырғызбай руынан. Бұл, бас жағына келгенде Жігітектен де, Көтібақтан да аз. Бірақ, әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп келе жатқан ауылдар.

Туыс жағын алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен көрі, Құнанбайға Байсал жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Құнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал елі - Көтібақ. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес.

Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау. Ара ағайын тәрізді Көкше деген рудың атқамінері. Аз да болса, пысық және шөре-шөреде жүргендіктен бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын.

Осы отырған ру басылардың мінезі, артта жүрген үлкенді-кішілі атқамінер, ақсақал, қарасақалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді.

Құнанбай қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады. Қазір, Құнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша үндемей отырғанмен, бұл ерен бүлік, сотқар адам. Құнанбайдың ұлықтығына бақ масы болған Ырғызбайдың басы осы.

Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы Майбасар.

Бұдан екі ай бұрын зықысы әбден шыққан ел Бөжейді салып, Құнанбайдан:

«Майбасарды орнынан түсір» деп тілеп еді.

Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Ол өзінің қара күші, зілі сияқты болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. Үлкен бір есебі, «Анау жұртты шақар айғырдай мойын салып қуып ықтырған уақытта, ел арыз айта өзіме келеді, өз бауырыма қайырып беріп отырады» деп топшылаған.

Қодар жайындағы сөздердің артын Құнанбай ашып шешкен жоқ.

Аналардың емеуірінін есітті де, қалғанын үндемей бітірді.

Аздан соң сөзді басқа жаққа көшіріп, осы көктемде мал тойыны қандай, шөп шығымы қандай, көші-қонның мезгілі қандай болатынын айта бастады.

Биыл да, бұл отырған барлығының кеңесі Шыңғыс сыртындағы Бақанас, Байқошқарға шейін көшіп барыспақ. Ол, Керей қонысы болса, сол Керейге мінбелей барып қонып, екі өзенді тағы да жылдағыдай баурай бермек болысты, Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді, жылма-жыл қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын.

Бұл әңгімелерге келгенде барлық бағанағы томсарған жиын шешіліп, жазыла сөйледі.

Осы кезде Жиренше Абайға ым қақты да, тысқа шығып кетті. Абай, Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген қалпында болатын. Ол жалғыз-ақ «дарға асу» деген жерде, ішінен біртүрлі тіксініп қалды. Әкесіне сене алмай, сескене қарап, «соны істейді-ау» деп бір ойлады. Бірақ байқап, болжап көрсе, дар деген қырда, бұл елде әсте болмаған нәрсе. Естіп көрген де емес. Ол мұның түсінігінде, Һарон-Рашит халифа заманында, әлдеқайдағы Бағдат, Мысыр, Ғазнада ғана болатын жаза сияқтанады. Сондықтан, «дарға асу» деп жай айтылған болар. Ол болмас, болмайды!» - деп байлаған еді.

Сонымен бірге, әкесі Жұмабай жайын айтқанда да, Абай қайран болды.

Қала мен жолда талай күн бірге болған уақытта бірде-бір сездірсеші!

«Фатуа», «Дарға асу» деген үкімдерді жасырып алып келе жатып Абаймен жарысады. Қалжыңдайды, ойнайды. Енді түк көрмегендей, үндемей отырған түрі де мынау. Бүгін күн ұзын Абаймен құрбысындай жарысып келгеннің де бірде-бір белгісі жоқ.

Соған қарап Абай үлкендердің осындай іші қатпарлы, қиын жататынын ойлады. «Үлкен болсам, осылардың мінезін әрдайым біліп, танып тұратын болсам» деп, сол үлкендікке тағы да бір қызыққан, асыққан еді. Абай үлкен болуға тегі көп асығатын, қызығатын.

Енді есіне түсті. Жұмабай қалада бұған түсініксіз біраз мінездер істеген.

«Хазіретке сыйға апарам, Құнанбай жіберді» деп, қысырдың бір семіз қара көк құнаншығарын жетектеп жүрген-ді.

Абайдың молдасы және мешіттің имамы Ахмет Ризаның үйін сұрап алып, артынан Абайға «молданың үйіне ертіп жүр» деп, бұны бірге де ала барған.

Екеуі асау көк құнанды жетектеп бара жатқанда, бір төбелесқой, тентек Сағит деген баланың бұларға істеген қырсығын да есіне алды. Қазір нығызсып отырған Жұмабайға қарап, жымиып күліп қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий