Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні жауапқа шақыра бастады. Сегізден, оннан жолдастарды тізіп, казак-орыстың атты солдаттары айдап, жауап алатын жерге алып кетеді. Алдыңғы барып келгендерден «Не сұрады?..» — деп жолдастар жабырласып сұрайды.

Кезек бізге де келді. Бізді он бес, он алты кісіні бір-ақ айдап жөнелді. Бәріміздің аяқтарымызда темір шынжыр. Қылыштарын жалаңаштаған атты казак-орыстар бәрімізді қатарлап екі-екіден тізді, бойымыз ұзындау Байсейіт екеумізді алдына тұрғызды. Атты конвой темір шынжырларды күңірентіп айдап жөнелді. Көшеге шығарды. Күн ыстық. Шілденің уақыты. Көше бойы жиналып, анталап қарап тұрған халық: қатын, бала, қыз-қырқын, кәрі, жас, ноғай, қазақ, орыс, атты, жаяу — көшеге сыймайды. Конвоймен көшені қақ жарып, шынжырларымызды сылдырлатып аяңдап біз келеміз. Халыққа жай қараймыз, көзіме талай дос адамдарым, талай таныс адамдарым түсті. Томсарған, телмірген жүздерімен ақырын ишарат қылып, қолдарымен төстерін басып, бастарын изеп амандасады. Көптің ішінде қырдан келген әкем мен кейбір достарым көзге түсті. Олар да құр алыстан телміріп қарайды. Көзіме Байсейіттің де, Абдолланың да, Жұмабайдың да қырдан келген әкелері, достары көрінді. Бәрі де үндемейді. Көкіректегі жанған өрттерін қысып, қолдарымен басып, тек анадайдан телміріп қарайды. Кейбіреулер жылаған сияқты. Жаудың қолынан бізді жұлып алуға дәрмен жоқ. Жаудың жарақты екенін көріп тұр. Көше бойы, екі жақта қақ жарылып қарап тұрған дос пен дұшпандардың қадалған көздерін суарып келеміз. Шынжарларымызды шулатып, көшені күңірентіп, тізіліп, аяңдап келеміз.

Тергеу комиссиясының үйі қызыл қыштан салынған, бір школ... Мен қыстыгүні үйінде пәтерде тұрған Токарев деген учительдің бала оқытатын школы. Пәтері осы школдың ішінде еді. Пәтерде жатқан үйіме, енді, бүршікті кенеп көйлек, кенеп дамбал киіп, жалаңбас, шынжырлаулы келіп кірдім. Байсейіт екеуміз алдымен кіріп келе жатқанымызда, Төлебай Нұралыұлына басқыштың үстінде ұшырастық.

— Амансың ба, Сәкен! — деді.

Мен:

— Шүкір! — дедім.

Төлебай үйге жылдам басып кіріп кетті. Біз, Төлебайдай аяғымыз билеп тұрған уақыт емес, малтыға басып кірдік. Школдың залына бізді кіргізіп, есікте қарауыл тұрды.

Конвойдың бастығы барып екінші бөлмеге кірді. Бір орысты ертіп шықты. Екеуі біздің бір жолдасты сол бөлмеге шақырып кіргізіп әкетті...

Бірте-бірте шақырып, сұрап, шығарып жатыр...

Зал үйдің ішкі қораға қараған терезесінен қарап тұрдым. Қорада қыстыгүнгі пәтерімнің кемпірі, Токаревтің шешесі жүр екен. Терезеден қарап тұрған мені көрді. О да маған қарап тұрып басын шайқады...

Кезек бір уақытта маған келді. Бөлмеге кірдім. Үстелді айнала әкімдер отыр. Бастығы — Шонтонов деген бір казак-орыс.

Сербов дәл маған кезек келердің алдында шығып кетіп еді. Комиссияның өзге члендерінің біреуі бір қара сақалды крестьян екен, өзге екеуі екі жуан қазақ. Оның біреуі — саудагер Тәшти деген кісі. Біреуі белгілі молда Мәнтен деген кісі. Олардың қасында Төлебай отыр. Мен үстелдің жанына келгенімде Тәшти мен Мәнтен ақырын менімен амандасты.

— Амансың ба, Сәкен!.. — деді.

Мен «шүкір» дедім...

Менен Шонтонов жауап алды:

— Совдепке қалай кірдіңіз?..

Мен:

— Совдепке бұқара халықтың, ел қазақтарының сайлауымен кірдім, —дедім.

— Нені қорғамақ болып кірдіңіз Совдепке?..

Мен:

— Қазақ халқының, өзімді сайлаған нашар елдің пайдасын қорғауға кірдім!

— Қандай қызметті басқарып отырдыңыз?..

Мен:

— Ақмола уезінің оқу істерін басқарып отырдым...

Совдептің президиумында болғанымды ол сұрамаған соң, мен айтпадым.

— Митингтерде, жиылыстарда болдыңыз ба?..

Мен:

— Болдым.

— Өзіңіз шығып сөздер сөйледіңіз бе?..

Мен:

— Сөйледім білем!

— Не сөйледіңіз? Не туралы сөйледіңіз?..

Мен:

— Білмеймін, есімде жоқ.

— Большевик партиясына жазылып па едіңіз?..

Мен:

— Иә, — дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий