Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Достар түрменің көшесінен темірмен торлаған қара терезеге телміріп талай қарап өтісті. Қырдан келген Ақшал, Ұйтқыбектер, біздің әкеймен бірге жабырқап, телміріп амандасып талай өтті. Өзге қазақ жігіттерінің де туғандары, дос-жарлары түрменің көшесінен өтіп жатады. Орыс жолдастардың туғандары терезенің алдынан күн сайын өтіп жатады. Әсіресе түрмедегілердің қатындары: олардың ішінде Павловтың қатыны. Біздің қазақтан Абдолланың келіншегі дамыл алмады. Құсайын мен Байсейіттің келіншегі дамыл алмай ас тасы. Абдолланың келіншегі Бану ешкімнің есінде жоқ амалдармен түрменің бастықтарына, бақылаушыларына сездірмей бізге хатпен ылғи хабар жазып тұрады.

Бану бір жапырақ қағазға орап, бір қайнатым шай жібереді. Шайды ашып түрменің бақылаушысы қағазын көріп, жазусыз ақ қағаз болған соң тимей, қайтадан шайды орап бізге жібереді. Біз шайды алып, шай ораған төрт бұрышты қағазды суға малып алсақ, бадырайып ақ қағазға жазу түседі. Шүпірлесіп оқып, хабарға кенеліп қаламыз.

Бану біздің көйлегімізді жуғызып жібереді. Көйлекті кисек бір жеңінің түймесі жоқ. Әуелі жең түймесінің жоқ екенін білмей, жеңді түймелеуге түйменің орнын іздеп, сипалап қараймыз. Қарындашпен ұп-ұсақ қылып түйме орнына жазған төрт әріпке көзіміз түседі.

Төрт әріп — «қара» деген сөз.

Көйлек жең үшінің қабаттарын, иініштің қабаттарын сөгіп жіберіп қарасақ, ұп-ұсақ машық қылып жазған Банудың жіберген хабарларын тауып аламыз.

Бұл үлкен жақсы болып тұрды. Өйткені түрмеге келіп бізбен жолығуға ешкімге рұқсат қылмайды. Есебін тауып, қоймай сұрағандарды ғана, ұлықтардың «рақымдары» түскенде ғана түрменің ішіне кіргізіп, бақылаушының көзінше бес-он минутке жолықтырады. Қазақта Жұмабайдың әкесін түрмеге кіргізіп, Жұмабаймен бес-алты минут сөйлестіргенін білемін. Омбыдан оқудан қайтқан кезінде, айт уақытында Гүлшарап деген қызды түрмеге енгізіп, бес минуттей менімен сөйлестіргенін білемін (Түрмедегілердің түрлерінің өзгергендігі сонша, Гүлшарап алғашқыда мені анадайдан таныңқырамай қалды).

Орыс әйелдерінен тұтқындарға хабарды көп тасып, көп қызмет қылған Павловтың қатыны. Бұл кісінің тапқыштығы, қулығы жұрттың бәрінен де асты... Бір күні мынандай бір хабар берді.

Хабарында: «Сендерге өлім жазасы болатын-болмайтыны бір-екі күннің ішінде мәлім болады. Егерде хабар жаман болса, мен түрменің жанынан өткенімде басымдағы орамал қара болар. Хабар жақсы болса, басымдағы орамал қызыл болар», — депті.

Біз отырған кішкентай бөлмеміздің терезесі ол уақытта ішке қараған еді.

Бір күні «түрмеге Павловтың қатыны кірді!..»—деген сөз бөлмедегілерді елеңдете қалды... Мен терезеден қарап, анда-санда бірен-саран келген адамдарды тұтқындармен жолықтыруға кіргізетін қуыстың есігін аңдып тұрдым. Лезде Павловтың қатыны қайта шыға келді. Үсті-басына киген киімдерінің бәрі теп-тегіс қап-қара!.. Әйелдің соңынан шынжырын сылдыратып Павлов шыға келді. Қасында бақылаушы. Әйел бұрыла беріп, қайырылып, бақылаушының көзінше Павловты жылдам құшақтай алып сүйіп алды да, көзінің жасын моншақтай домалатып, төгіп-төгіп жіберіп, жылап жүре берді... Әйелдің көз жасын көріп, жүрекке шоқ түскендей болды.

Қара киімді көріп, «енді жұмыс шындап-ақ біткен екен!» — дедім.

Жолдастарға айттым. Жолдастар да: «Жұмыс енді біткені ғой...» —десті.

Есік ашылған кезде Павловтан сұрасақ, бір баласы өлген соң әйелі қара киім киініп келіп, соның хабарын беріп кеткен екен.

Саясат туралы, біздің жұмыстарымыз туралы жазбай, ашық қылып жай шаруа туралы жазса, бізге бір кезде түрменің бастығы хат та өткізетін болған.

Бір күні бізге Омбыдан бір ашық хат келді. Хатты Омбыда оқып жатқан Жанайдар Садуақасұлы жазыпты. Хатты орысша былай деп жазған:

«...Вахтча Укметов болен туберкулезом. Хирурги отказываются лечить. Улькенбек Сабитов выздаравливает. Благополучно приехал. Днче.

Жанайдар »

Бұл орысша жазған ашық хаттың қазақшасы мынау:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий