Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— «Ойпырым-ай, мыналар ішімізде жүріп істің тізгінін ұстасып жүргенде, бізді не қылып жер жұтып кетпеген!.. Қайта, үш-төрт ай құламай отырыппыз-ау!.. Ойпырым-ау, бұлар кімді оңдырсын!..» — деп тарығып, басын шайқады.

Байсейіттің кейіп айтқан осы сөзін қазірге шейін ұмытпаймын. Жайшылықта сырттан жап-жақсы болып жүрген кейбір адамдардың тар жерде ғана нағыз, шын қулықтарының қандай екендігі айқын көрініп шығады екен. Неше түрлі лас, жеркеніш мінездер, неше түрлі төмен, уақтық қылықтар үлкен сын, қиын өткелдерде білінеді екен. Мәселен, осындай ретпен өзге жолдастардың көбіне-ақ сүйкімсіздіктері білінген Вязов деген мен Баландин деген еді. Біз бұлардың нашар мінездерін әңгіме қылғанда, күйгелек Байсейіт шыдамай айтып салатын еді.

Отырған бөлмеміздің бір бұрышында бір күні Вязов бір-екі жолдасқа бірдемені айтып, құнжындап сөйлеп отырды. Бөлмеде жиырмадан аса адам бар еді. Түрменің тақтай сәкісі жоқ. Жолдастар тас еденде шөп салған қапшықтарға сүйеніп, жағалай, екіден-үштен сөйлесіп отыратын не жататын. Бұрышта біреулерге сөз сөйлеп, қоймай. Вязов құнжыңдап отырды. Қарсы бұрышта Байсейіт күйгелектеніп, оны жақтырмай, бізге қарап, қабағын тыржитып отырды.

— Әй, анау не былшылдап отыр?.. Әй, анау былшылын неге қоймайды! — деп отырды. Вязов сөйлей берді.

Байсейіт шыдамай, Вязовты шақырды.

Вязов:

— Немене!?

Байсейіт шақырды, қоймады. Вязов Байсейіттің қасына келді.

— Немене? — деді.

Байсейіт Вязовтың бетіне қадалып қарап тұрып:

— Неге сен ақымақсың? Почему ты дурак? — деді.

Әрине, Вязов ашуланды.

— Бұл не дегенің, бұл не сөзің? — деп, Байсейітке қадалды. Байсейіт жауап бермеді. Енді Вязовқа қарамады.

— Басқа айтар ештеңем жоқ! — деп жата кетті. Орысша «Больше нечего!» Байсейіттің осынысын өмірімде ұмытпайтын шығармын. Мұны жолдастар да ұмытпаған шығар. Сол үлкен сында, тар жол, тайғақ кешуде шын қасиетті адамдардың жаратылыстары айқын көрінеді екен.

Мәселен: Катченко, Олейников, Богомолов, Авдеев, Монин, Шапран, Трофимов, Грязнов, Мартылого, Павлов, Котов, Анапченко, Кондратьева, Кременский, Афанасьев және әлгі ерлі-байлы Петракеевтер, тағы да басқа талай жолдастар шын еңбекші тап азаматтары екендіктерін көрсетті. Және еңбекші тап азаматтары екендігін біздің іріктеліп шыққан қазақ-ноғай жолдастар да көрсетті. Олардың есімдері белгілі. Іріктеліп шыққан қазақ-ноғай жігіттерінен «ши» шыққандарын білмеймін. (Әрине, іріктеліп шыққандарынан ғана «ши» шықпады.)

Жоғарыда айтылған орыс, қазақ, ноғай жігіттерінің анық кім екендіктері сол тар жолда ғана анық білінді.

Бұлар ұлы сыннан, ұлы өткелден жығылмай бір өтті. Әрине, тұрмыстың ұзақ жолында жөнінен адасып, әркім-ақ сүрініп жығылуға мүмкін. Әрине, тіршіліктің талқысында талайлар әр түрлі себеппен құлқы өзгеріп, жаман құлықты болып кетуге де мүмкін.

Үлкен сыннан өтпеген адамның «мен пәлендеймін» дегеніне онша нана қою бекер.

Ниетің «не өлу, не жеңу...» болып жаумен майдандасқанда, не майдандасқан жаудың қолына түсіп, жаудың темір торлы тас қамауында отырғанда, қол-аяғың темір шынжырда болып, жаның қылышыңның қырында болса ғана, яки осы тәрізді ұлы сында болса ғана, қандай жігіт екенін білінеді. Әйтпесе, өзіңді-өзің қандай адамсысаң да, қандай жігіт екеніңді бекітіп айту қиын.

«Батырсыған жігітті жау келгенде көреміз, шешенсіген жігітті дау келгенде көреміз!..» деген қариялардың сөздері тұрмыстың көп сынынан өткен, дұрыс сөз.

Түрменің картоп, капуста еккен бақшасына кейбір жолдастарды жұмысқа апара бастады.

Бақша қаланың шетінде, Есіл өзенінің жағасында. Енді барлық тұтқындардың жақындары түрме бақшасын аңдитын болды. Бақша жұмысына барған жолдастарға келіп, бәрі жолығып, тілдесіп тұратын болды. Бақша арқылы қатынас үлкен жақсы болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий