Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні түрменің бақшасынан он бес, жиырма кісі тұтқын жұмыстан қайтып келе жаттық. Бізді жұмысқа алып барып қайтатын түрменің мылтық тағынған бақылаушылары артымызда, қасымызда. Күн сайын бізді ерте тұрғызып, әр бөлмеден жинап, қатарлап тізіп, айдап түрме бақшасына апаратын. Жұмысқа барғанда, қайтқанда қаланың «Славодка» деген шет жағын аралап өтетінбіз. Міне, сөйтіп, жұмыстан бір күні тізіліп қайтып келе жатыр едік... «Славодканың» бір кішкентай, жапырайған пәтерінің алдында бір қазақтың әйелі шығып тұр екен. Қабағы қатқан. Бетінде қан жоқ. Жанына ауыр қайғы батқан тәрізді. Бізге қарап тұрды. Біз оннан аса орыс, екі-үш қазақ әлгі әйелдің жанынан өте бергенімізде, әйел бізге қарап тұрып, қолын кеудесіне қойып сәлем берді. Әйелдің қайғылы жүзі әлі күні есімде!..

Тағы бір-екі рет мұңды әйел бізге сөйтіп сәлем беріп қалды.

«Алашорда» отағасының босағасын көрген әйел екендігінде шегім болған жоқ... Сөйтіп, түрме бақшасына жұмысқа барып жүрдік. Жарық дүниені көріп, көңіл шіркін бостандыққа талпынды. Жолдастың бәрі де сарғайды. Бәрі де сағынды. Бостандықты қаттырақ сағынған әсіресе қазақ жігіттері, оның ішінде Байсейіт екеуіміз...

«Қашу деген қиял өте күшейді. Қашудың барлық жобасы көз алдыма елестейді. Байсейіт екеуміз сөйлесіп, сөзді бекітіп, жастарға айттық. Жоба мынандай: Бәрімізге қазақша киім алдыру. Туғандарымызға, достарымызға қашу шартын айту. Сөз байлау.

Бақша Есіл өзенінің жағасында. Өзеннің бойында, жиырма қадамдай бергі жағасында, бақшаға таяу, бір нашар қазақ тұратын жер үй бар. Бұл қазақтың баласы Айтжан деген бала бізбен дос. Өзі — біздің «Жас қазақтың» мүшесі. Біздің ойымызша: «Сол үйде ар жағынан бізге даярланған салт аттар дайын болып тұрса, біз күзетшінің көзі тайған уақытта ептеп, бақшаның таса, ойпаң жерлерімен жүріп отырып сол үйге барып, даяр тұрған салт аттарға міне сала жөнелсек және біз қашпас бұрын қырдан келіп жатқан туғандарымыз елге қайтып кетуі керек, әйтпесе оларды ұстап алады», — дейміз.

Байсейіт екеуміз бұл сөзді жолдастарға айттық. Жолдастар қарсы болды.

Бақшаның шетіндегі орды қазған болып, күншуақта сөйлесіп отыр едік. Байсейіт екеуміздің қашайық дегенімізге Бәкен, Абдоллалар көнбеді.

Өзенді айналып, бақшаға келе жатқан бір-екі атты, бір арбалы кісілерді кердік... Тани қалдық. Бізге келе жатқан жолдастардың туғандары екен. Бақылаушылар алыстан қарап, бақшада жүреді. Келген кісілерге ештеңе демейді. Келді. Амандасып, сөйлесіп отырдық. Бақылаушы қасымызға келіп, анандай тұрды. Біраздан соң салт атпен Құсайын келді. Амандастық, күлістік. Құсайын аттан түсіп, қасымызға отырды. Әңгіме сұрап жатырмыз. Біраз әңгіменің ішінде Құсекең өзінің түрмеден босанып шыққан бір лажын айтты. Ол қайласы мынау:

Құсекең түрменің бақшасына жұмыс қылуға ең алдымен шыққандармен бірге шыққан. Құсекең жұмыста жүргенде, өзгелерден көп еркін жүретін. Және бақшада жүргенде түрменің бастығын «сыйлап», онымен жақын достау болатын. Құсекең «досы» арқылы бір күні кешке бақшаға шатыр тігіп, Ақмоланың тағдырын ұстап отырған үш әкімді қонаққа шақырған. Қымыз алғызып, арақ алғызып, қой алғызып сойған. Өзі сол кеште бақшаға қонып қалып, қонақтарын — гарнизонның бастығын, Сербовты, түрменің бастығын — бәрін сыйлаған. Құсекеңнің өзі ас әзірлеп, тік тұрып, «құрметті» қонақтарының алдында қызмет қылған.

Міне, сол арада «құрметті» қонақтары ішіп-жеп қызып, есіре бастапты. Бір мезгілде шатырдың ішінде қызып отырып, «большевиктерді тергеу және жою» комиссиясының төрағасы Сербов шатырдың есігінде тұрған Құсайынға:

— Ей, большевик, кел, сен де арақ ішіп жіберші! — депті.

Құсекең:

— Рақмет, пожалуйста!.. Спасибо!.. Өздеріңіз іше беріңіздер! Meн сіздерге қызмет қылсам болады. Бірақ сіздерден бір сұрайтыным: мені «большевик» демесеңіздер екен. Большевик десеңіздер маған ауыр тиеді. Онда мені жәбірлеген боласыздар... — депті.

Сербов пен гарнизон бастығы:

— Е, сен большевик емессің бе? — депті.

Сол арада Құсайын:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий