Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Алашорда» бастықтарының бұл тұрмыстарын қастарындағы хатшылары Әбдірахман Байділдаұлы көріп жүрді. Міне, жас жігіттің сезгіш жүрегінің, шетін көңілінің «Алашордадан» әбден түңіліп шыққаны осы жер.

«Алашорда» Самардағы учредительное собрание комитетінен үш мың солдатқа киім алды. Көп қару-жарақ алды. Және «Күнбатыс Алашордаға» өз алдына екі мың мылтық, отыз жеті пулемет, екі зеңбірек, екі автомобиль алды.

Бірақ кешікпей Самарды большевиктер алды. Сонан соң «Мемлекет кеңесі» Уфада ашылды. Кеңестің басында эсер партиясының бастықтары Авксентьев, Чернов, Зензинов, Ульскийлер болды. Сол кездегі қанішер казак-орыс атамандары Иванов, Дутовтар болды. Тағы басқа осы тәрізділер болды. Біздің «Алашорда» бастықтары бұлардың әрқайсысына жолығып, амандық айтысты. «Мемлекет кеңесінде» «Алашордадан» Шоқайұлы мен Әлихан сөйледі. Россияның «жалпы үкіметі туралы» болған көп сөзден кейін «Жалпы Россияның үкіметі осы...» — деп, үкімет сайлады. Оған «Директория» деп ат қойды. Үкіметтеріне сайланғандар: Авксентьев, Бологорский, Зензинов, тағы осындайлар. Учредительный комитеттен Чернов, Вольскийлер енді. «Алашордадан» Шоқайұлы кірді.

Сөйтіп, «Жалпы Россия үкіметін сайладық...»—деп күрзілер тарқасты. Газеттерге жазып жар салды. Бірақ бұған да Сібірдегі «үкіметтер» бағынбады. Сібірдегі «үкіметтердің» ең зоры — алдымен Омбы «үкіметі» бағынбады.

Большевиктердің қызыл әскері Самарды алып, Уфаға таянған соң, «Жалпы Россияның үкіметімін» деп отырған директория Уфадан Омбыға көшті. Директория Омбыға көшкенмен де, Сібір «үкіметтері» бағынбады.

Бұл жерге «Сарыарқа» газетінің сол 1918 жылғы 12 қазандағы 57-нөміріндегі жазылған «Кіндік үкімет пен Сібір үкіметі» деген қысқаша мақала мен «Жырақ күншығыс жайы» деген мақалаларды келтірейік.

Газеттен:

КІНДІК ҮКІМЕТ ПЕН СІБІР ҮКІМЕТІ

Самар қаласын большевиктер алысымен Уфада мемлекет кеңесінде сайланған кіндік үкімет Омбы қаласына көшіп келген еді. Содан бері көп уақыт өтті. Бірақ кіндік үкімет іспен өзін жұртқа білдіре алмай, суға батқан кісідей Омбының қалың қара саясат әдісіне батып жоғалғандай, жым-жырт болған еді. Жаңаша орыс газеттері осының себептерін білдіріп отыр. Кіндік үкімет пен Сібір үкіметінің арасында бірсыпыра тартыс болыпты. Бірін-бірі көп уақыт арбасты. Мемлекет кеңесінде салынған саяси жол, еткен серт, ішкен ант бойынша кіндік үкімет жалпы Россияның ісіне шеңбер, абыройына қорған болмақ еді. Кіндік үкіметінің әмір-жарлығына автономия үкіметтері бас имек еді. Өмір жүзінде осы айтылған шарттары Омбы қаласында орындалмаған көрінеді.

Газеттердің хабарларына қарағанда, Сібір өкіметі әкімшілікті бауыр басқандық мінез көрсетіп, өз отанынан шыға жайылып, әдепсіздік қылып, кіндік үкіметінің алдынан кесе-көлденең өте берсе керек. Сондықтан «Өтпес жарлық бойға қорлық» дегендей кіндік үкімет үнін шығармай, Сібір үкіметімен тек іштен ғана арбасып, көп уақыт жым-жырт жатыпты. Соңғы келген хабар екі үкіметтің келіскендігін білдіреді. Бұл хабарша кіндік үкіметінің жанында министрлер кеңесі жасалмақ. Кеңеске кіретін министрлерді екі үкімет ынтымақпен тағайындап, Сібір үкіметі уақытша жоғала тұрмақ.

Әзірге алынған хабарлар осылар. Кіндік үкімет жалпы Россияға бас үкімет болып, айтқанын қылғызып отыр ма, жоқ бар өмірі Сібір үкіметімен, я басқа үкіметпен саудаласумен өте ме, мұны алдымыздағы уақыт көрсетер.

ЖЫРАҚ КҮНШЫҒЫС ЖАЙЫ

Уфада болған «Мемлекет кеңесі» одақтас мемлекеттерімізден: Америка, Жапония, Франция, Италиядан Владивостокқа келген әскербасылар мен елшілердің алдынан шығып, жол болсын айтып, Россияның саяси күйін ұғындыру үшін бұрын Россияның уақытша үкіметінің бас министрі болған князь Львов Колосовты жіберген еді. Жалпы Россия телеграфтың тілшісіне Колосовтің айтқаны:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий