Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қажымаңдар! Бір күнгідей болмас. Әлі-ақ жарыққа шығарсыңдар. Жалпы істің аңғары жаман емес. Қазір таң атты деуге болады. Жалғыз-ақ күннің шығуы ғана қалды. Күн таудан асуға қазір таяу тұр, қажымаңдар. Құдай қаласа, қызыл күн қайтадан туар!.. —деді.

Енді бір-екі күннен соң жаңағы Көшербаймен бірге келген ақ елтірі тымақты сары жігіт тағы да терезенің алдына келді. Бізбен амандасты. «Алашорданың» Ақмоладағы комитетінің төрағасы Жүсіп Ізбасарұлының және «Алашорда» комитетінің мүшесі, большевиктерді тексеруші комиссияның мүшесі Мәнтен молданың қамауға жабылғанын айтты. Себебін сұрап едік, анықтап айта алмады. «Алашордаға» қазақтан ақша жинайсың деп қамауға алыпты дейді...» — деді.

Сары жігіттен газет сұрадық. Газет әкелуге жүгіріп кетті. Сары жігіт өзі менімен болыстас, ағайын жігіт екен. Сол туысқандық сезімімен түрме терезесінің алдына менімен амандасуға келеді екен. Аты — Рақымжан Бопанбекұлы.

Біраздан соң Рақымжан тағы да терезенің алдына келді. «Ана есік жақтағы бір кілтшіден газет жібердім, тағы келіп тұрамын», — деп, қоштасып кетті.

Газетті алып оқыдық.

Бұдан кейін де орысша, қазақша газет келіп тұрды. Саясаттың түрлі хабарларын біліп отырдық.

Сібірді, Уфаны, Самарды чехословактар алысымен, әлеумет майданына шығып, әр жерде үкімет жасауға кірісті. Төңкеріске қарсы әрекет қылып жүрген учредительное собраниенің біраз мүшелері Самараға жиылып, комитет жасап, Самар «үкіметі» болып тұрды. («KOMYZ»). Бұл учредительное собрание комитеті («KOMYZ») «Барлық Руссияның иесі біз ғана» деп жар салды. Әрине, бұлардың «жар» қағазына ақтардың Омбыдағы үкіметі бағынған жоқ. Торғай «Алашордасы» болды. Бастықтары — Ахмет Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Есполұлы, оларға Оралдан Кенжеұлы мен Қаратілеуұлы барып қосылды. Торғай «Алашордасы» Күнбатыстағы Семей «Алашордасының» қол астында саналды. Бірақ өйткенімен, осы жердегі (Семей, Торғай, Орал) «Алашордалар» бет-бетімен әкімшілік жүргізіп, төңкеріске қарсы әрекет істеп жатты. Үш «Алашорда» үкіметінің үшеуі әскер жасады, милиция жасады. Бұлар казак-орыстан кейін қалмай, елге шабуылдап, «налог» — салық жинады. Бұлар да момын бұқара қазақтың төбесіне жарқылдатып қылыш пен қамшы ойнатты.

Әкімшілікті қанша жүргізбек болғанмен, қамшы мен қылышты қанша жарқылдатып ойнатқанмен, «Алашорда» үкіметтерінің әмірі Семей, Торғай, Орал, Жымпиты аудандарынан жөнді аса алмады. Ақмола облысында да «Алашорда» жасалды. Бірақ оның қолынан ештеңе келген жоқ. Қалың қазақ Ақмола «Алашордасына» әскер болуға көнбеді.

Қысқасы Сібірде Совдеп құлаған соң, орыстың ақтары да әлденеше үкімет жасады. Қазақтың «Алашордасы» да екі бөлек, үш бөлек «үкімет» жасады. Бәрі де «біз үкіметпіз...» — деп жар шашып жатты. Толып кеткен «үкіметтер» жар салып шулады. Шулары иттің жаңа туған күшіктерінің шулаған әндеріндей қосылды.

«Үкіметпіз» дегенмен, біздің «Алашордалар» Омбыдағы Сібір үкіметіне бағынып отырды. Және Самардағы учредительное собрание комитетіне алыстан бағынып, екеуінен де көмек сұрап алып жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий