Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жан-жаққа, қалаға, әсіресе ел жаққа, далаға қарауымыз көп. Жан-жақта қыбырлап, өз бетімен кетіп бара жатқан, өтіп бара жатқан адамдар көрінеді. Жан-жаққа қарап тұрып, дәл түнеугі күнгі терезеден көргендей, жаман сынық ағаш арбаға өгіз жегіп, арбасына тезек артып, өзі жаяулап қыбырлап бара жатқан қазақты көрдім. Және бірен-саран асықпай салт кетіп бара жатқан қазақты көрдім. Ат жеккен қорапты арбасымен жортып бара жатқан қала адамдарын көрдім. Бірен-саран қырдан келген түйелі қазақтарды көрдім. Міне, осының бәрін көріп тұрған тұтқын тіршіліктің не екенін, бостандықтың не екенін анадан туғалы жаңа ғана білгендей болады. Қапасты көрмеген адам бостандықтың қадірін біледі деп ойлауға тіпті болмайды.

Міне, сондағы түрме бақшасының түрі және көңілге берген әсерлері осындай еді.

Бақшаның шетіне, қыран жағына шығып тұрдым. Оңтүстікке, ел жаққа қарап тұрдым. «Тұтқыннан қашып кетсем, анау қиырсыз кең еркін далаға сіңіп кетсем... анау түйелі қазақтармен бірге кетсем, не анау ағаш арбаға өгіз жеккен қазақпен бірге кетсем... бостандықты, елді енді бір көрсем!..»—деген тілек көкірекке сыймайды.

Бозарып солған тұтқындардың беттеріне қызарып қан жүгірді. Әр тұтқынның көзінің түбіне тұнған ауыр бейнеттің көлеңкесі кетіп, жанары жайнап, үміт сәулесі жанған тәрізденді. Кешікпей туғандарымыз, достарымыз келді. Елден келіп жатқан біздің әкей де келді. Сөйлесіп кенелдік те қалдық.

Бақшада жұмыс қылу бізге ұжмақтан кем болмады. Бақшадағы қазып алып жинап жатқан картопиядан және басқа да «шөп-шаламдардан» турап салып, қаладан ет алғызып, бақырға бақшада сорпа істедік. Бақшада бақырға пісірген еттің дәмі балдай...

Бақшаға бәрімізді күн сайын апармайды. Ауыстырып кезек-кезек апарады. Үш-төрт күн кейбіреулерімізді апармай да қояды. Бір күні көп жолдастарды конвоймен моншаға апарды. Мен де бардым. Көше бойы халыққа сыймай кетті. Көбі тұтқындардың жақындары. Арасында біздің әкей де жүр. Моншаның сыртқы есігінде әкеймен амандасып, тез сөз қатыстық. Әкей сол жерде қош айтысты, енді елге қайтпақ болды.

Бақша жұмысына барып жүрміз. Үкіметтің істеп жатқан істері қандай екенін, жүргізіп жатқан саясаты қандай екенін, халықтың көзқарасы қандай екенін әбден анықтап білдік. Бақшаға барғанда, бақшадан қайтып келе жатқанда, жолшыбай қалыс адамдардан да бізге жолығушылар көп болды. Бәрі де ақ казак-орыс үкіметіне наразылықтарын білдіреді. Бізге достарын білдіреді. Қасымыздағы бақылаушылар дәл сол жерде жуас болды. Қасымызға келіп-кеткендерге үндемейтін болды. Келіп жолығып кетіп жүргендердің кейбіреулері тек қолымызды ұстап, қысып кетеді. Кейбіреулері тек амандасып кетеді.

Казак-орыстар көтеріліс жасаған күнгі — Совдеп құлаған күнгі надандардың көбінің еліргендігі басылып, енді әбден естері кіріпті. Аз уақытта казак-орыстың тепкісін көргендер Совдепті ойлай бастапты.

Ақмолада « Алашорданың» уездік үкіметін ашыпты. Үкіметтің басында отырғандар, әлгі большевиктерді тергеген комиссиядағы Мәнтен молда. Тәшти сәудегер, Олжабай болыс, Төлебай тілмаш, Нұралиндер, Түсіп докторлар — бұлар казак-орыстың шоқпары екендігін бұқара халық әбден айқын көріпті. Нашарлар байларға сөз айта алмайтын болыпты. Болыстар, саудагерлер, молдалар әбден ұяттан, ардан кетіпті. Бұлар «Алашордамыз» деп, қоразша қоқырайып алыпты. «Нашар теңдігі», «әйел бостандығы» деген сөзді мазақ қылып, жерге таптапты. «Алашорда» отағасының босағасын көрген сорлылар Совдепті жоқтайтын болыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий