Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бақшаға жұмыс қылуға түрменің бастықтарына жаққан, не пара берген тұтқындарды ғана апарады. Әрине, қол-аяғында шынжыры жоқтарды ғана апарады. Шынжырлылардан апарғысы келсе, шынжырын алып тастап апарады. Қазақтан бақша жұмысына ең алдымен Құсайынды апарды. Сонан соң Байсейітті, онан соң Жұмабайды апарды. Орыстан Бачок, Вязов, Павлов, Трофимов, Олейников, Кременский, Пьянковский, тағы басқаларды апарды. Жарық дүниеге шығып, бұларға жақсы болды. Бақшаға келген жақындарымызбен жолығып сөйлесіп, бізге айтып келеді.

Сол уақытта Ақмолаға оба ауруы келді. Қырдан келіп жүрген Байсейіттің әкесі обадан өлді. Байсейіттің әкесі ауырып қалды деп, бүгін бізге хабар келіп, бақшаға жұмысқа кеткен Байсейіт түрменің ұлықтарының аузына ақша тығып, бір бақылаушымен бақшадан қайтпай қалды.

Біз терезесі түрменің ішкі қорасына қараған бөлмесінде едік. Ертеңінде күн шығып келе жатқанда, мен тұрып, терезенің тор темірінен ұстап, ашық көзінен қарап отырдым. Түрменің қорасына бір бақылаушымен Байсейіт кірді. Байсейіт келіп, мен қарап отырған терезенің түбіне сүйене кетті...

— Сәкен... Менің әкем өліп қалды... — деп ақырын жылап жіберді. Менің де көзімнен жас шықты. Түрмеге келгелі тас болып қалған көңілден, қатып қалған көзден кек қайнаған жүрек елжіреп еріксіз жас шығарды.

Бақшаға жұмысқа баратын жолдастар арқылы, өзгеміз де жұмысқа шығуды қарастырдық.

Құсайын начальникпен «дос» болып алды. Кейде бақшаға қонып қалатын болды. Бір қонғанда Сербовты және гарнизон бастығын қонақ қылыпты. Қаланың тағдыры, біздің тағдырымыз бұлардың қолында болғандықтан, содан кейін бұлар Құсайынды екі-үш күннің ішінде түрмеден босатты.

Құсайын мен Байсейіттің түрме бастығына сый ретінде алып берген арағының арқасында, Жұмабайлардан соң бақшаға Абдолланы апарды.

Бақшада түрменің бастығын тұтқындар түрлі сыймен сыйлайтын болды. Түрмеге қайтқанда айта келеді. Жұмысқа шығаратындардан әуелі шынжырын алады.

Бір күні менің де шынжырымды алды... Ертеңінде мені де жұмысқа апарды... аяқ бауын алып жіберген сұңқардай көшеге шықтық. Бостандық жат тәрізді. Тысқа шығып, кең дүниені, еркімен қыбырлаған тіршілікті көріп, дүниеге жаңа ғана келгендей болдым... Қалада қыбырлап жүрген жанның бәрі де маған бір түрлі жат тәрізді... Қаланың шетімен айдап бақшаға апарды. Уақыт күзге салым кез. Жанға жайлы, күншуақ жылы қоңыр еді. Жер мен көк сыры кетсе де сыны кетпеген сұлудай еді. Түрменің бақшасына келіп отырдық... Бақша қаланың жанында. Есіл өзенінің жағасында. Уақыт түс мезгілі еді. Бақша ағаштарының жапырақтары әлі көк. Бірақ кейбір ағаштардың әсіресе терек ағаштардың жапырақтары кәрілік таянған адамдардың бурыл тартқан шашындай шалғырттанып сарғая бастаған. Бақшаның іші күншуақ. Кішкентай майда жел ағаштардың жапырақтарын желбіретіп ойнатады. Желмен жыбырласып ойнаған көп жапырақтың ішінсн ертерек өмірі біткен, сарғайып қуарып сөнген жапырақтар ақырындап үзіліп жерге түседі. Бақшаның шетіне қыранға шығып, жан-жаққа қарасаң, қиырсыз кең, көлбеп барып аспанмен құшақтасқан ен дала көрінеді. Бақшаның іші сағат сайын тұтқындарға күш береді. Қан азайып, әл кетіп, семген тәннің тамыр-тамырларының қаны лыпылдап сағат сайын күшейеді. Үш ай жаз бойы ауыр халде, шынжырланып сасық, тар қапаста отырып азап тартып, енді мына бақшаға шыққан тұтқындар қымыздай қуатты, күмістей таза ауадан дем алып, жадырап мас болған тәрізді. Бақша қаланың жанында. Есіл өзенінің жағасында. Қолдарымызға күрек, шот алып, сыбанып, көйлекшең бақшаның жағасында ор қазуға даярландық...

Әуелі бақшаны араладық. Күзетші — түрменің қызметкерлері.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий