Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Уақытша үкімет баласы науқас: күрт ауру. Тәуіптер «жаза алмаймыз» дейді. Үлкенбек Сәбит баласы сауығып келеді. Аман-есен келдік. Дінше.

Жанайдар»

Хатты оқып, әжептәуір қуанып, көтеріліп қалдық. Хабарды орыс жолдастарға да беріп қалдық.

Бұл жұмбақтау хаттың шешуі мынау еді:

Ақтардың уақытша үкіметі нашарлауға айналды. Күші азайды. Жұрт теріс қарай бастады. Большевиктердің кеңесі — Совет өкіметі оңалып күшейе бастады... — деп Жанайдар қол қойған.

Ал хаттың соңында «Чита жақтағы атаман Семеновке қарсы фронтынан аман-есен қайтып келдім»,—деп Дінмұқамбет жазған.

Түрмеде, таршылықта, әрбір жылы хабар кісіге рух береді. Достық ниетін білдірген адам тұтқынға үлкен күш-қуат береді. Достың — достығы, қастың — қастығы, адамның адамшылық және түрлі хайуаншылық мінездері тар жол, тайғақ кешуде ғана анық білінеді екен. Бұрын, біз күшті болып жүрген уақытта, дос болып көрініп, жылмаңдап жүрген адам суретіндегі талай пасықтар басқа қиыншылық түскенде жондарын көрсетті. Кейбіреулері достық орнына жығылған үстімізге жұдырық та салды. Қазақтың: «дос аз, дұшпан көп...» деген ескі қағидасы осындай тар жол, тайғақ кешуде айқын көрінеді екен.

Қанша жолдас болып көрініп, жақсы болып көрініп жүрген адамдарды, қанша уақыт бір қауымда, бірге қызмет қылып жүрсе де, кісі анықтап білмейді екен. Мұның бәрін айдан айқын сол төңкерісте көрдік. Біреуді біреу кеңшіліктегі білуімен «пәленді мен білем» деп айтуға болмайды екен. Адамның шын пиғылдары, шын жаратылысы қиыншылықта ғана анық білінеді екен. Азаматты шындап сынағың келсе тар жолда ғана көру керек екен.

Кеңшілікте бұрын «жақсы» деп жүрген талай кісінің тар жолда адамшылығы жоқ болып шығуы мүмкін екен. Және бұрын, жайшылықта «жаман адам» деп жүрген талай адамдар тар жолда өте жақсы болып шығуы мүмкін екен.

Кеңшілікте кеудесін соғып, «мен, мен...» деп, көкіп жүрген адамдарды тар жолда, ұлы сында көру керек екен.

Оған мысал мынау:

Ақмолада Октябрь төңкерісінің қарсаңында бола бастаған митинг-жиылыстарда бір орта бойлы, қоңыр сақалды, қоңыр мұрт. Бачок деген кісі шығатын. «Екібастұз заводының жұмыскерімін», — дейтін. Өзі сөйлемпаз, үстінде киімдері жаман, «1905 жылдың революциясына қатысқанмын», — дейтін.

Міне, осы Бачок Ақмоланың жас большевиктеріне бас болған. Ақырында, біз оны Ақмоланың Совдепіне бастық қылғамыз... «Бұрын левый эсер едім, енді большевик болдым...» — дейтін.

Ақмолада бұрын большевик партиясы жоқ болған соң, сол Совдеп жасаудың алдында, Ақмоланың уездік начальнигінің мекемесінде ең бірінші большевик ұйымын — орысы бар, қазағы бар, — біз ашқамыз.

Большевиктердің бастығы болып жүрген Бачок және бізге бір үлкен ер көрініп жүрген Бачок Ақмоланың Совдепін контрреволюционерлерге босқа бергізді. Совдепке қарсы көтеріліс болайын деп жатқанын Совдептің жалпы мүшелері түгіл, президиумның мүшелері бізге де хабар қылған жоқ. Өзі ең алдымен қолға түсіп, атыса бастаған қызыл әскерге «атпа» деп бұйрық қылып, тоқтатты.

Ал онан соң түрмеге түсіп, аяғына темір шынжыр киілгеннен кейін:

— Мен левый эсермін. Мен большевик емеспін ғой... — деген әнге басты!..

Жалғыз Бачок емес, Ақмолада кеңсе қызметкерлері ұйымының өкілі болып, кеудесін қағып, Совдептің президиумына кіріп жүрген бір кісі бар еді. Контрреволюция жеңіп, Совет үкіметінің адамдарын ұстап қамап жатқанда, о да тұтқынға алынған. Бұл кісіні тұтқынға алып айдап, казак-орыстың станицасына әкелгенде, тұтқында отырған большевиктерді боқтап, «мен большевик емеспін!»—деп жылап, босанып кетті.

Онсоң біз көп сырларын білмейтін, бірақ үлкен әлеуметшіл Петракеев деген ерлі-байлы кісілер бар еді. Бұлар Совдепте болған жоқ еді. Ақтар абақтыға бұларды да бізбен бірдей қылып, қамап қойған еді. Бұлар нағыз ер азаматтар болып шықты.

Түрмеде, алғашқы қысталаң уақытта, тағы да кейбір жігіттердің өте нашарлықтары білгіші. Бір күні Байсейіт осы айтылған жаман қулықтары көрінген адамдарға қарап отырып тарықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий