Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— «Алашордашылдар» орыстың патшасы түскеннен кейін қазақты орыстан бөліп алып, өздері қазақ халқына хан болғысы келеді, өздері патша болғысы келеді. Біздің пікірімізше, патшадан бір құтылған езілген қазақ халқына енді хандардың ешбір керек жері жоқ. Және бұлардың ниеті бойынша қазақ халқы орыстан мүлде бөлінбек және қазақ жерінен күллі крестьян орыстарды қумақ. Орыстар қуылса, үлкен бүліншілік болмақ. Қазақтың нашар бұқарасына теңдік әперген орыс еңбекшіл халқынан біз айырылып қалмақпыз. Міне, осы себепті мен «Алашордаға» қарсымын! — дедім.

Орыстардың көздері шығып кете жаздады! Әсіресе қара сақалды крестьянның көзі ежірейіп кетті.

«Алашорданың» шын ниетін орыстар менен ғана білгендей болды. «Алашордамыз» деп ақтармен бірге мені тергеп отырған үш қазақ—Төлебай мырза, Тәшти сәудегер, Мәнтен молда — не қыларын білмеді. Қып-қызыл болды. Қызарғанда большевик болып «қызарған» жоқ, тек сасық қарындарындағы қаны беттеріне келді.

Орыстар «Алаштарға» ала көздерімен әдемілеп қарап қойды. Найзамның дәл тигенін біліп, қыбым қанып, қағазға қол қойдым.

Залға шықтым. Кейінгі жолдастарды да сұрап жатыр. Залға Тәшти мен Төлебай шығып, терезенің алдында тұрған менің қасыма келіп, менімен сөйлесіп тұрды. Сөздері тіпті жылы. «Бір туысқан» адамдардың сөздері тәрізді.

— Е, ештеңе етпес, әлі құтыларсың... — деген сөз айтты.

Төлебай екеуміз бұрын бірге оқыған, бір жылы бір пәтерде жатқан ашынажай едік. Бұрын дос болғандығымыздан, біраз «наз» айтысып тұрдық.

Біраздан соң олар бөлмелеріне кіріп кетті.

Біз, Байсейіт екеуміз, школдың терезелері көшеге қараған бір бөлмесіне кірдік. Сырттағылар сол арада бізге қымыз жіберіпті. Конвойдың бір солдаты әкеп берді. Іштік.

Терезеден қарасақ, екі қазақ әйелі терезеге таянып келіп тұр екен. Біреуі Байсейіттің келіншегі. Біреуі қайын енесі екен. Бізбен ишарат қылып амандасты. Біз де терезеден бастарымызды изеп, жылы түспен амандастық. Әйелдер, біздің түстеріміз қайғылы болмай, «қуанышты» тәрізді болғанына, үміттеніп қалса керек. Екі әйелдің де түстері жылып кетті. Ишарат қылып, бастарында ақ кимешек жаулықтарын ұстап көрсетіп, ымдап жауап сұрады. Мен ишараттарына түсіне қалдым да, күліп басымды шайқадым. Ақ жаулығын көрсетіп ишарат қылып, жауап сұрағаны — «ақталдыңдар ма» деген сөзі еді.

Комиссия жауап сұрап жатыр. Біз тұрған үйге сәйгел қуған сиырдай еліріп, бір кіріп, бір шығып офицерсымақтар жүр. Салдыр-гүлдір етіп жүреді. Кейбіреулерінің қолында қамшы. Кейбіреулерінің қолында шыбық. Үріккен тайлақша жалт-жұлт етеді. Біраздан соң комиссия жауап сұрап болды. Бәрімізді тізбектеп, сылдыратып, атты конвой түрмеге айдап қайтты.

Жауаптан кейін жұрттың көбін шығарып, «өте қатты іс қылғандарын» ғана алып қалады екен деген хабар шықты.

Құбылған, үйреншікті, біресе жақсы, біресе жаман хабар күнде естіледі.

Жұрттың бәрі-ақ шығуға құмар. Түрменің ызғары бәрімізге де батты. Терезеден достарымыз, қырдан келген туыстарымыз, әкелеріміз өтіп жүреді. Өтіп бара жатқанда, терезеден қарап бас изеп, амандасып қаламыз. Олар да мұңайып, ишарат қылып, амандасып өтеді. Терезенің сыртында қарауылда тәуірлеу солдат тұрғанда, аяңдап өтіп бара жатқан жақынымызбен сөз қатысып та қаламыз...

Бір күніміз бір күнімізге ұқсайды. Уақыт өтпейді. Тіпті ақырын жылжиды. Шикі піскен наннан жасаған дойбы, шахмат ойнаймыз. Әңгіме сөйлейміз. Кей уақытта бірімізді-біріміз қажап, ойнап та қоямыз.

Мен терезеден көп қараймын... Күн сайын болмаса да, әлгі шашына қызыл лента таққан қыз бала терезе тұсынан қарап өтіп жүреді. Ақырын бас изеп амандасамыз. Күн сайын балапандарын шұбатып, терезенің тұсындағы ойпаң көгалға ақ қаз өтеді. Әуелдегі жұмыртқадан жаңа шыққан шүйкедей сарыүрпек балапандар енді үлкейіп, темірқанат болып қалды... Дегенмен күн жылжып өтіп барады...Тұтқындарды қозғап, бір бөлмеден бір бөлмеге ауыстыра береді. Терезесі тысқа қарамаған бөлмеге кіргізгенде, дүниеде бос жүрген жанды көзбен де көре алмай қалғандықтан, тіпті ауыр қапаланамыз...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий