Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орталық «Алашордаға» губерниялардағы жасалған «Алашорда» үкіметтерінен қайрат болмай жатты. Мәселен, Семеймен жапсарлас, аралас тұрған біздің Ақмола облысында жасалған «Алашорда» үкіметтерінің соңынан қазақ халқы ерген жоқ. Ақмола облысындағы жасалған «Алашорда» «хан жақсыма» ойнаған балалардың ойынындай ғана болды. Ақтар чехословактар Батыс Сібірде ең алдымен шоқпарды Челябі мен Ақмола облысына соқты. Чехословак пен ақтар бунты (көтерілісі) ең алдымен Челябі, Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Омбыда болды. Батыс Сібірдің өзге жерлерінде Омбы, Қызылжар алынған соң, Совдеп құлады. Омбыда Ақмола облысын билеуге «Алашорданың» облыстық үкіметі жасалды. Ақмоланың облыстық «Алашордасына» сайланғандар: Айдархан Тұрлыбайұлы — адвокат, юрист; Миғаш Абылайханұлы — хан тұқымы, офицер; Асылбек Сейітұлы—доктор; Мұсылманбек Сейітұлы — переводчик; Ережеп Итбайұлы — бұрынғы окружной сот переводчигі; Мағжан Жұмабайұлы — оқыған жігіт, болыстың баласы; Мұхтар Саматұлы оқыған жігіт, Бөкейханұлдарының ертегісіне нанып жүрген кедей баласы; Смағұл Садуақасұлы — оқып жүрген жігіт, Асқат Сайдалыұлы — оқып жүрген жігіт; Қошке Кеменгерұлы — оқып жүрген жігіт; Мұратбек Сейітұлы — оқып жүрген жігіт. Соңғы бесеуі — Омбыдағы белгілі «Бірлік» деген жастар ұйымының сол уақыттағы бастықтары. Ақмола облысының уездерінде «Алашорданың» уездік үкіметтері жасалды. Бәрін Семейдегі Орталық «Алашорда» үкіметі бекітіп, Бөкейханұлы қол қойып, «Сарыарқа» газетіне жариялап шығарды. Көкшетаудағы уездік «Алашордаға» «Қазақ» газетінде Міржақыптардың баяғы оңдырмай жамандайтын Сәлім Кәшімұлы деген қажы-молданы бастық қылды. Көкшетаудағы уездік «Алашордаға» Кәшімұлы тағайындалды...» — деп Бөкейханұлы жарлыққа қол қойып, «Сарыарқаға» жариялады. Сәлім молданың Көлбай Тоғысұлынан кем болмаса, артық жері жоқ еді. Ақмоланың облыстық «Алашордасына» соңынан Әбдірахман Байділдаұлы кызметке кірді. Сонсоң Әбдірахман оқу оқи алмай қызметсіз қаңғып жүрген Жанайдар Сәдуақасұлына көмек қылуға әрекет қылып, «Алашорда» мекемесіне қызметке кіргізбек болады. Жанайдарды өзімен бірге кіргізе алмаған соң Байділдаұлы өз орнын беріп шығуға әрекет қылады. «Алашорда» ұлықтарын көндіріп, Жанайдар Сәдуақасұлына өз орнын беріп шығады.

Ол арада эсер партиясының бастықтары Самардағы учредительное собрание комитеті («Комуч») Челябі қаласында «Мемлекет кеңесі» (государственное совещание) деген мәжіліс жасамақ болып жар салды. «Мемлекет кеңесіне» Семейдегі Орталық «Алашорданың» бастықтары Әлихан Бөкейханұлы, Әлімқан Ермекұлдары жөнелді. Бұлар жолшыбай Омбыға түсті. Омбыдан Ақмола «Алашордасының» бастығы Айдархан Тұрлыбайұлын ертіп алды. Хатшылыққа Әбдірахман Байділдаұлын алды. Сөйтіп, «Алашорданың« Әлихан, Айдархан, Әлімқандары Әбдірахманды хатшылыққа алып, дүрілдетіп Челябіге барады. «Мемлекет кеңесі» Челябіде болмайтын болған соң, учредительное собрание комитетіне көрініп, жәрдем алуға бұлар Самарға келді. «Хандар» бір әдемі нөмірге түсті. Бұлар сол жерге «Мемлекет кеңесіне» «Күнбатыс Алашордадан» келген Жанша Досмұқамбетұлына, Уәлитхан Танашұлына қосылды. Және бұларға Түркістанда Ергеш сарттарынан қашып жүрген Мұстафа Шоқайұлы келіп қосылды. Бәрі шұрқырасты да қалды. Күндіз-түні әңгіме, күндіз-түні жүріс.

«Алашорданың» әкелген ақшасы көп. Оның үстіне учредительное собрание комитетінен екі миллион сом алды. Самардың арақ-сыра сататын әдемі үйлері, рестораны бұлардың әмірінде, «Алашорда» кеңестерін сол әдемі үйлердің (ресторанның) бөлмелерінде құратын болды. Үстелдерінің үстінде атты әскердей болып, самсап бөтелкелер тұратын болды. «Хандардың» кеңеске салған сөздерінің екпіні, алдарындағы үстел үстінде тұрған «атты әскердің санына» қарай болатын болды. Бөтелкенің дүмп еткен ауыз күшімен сөздері шешілетін болды. Бөтелкенің түбімен қаулылары бекінетін болды. Сөздерінің көбі большевиктерді боқтау болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий