Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«ЕСЕП

Омбы жастары жасаған қазақша сауықтың кіріс-шығыс есебі.

Барлық кіріс алты мың үш жүз тоқсан екі сом, он бес тиын.

Таза түсім үш мың жүз сексен тоғыз сом жиырма бес тиын.

Сыйлық бергендер:

Сұлтан Әбдірақымұлы бес жүз сом, Аққағаз Досжанқызы елу сом және бір күміс түрік теңге. Шаяхмет Өтегенұлы жиырма үш сом, Балтабай Боранқұлұлы бір күміс қасықпен шанышқы, Әмина Қуанышқызы бір алтын жүзік, Бибінұр Әйтпенқызы бір алтын жүзік, Гүлия Досымбекқызы бір күміс жүзік, Ғазиза Досымбекқызы бір күміс теңге. Асфандияр Шорманұлы бір ширек темекі. Мұратбек Сейітұлы бір қадақ қант. Жамын Төлемісұлы бір қадақ шай. Баршаларына «Тілек» қауымы атынан жарылғасын айтамын.

Ғаббас Тоғжанұлы».

Газеттен:

«ЖАС АЗАМАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖӘРДЕМ

«Жас азамат» газеті ақшасы жоқтықтан тоқтағалы тұр деген сөзді «Сарыарқаның» 68-інші санында көріп, жәрдем сұрағанда, Қалберген Құл баласы қырық сом, Шырғай Мұстамбай баласы жиырма сом, Әміре он бес сом, Ғазиза Мұстамбай келіні бес сом, өзім, Ыдырыс Мұстамбайұлы бес сом. Барлығы сексен бес сом берді. Бұл ақшаны «Жас азаматқа» жібердім.

Гимназист Мұстамбайұлы ».

Міне, жастардың ұйымы осындай...

XII. БАЯНАУЫЛҒА КЕЛУ

Ертеңінде қалашылармен Павлодардан шықтық. Күн жылы. Қар басымырақ еріді. Павлодар Ертіс өзенінің жағасында. Көше-көшеден иреңдеп, бұрқырап аққан сары лай су тұс-тұсынан Ертістің жарынан сарқырап құлайды. Ертістің мұзының үстіне де сары су көлкіген. Ертістен ептеп өттік. Қалашы төрт кісі. Менімен бесеу. Көлік екі ат, бір түйе, үшеуі де арық, нашар. Екі атқа жайдақ шана жеккен. Шаналарда бидай мен ұн салған екі-үштен қап, бір-екі жаман жәшік. Түйенің үстінде де үш қап астық.

Жолға түсіп көрдік. Жолдың кей жерінің қары тіпті кетіп қалған. Қарлы жерлері сылқылдап түсіп кеткен. Ертістен өтіп жолға түскен соң-ақ жолдың ауырлығын көріп, тәлтіректеп шөмендеген көліктердің түрін көріп, қиыншылықты сездім. Ертістен бір шақырымдай шықпай-ақ қара ат шанасын шөмендеп сүйрелеп келіп, ақырында тарта алмай қойды. Олай-бұлай біраз айналдырып, болдыра алмаған соң, иесі мен қара ат қалды. Ала ат пен сары түйелі үш қалашы, менімен төртеу болып, малтыға жығыла жылжып келеміз. Бәріміз де жаяу. Торы ала ат пен сары түйе жол бойының көксоқта болып жатқан қалың қарына киліккенде омбылап, малтығып жығылады.

Қары кеткен аламыш жерінде торы ала ат шөмендеп, шананы тарта алмай тұрып қалады. Жер үстінің бәрі көлкіген көк су. Жығылған түйе мен атты сүйеп, демеп тұрғызамыз. Жығылған сайын түйенің жүгін түсіріп қайта артамыз. Жүріс өнбеді. Мұның қасында бөгелмей, жаяу жүріп кеткен қызықпен бірдей екен. Шылқылдап аяқтан су өтті. Қалашыны тастап, жалғыз жүріп кетуге көңілім бармады. Торы ала ат пен сары түйені қалқақтатып жетектеп, қамалап, жаман етікпенен су кешіп толарсақтап келеміз. Төртеуміздің де тілегеніміз екі көліктің қуаты. Қалашылар жұтап, ашығып жатқан қатын-бала, кемпір-шалдарына тезірек азық жеткізу үшін, торы ала ат пен сары түйенің қуатын тілейді. Әлсіз ат пен түйенің жүктерін қолымен сүйреп келе жатқан тәріздіміз.

Екі тулақтың жүргенінен тұрғаны көп. Аяқтарын екі басып, бір жығылады. Жығылған сайын түйенің жүгін, астық толтырған қаптарды көтеріп шығып, қайта артамыз. Арқаның тері бешпенттен өтті. Қардың суы етіктен, аяқтан өтті. Ауыр бейнетке белшеден баттық. Ол күні Павлодардан он шақырымдай жол жүріп, кешке, қары кеткен жол бойындағы бір аламыш жерге қондық. Қары кетсе де жер су.

Күн батқан соң суық бола бастады. Қар мен су мұздады. Термен су болған киім, су өткен жаман бұзаубас етік пен шұлғау да соқталанып мұздады. Тоңдық. Әсіресе жұқа киімді мен тоңдым. Бірақ тоңғанымды қалашыларға айтпаймын. Әрең деп от жағып, қыздырынған болып, су қайнатып, кеш болғанда нанмен шай іштік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий