Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Одан соң болыстардан болыс басы 10 жігіттен сұрады. Қазақтар бермек болды. Ол жігіттер әскер өнерін үйреніп, әр болыстың ішінде гарнизон болып тұрады... Атаман Анненков қазақтың оқыған, басшы, жұрт ағасы адамдарын (Әлихан, Мұқаметжан, Ахметжан, Жайнақұлы) білетінін айтқанда, қазақ шу етті. «Біздің әкемізден артық көретін кісілерімізді біледі екенсіз! Олар «жат!» десе жатамыз, «тұр!» десе тұрамыз», — деп, сонда Анненков айтты: Оларды Жетісу қазақтарының атаманы Афонов жек көреді, «автономия алмаққа жармасады» деп, мен қазақтың ол азаматтарына сенемін! Қазақ пен орыс арасында от жағып, Афонов шағыстырып жүр: Афонов, менің қазаққа мылтық бергеніме де, қазақ полкін жасағаныма да қырын қарап жақтырмайды, — деді.

Анненковтың тілмашы — Кеңсебай Үмбетбайұлы»

Және «Сарыарқа» газетінің сол 1919 жылы 26 наурызда шыққан 74-ші нөмірін қарап отырдым. Бүл нөмірде атаманның «батырлары» қазақ халқының нашарларын — қара бұқараларын итше тепкілеп жатқанда, «Алашорда» әскерінің большевиктерге қарсы «батырлық» қылып жатқанын көрсететін «Қазақ қалай соғысады» деген мақалаға көзім түсті.

«ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ СОҒЫСАДЫ

«Алаш Орданың» тұңғыш жасаған 1-Алаш полкі Жетісу майданында көпшілдерге қарсы соғыста жүргені алашқа мәлім.

...Жігіттердің азырақ қимылдарын жазамын: Көпшілдер Саратовкаға шабуылдап тұрғанда, 29 октябрьде біздің жүздіктегі Балтай Бейсебекұлы деген жігіт жортуылда жүріп Аязбай бақшасының қасында (Саратовкадан 7 шақырым) тастап кеткен бос қыстауды көре кеткелі барады.

Бұғып бекіністе отырған жауға душар болады. Екі көпшіл шыға келіп бас салып, жігіт есін жиғанша шылбырынан ұстай алады. Бұдан құтылу ойлағанда мүмкін емес. Сөйтсек... Епсіз, икемі жоқ қазақтың сасып есі шықпай, көзді ашып-жұмғанша атының басынан жүгенін сыпырып тастап, көпшілдердің бірін мылтығының дүміменен серейте бір түйіп, шу деп тебініп, атты бір салып жөнелді. Жүгенсіз басы босаған ат тұра шауып, зымырап кете барды. Есі шыққан көпшілдер мылтықтарын алып атқанша жігіт құтылып кете барды. Шауып келіп жортуылда жүргендерге білдіреді.

Мынадай бір гәп тағы болды. Андреевка қаласына біздің жүздік шабуыл жасаған кезде, Ахметқали Орманбайұлы дегенге жиырма жігіт беріп, қаланың солтүстік жағына шығып, көрініс қылу тапсырылған еді. Өзгеміз қаланың оңтүстік жағынан тимекші едік. Орманбайұлы құйынша ағызып барып, қалаға кіріп, көпшілдердің әңкі-тәңкісін шығарып, жаман састырып, жолымызды қылды.

Тағы да жігіттердің бір қимылы: 29 октябрьде бір топ қазақ әскері оқтарының бәрін атып тауысып, Саратовкадан салығымызға қарай шегінгенде Қағазбек Дәшкібаласы дегенді 12 жігітпен артымызға тастадық. Жауды алдандырып, Тұтсалыққа өткізбе деп. Қағазбек 150 көпшілді бір жарым сағат бөгеп, бізге жібермеді. Қағазбектің бұл қайратының арқасында шығынсыз шегініп, аман құтылдық. Осы сияқты өжеттіктер толып жатыр...»

Оқып болып, жерге түкірдім. Ол нөмірін қоя салып, «Сарыарқаның» 1919 жылы ақпанның 20-сында шыққан 70-нөмірін алдым. Бұл нөмірде Ақмола уезінде мұжықтардың көрген жәбіршілігін айтып, елден жазған Байсалбайұлының сөздеріне «Сарыарқа» басқармасының қайырған жауабын оқыдым. «Сарыарқа» басқармасы «Ақмола қазақтары «Алашорда» әскерін, «Алашорда» милициясын жасамай жатыр. Сондықтан орыстардан зорлық көріп жатыр...» — деп жазады. Басқарма сөзі мынау:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий