Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағы, артымыздан, көз ұшында қарлы жоннан қос-қос ат жеккендер көрінді. Олар да лезде гуілдеп жетіп келді. Жолдан шығыңқырап тұрдық. Крестьяндар екен. Алдыңғы қос ат жеккен крестьян бізге жақындай бергенде дауыстады:

— Е, ей! Отырыңдар мына шанаға!.. Әйдә, аттар мықты! — деді.

Біз аңырайып тұрып қалдық. Крестьян бізбен қатарласып, бір түрлі көңілденген дауыспен дауыстап, сөйлеп тұра қалды.

— Әйдә, мініңдер!.. Не, тұрғандарың?.. Әйдә, шанаға отырыңдар! —деді.

Қуанып кетіп, жалма-жан шанасына, крестьянның қасына отырдық, крестьян айдап жөнелді. Жіпсіген сылқылдақ қармен жайдақ шана сырылдап, жылмаңдап ытқыды. Крестьян базардан көңілденіп келе жатқан көрінеді.

— Е-ей, и-и! Сұңқарлар!.. Ей-ей, е-е-й-и-и!! — деп шыбыртқы қамшысын үйіріп қояды. Крестьянмен жөн сұрастық. Саясат туралы сөйлестік.

— Үкімет қалай? — деп сұрадым. Крестьян бізден именбей әңгімелерін гөйтті. Колчакқа жалпы крестьянның неге қас екенін сөйледі. Крестьянға Совет керек екенін сөйледі. Ақырында:

— Қар кетіп, жер кепкен соң большевиктер келеді. Барлық крестьян көтеріліп, Колчакты қуамыз... — деді.

Көп әңгімелестік. Жол бойы елсіз. Кешке крестьян жолдан бұрылып, бізбен қош айтысып, поселкесіне кетті. Біз жол аузындағы бір төрт-бес үйлі нашар қазақтарға қондық.

Славгород пен Павлодардың арасы жүз елу екі (152) шақырым. Ерте тұрып жүреміз, түсте дамылдаймыз. Кең даланы басқан қалың қар күн сайын жіпсіп ери түседі. Жиырма, жиырма бес шақырымдарда ғана кездескен поселкелердің көше-көшелерінің еріп көлкіген қар суы күн сайын көбейіп ағады. Жаман бұзаубас етіктен шылқылдап аяққа су өтеді. Қонған жерде шұлғауларымызды сығып кептіреміз. Су өткен аяқ ақжем болып үлдірей бастады. Дене қатайып, толып, ісініп алды. Славгородтен екі жаяу араға үш қонып, төртінші қонаққа Павлодарға келдік.

Павлодар Ертіс өзенінің жағасында, маңы жазық. Павлодарда қазақ жақтары бөлегірек тұрады, қаладан бір-екі шақырымдай. Күншығыс-түстік жағында. Жатақ ішінде Смағұлдың Омбыда жүргенде бірге жұмыс қылысатын бір Әбдірахман деген жолдасы бар екен, сонікіне келіп түстік. Әбдірахмандікінде екі күн жаттық. Әбдірахман Омбыдан екі қыз балалы, байы өлген, мүлікті бір қатын алып келіп, едәуір ауқатты жігіт болған екен.

Өзі енді мал базарында сауда қылады екен. Ол қатыны Павлодарға келген соң өліп, бір молда қазақтың қызын алған екен. Әбдірахман Смағұлдай емес, пысық, білгіштеу. Киімдері жақсы, бұрынғы жұмыскерлігін ұмытып, енді нығызсып, саудагерлер қатарына кірген тәрізді. Үйінде Смағұлмен бірге екі күн жаттым. Түрлі әңгіменің ішінде саясат туралы, «Алашорда» туралы әңгіме қозғаймын. Әбдірахман «Алашордаға» әбден сенген. Ептеп «Алашорданың» міндерін айтып, сөз қозғап қоямын. Әбдірахман болмайды... Әбдірахмандікіне Әбіл деген жалтаң көз, қыр мұрын қара жігіт келді. Семейден «Алашорданың» әскерінен келген екен. Онымен көп әңгімелестім. «Балуан Қажымұқанның інісімін» — деген соң, денеме қарап, мені де балуанға ұйғарысты. «Алашорда» «батырларының» біраз әңгімелерін білдім. Әбілмен көшеге шығып, Павлодар қаласын араладым. Қар ептеп еріп жатыр. Мал базарына бардым. Әбілмен мал базарынан табыспақ болып, қаланың ішін араладым. Қазақ пен орыс балалары оқитын школға бардым. Мешітке жұма намазына жиылған мұсылмандарды барып көрдім. Сөздерін тыңдадым. Қайта мал базарына келіп, Әбілмен бірге жатақ қаласына қайттым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий