Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Смағұл қазақ әйелі қараған бөлмеге кіре беріп, есік алдында бөгеліңкіреп қалған маған да «жүр» дегендей ымдады. Мен жүруге аттай бергенімде төргі үстелде қағаз жазып отырған орыс аларып қарады:

— Қайда барасың?.. Аяғыңмен еденді былғайсың! — деді.

Мен есік алдында, босағада отырдым...

Болыс пен хатшылар өнімсіз істерін істей берді.

Смағұл кешікті. Мен отырып, жанымдағы ине мен жіпті алып, қой терісі қолғабымның бір сөгілген жерлерін тігіп алдым.

Комитеттен Смағұл енді біржола шықты.

Дүкенші ноғайға келдік. Ноғай баласын қосып берді. Үйі қаланың күнбатыс жақ шетінде екен. Ноғайдың бәйбішесі тысқа шығып, отын салатын қораның жанында жатқан жуан діңгек сырғауыл қарағайларды көрсетті. Сарайынан екі кісілік ара темірін, кетпен балта пен тоқпағын алып берді. Діңгектерінің жуандығына екі кісінің құшағы әрең жетеді. Діңгектерді отынға лайықтап әуелі арамен кесу керек. Сонан соң кетпен балтамен шауып, тоқпақпен ұрып жару керек.

Сәске түстен бесінге шейін Смағұл екеуіміз аласұрып, жуан сырғауылды арамен кескіледік. Аласұрып аянбай жұлқынып қимылдаймыз. Денеден тер моншақтады. Тер көйлектердің, бешпенттердің сыртынан өтті. Көптен жұмыс көрмеген білек пен бел быт-быт болып дуылдайды. Қан бұрқырап термен араласып тасыды. Бет қызарды. Жұлқынғаннан талып, екі қар солқылдады. Бесінде біраз дамылдап, ноғай бәйбішесінің істеген асын іштік. Ноғай әйелдері асты қандай тәтті қылып істейді.

Ет жеп болған соң, тәтті сорпасына құймақ қатық қосып берді. Маңдай терді сүртіп қойып іштік. Бәйбішенің құймақ қатығынан тағы бір кесе іштім.

Бесіннен кейін күн батып, ақшам жамырағанша, тағы да аласұрып сырғауыл кестік. Кешке ноғайдың жылы, таза үйінде сөйлесіп отырдық. Термен су болған бешпенттеріміз бен сырт көйлектерімізді ауыз үйіне жайып қойдық. Саудагер ноғай үш-ақ бас. Өзі, бәйбішесі мен баласы. Бір қызметкер орыс қызы бар. Кешке тағы да асқа сыйлады. Тағы да сағынған құймақ қатыққа тойып кенелдім. Үстел басында әңгімелесіп, жөн сұрасып отырғанымызда, саудагер маған: «біраз уақыт жұмыс істеуге қал» — деп ақыл айтты.

— Өзің мықты, тәуір жігіт көрінесің, осындай қар еріп жатқан жаман уақытта сонау Керекуге (Павлодарға) жаяулап кетуің жарамайды. Онан да біраз күн осында жұмыс қылып, біраз мал тауып, қар әбден кетіп, күн жылынып, жер кеуіп, көк шыққан соң жүргенің ақыл болар еді. Тәуір жігіт көрінесің, тілімді алсаң сөйт, шырағым!.. — деді.

Мен асығыстығымды, бөгеле алмайтынымды айттым.

Ертең ерте тұрып, кесілген діңгектерді сәскеге шейін аласұрып, быт-быт қылып жарып, үйіп бердік.

Жолазыққа нан, май алып, түс кезінде Славгородтан Павлодарға қарай жаяу жүріп кеттік. Екеуміздің де киімдеріміз ауыр емес. Қолымызда таяқ. Бел буулы. Қар жолымен аяңдап келеміз. Қарға көмілген Славгород жылмиып, бірте-бірте артта қалып барады. Айнала төңірек тесіксіз аппақ, жылмиған дала ақ теңіздей. Жып-жылмағай соқпақ жолмен жүріп келеміз. Қар иленіп, аздап жіпсіген. Соқпақ жол азырақ еріп, бұзылған. Соқпақ жолдың ұшы-қиыры жоқ тәрізді. Анда-санда қара-құра көрінеді. Жүруге қиын. Жол бойында анда-санда ғана әредік қалың қардың ортасында қарайып қылтиған мұжық үйлері кез болады.

Күн төмен түскенше жүрдік. Күн еңкейген кезде артымыздан қос-қос атқа жайдақ шана жеккен біреулер зырқыратып келеді екен. Айдалада, аппақ қардың үстінде, жол аузында шаршаған екі жаяу қарап тұрдық. Алдыңғы қос атты шанадағы бір жуандау, ішік киген түлкі тымақты қазақ екен.

Бұрқыратып жетіп келді. Аттары ауыздығымен алысады. Сәлем бердік, түлкі тымақтының аузы қыбыр ете түсті. Қатарласа бердік.

Смағұл:

— Отағасы, бізді біраз жерге шейін мінгізе кетіңіз! — деді. Ішік пен тымақ қайырылмай өте шықты. Оның соңындағы қос ат жеккен де қазақ екен, о да өте шықты. Бәрі өтіп кетіп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий