Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Іш ауырса өлім бола ма? Бәрібір... Бізге өлген де, тірі жүрген де бәрібір, — дедім. Фельдшер:

— Неге бәрібір? — деді.

— Бәрібір: бізде аяйтын не бар? Менің түрім мынау... Киім мынау... Маған бәрібір, өлімнен қорықпаймын. Міне, сен өлме!.. Сенің тірі жүргенің жақсы. Түрің жақсы, киімің жақсы... Әне, алтын сағатың бар. Сен тіршілікті қимайсың. Саған тірі жүру жақсы. Мен өлімнен қорықпаймын! — дедім.

Фельдшер:

— Е, сен неге өлімнен қорықпайсың? — деді.

— Өлімнен несіне қорқайын?.. Өлсем жалқы қалатын ештеңем жоқ. Және мен қара жерден жаралдым. Өлсем қайта қара жерге барамын. Бәрібір: қанша «өлмеймін» дегенмен, бәрі ақырында қара жерге қайта барады,—дедім. Сол арада фельдшер екеуміз осы сөзге таластықта кеттік. Екеуміз де сөзді көбейттік, жұрттың бәрі күлісіп, аңырайысып тыңдап отырды. Поезд сырғып, дүрсілдеп жүріп келеді. Вагондағы мұжықтардың кейбіреулері иірілісіп, менің қасыма келді. Жұрттың бәрі менің жағыма шықты. Кейбір мұжықтар көңіліндегі сөзін айтып жібергенде, даңғойланып, мені жауырынымнан қағып-қағып қойды. Ақырында фельдшер жеңілді.

Ең ақырында:

— Сен кімсің өзің? — деді.

Мен білдіртпесем де, ішімнен азырақ сасыңқырап қалдым.

Бірақ жауапқа бөгелмедім.

— Мен қазақпын, — дедім.

Үш фельдшердің бірі күліп келіп, менің қолымды ұстап қысты.

— Жақсы... жақсы! — деді.

Ноғай жолдастарым да таңырқасып, күлісіп, мені айналдыра бастады. Байқамай артығырақ кеткенімді біліп, енді артын ептеп, аңқау қияпатпен жаймаладым.

Орыстар өз беттерімен сөйлесіп кетті.

Екі ноғай жолдастарым:

— Ей, Дүйсенбі, жарайсың!.. Сен тіпті ойламаған жерден едәуір сөз шығардың ғой. Дәл оқыған кісідей сөйледің. Сен қанша оқыған едің? — деді.

— Ойбай, әншейін, Омбыда күндізгі жұмыстан кейін кешке үлкендерді оқытатын жерден екі-ақ қыс оқыдым. Сондағы оқытушылардың көп айтқан сөздерін, тек тоқып ала бергендік қой... Әйтпесе біз не біледі дейсің! — дедім.

— Әй, жоқ! Сен бізге шыныңды айтпай отырсың. Сен аз оқыған жігіт емессің! — деді.

Екеуі менің бетіме қарап, бір-біріне ойларын мақұлдатты.

Біреуі біріне:

— Қарашы! Беті оқыған кісінің, иә шәкірттің бетіндей емес пе? —деді. Екіншісі:

— Я-я, оқыған кісінің бетіндей, шәкірттің бетіндей! — деді.

Содан кейін ноғай жолдастарым саясат туралы әңгіме сөйлей бастады. Мен олардың сөздерін тыңдап қана отырып, әңгіменің ішінде татар, башқұрт елдерінің жайларын сұрадым.

— Башқұрт, татарды қазір кім билеп тұр? — дедім.

— Башқұрт, татардың қазір ішкі биліктері өздерінде. Қазір большевиктер автономия берді! — деді. Мен аңқаусып:

— Е, сендер де орыстан бөлек өз алдарына хан болып кеттіңдер ме? —дедім.

Екеуі де маған қарап, менің хабарсыз аңқаулығыма бастарын шайқап күлді.

— Жоқ, автономия болғанда, хан-сұлтаны болмайды, жамуриат, орысша, республика болды, — деді.

— Қайдан білейін, біздің қазақтың ханындай бөлек хан болған ғой десем... — дедім.

— Е, сендерде хан бар ма? — деді.

— Бар. Бөкейхан деген хан бар, — дедім.

Екеуі де сақылдап күлді. Бөкейханның хан емес екендігін сөйледі. Ханды, Бөкейханды жамандады. Башқұртстанның Зәки Уәлитұлын айтты. Оны да жамандады. Россияның кірме, уақ ұлттарына большевиктерден басқа ешкім ерік бермейтінін айтты.

Мен большевиктерді жамандадым. Олар бірсыпыра сөзбен большевиктерді «жаман», «бұзық» деп сөз таратушылар — «жалпы теңдік, бостандыққа қарсы адамдар» деп түсіндірді. Мұның бәрін өздері іс жүзінде көргендіктерін сөйледі... Ақырында:

— Әй, Дүйсенбі, қой, ақылың, білімің тәп-тәуір болғанмен өзіңді әбден теріс жолға салып, жалғанға, өтірікке нандырып тастаған ғой, — десті.

Күні бойы жүрдік.

Славгородқа жақындағанда, бір станцияда екі ноғай жолдасым түсіп қалды. Олар түсуге жақындаған кезде адрес жазып алыстық. Менің өтірік адресімді олар жазып алды. Олардың адресін мен жазып алдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий