Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Билет аласың ба? — деді.

— Не билет? — дедім.

— Омбыға жұмыссыз кісіге билет сатпайтын болған екен. Билетті Омбыдан асырып Татарка қаласына шейін алып едім. Қазір енді өзім Омбыда қалатын болған соң билетімді сатайын деп едім! — деді.

Сол арада тез ойландым...

Омбыдан Славгородқа баратын кісі Татарка қаласына барып түсіп, Татаркадан Құлынды темір жолының отарбасына мініп кетеді.

Сол арада Күншығыс-Сібірге қарай, Славгородқа жүруге бел байладым да қазақтың билетін сатып алып, тысқа шықтым. Поезд жүк пен адам таситын (товаро-пассажирск. поезд) екен. Нөмірлі орынға қағаз алмаған, тек билеті бар жұрт бетімен сыйғанынша мінеді. Бір қараңғы қызыл вагонға жұрт асығып, таласып, шуылдасып мініп жатыр екен.

Мен де міндім. Міне алмай, қақтығып жылап жатқан кемпірді мінгіздім. Қараңғыда сипалап келіп, бір көлденең тақтайға жаттым. Қасыма басқа біреулер де келіп жатты. Біраздан соң қоңыраулар қағылды. Лықсып, қозғалып, салдырлап, поезд жылжып жөнелді.

«Уһ!» — деп демді бір-ақ алдым. Тыныс кеңігендей болды. Түнеріп және сәулеленіп, оттары жарқылдап, бірте-бірте жылжып Омбы қала берді... Ырсылдап, салдырлап поезд келеді. Вагонға мінгендердің біразы майданнан қайтып келе жатқан Колчактың солдаттары екен. Қараңғы вагонда сығылысып жатты. Большевиктермен соғысу әңгіме болды. Әңгімені жұрт қыздырды. Біріміздің түрімізді біріміз қараңғы вагонда көрмейміз. Тек әр жерден әр түрлі дауыс шығады. Бір дауыс күжілдеп шығады. Бір дауыс жіңішке, бір дауыс қызу, бір дауыс салмақты. Қараңғы вагонның ішінде түрлі дауыс әңгімені көкпар қылды. Сөзге мен де қатынастым. Кейбір дауыс большевиктерді қаралап сөйледі. Кейбір дауыстар ептеп қорғайды. Сөйтіп, едәуір жамырап сөйлеп жатып, жұрт әңгімені біртіндеп қойып, ұйқыға кетті...

Ертең түс кезінде поезд Татарка қаласына келді. Поезд тоқтасымен, мен түстім. Әр вагоннан алты-жеті кісі түсті. Бір вагоннан бір-екі ноғай жігіті түсті. Қолдарындағы жүктері шамалы. Екеуі жаяу аяңдап қалаға қарай жүрді. Соңдарынан жүріп қастарына келдім. Екеуінің де киімдері, түрлері қала мұғалімдерінің түрлеріндей. Амандастым. Екеуі де үйіріліп менімен амандасып, жөн сұрады.

— Омбы қазағымын, Славгородқа барамын, — дедім.

— Е, ендеше бізге жолдас екенсіз ғой! Біз де Славгородқа таяу бір станцада түсеміз. Отарбаға бірге мінейік. Біздің қасымызда бол,— деді.

— Жарайды, жақсы болды, сіздерге жақсы жолдас болайын, — деп екі ноғай жігітінің қасына ердім. Біреуі:

— Атың кім? — деді.

— Дүйсенбі, — дедім.

— Әйдә, бір асханадан шай ішейік! — деді.

Қаланын шетіндегі бір жаман лас асханаға кіріп, шай іштік.

Одан қаланың шеткі дүкендерін араладық. Екі ноғай жігіттің бірінің аты — Қабиболла, бірінікі — Қамза.

Екеуі де Шадрин қаласынікі екен.

— Бұл жаққа саудамен келіп едік, — дейді.

Екеуі де мұғалім екен.

Дүкендерге кіріп әр нәрсенің нарқын біліп жүр. Бір қол жәшіктері бар. Оны кезек алып жүреміз. Бір кездеме дүкеніне кірдік. Ана екеуі әр нәрсенің нарқын біліп тұрды. Мен де көлденең сәкі тақтайға мінбелеп тұрдым. Сәкінің үстінде сол күнгі шыққан орыс газетінің нөмірі жатыр екен. Газетті аудардым. Газеттің бірінші бетінде ірі әріптермен басылған телеграмма хабарына көзім түсе қалды.

«...Венгрияда Совет өкіметі орнады. Совнарком құрылды.

Венгрияның жалшы табы — пролетариаты «Ленин біздің және бар дүние пролетариатының жолбасшысы» деп Мәскеуге телеграмма берді», — деген сөзді ішімнен оқыдым. Қайта-қайта оқыдым. Қуаныш қойынға сыймады. Бірақ ноғай жолдастарыма ештеңе сездіргенім жоқ...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий