Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұқанның ат-шанасын жегіп, вокзалға мені Жанайдар алып жөнелді. Вокзалға келдік. Тым таянбай, бір көп вагондардың қасында мен аттың жанында қалдым, Қызылжарға жүретін поездың қашан жүретінін білуге Жанайдар вокзалға жүгіріп кетті. Біраздан соң «Сағат онда жүреді екен», — деп келді. Онға әлі екі сағат бар. Мені көпшілік бар жерге тұрғызбай, билетті Жанайдар сатып алмақ. Сөйтіп, мені вагонға мінгізіп қайтпақ. Вокзалға жиналған көпшіліктен қауіп қылатынымыз—танитын адам кез болып қалуы мүмкін дейміз. Өйткені мен 1913 жылдан 1916 жылға шейін Омбы семинариясында оқығандықтан, Омбының оқыған қазақтарының көбі мені таниды. Әсіресе «Алашордадағы» қазақтар кез болып қалса, жұмыс сөзсіз бітеді. Міне, сол себепті мені аттың қасына қойып, билетті Жанайдар алып, мені поезға тыстан мінгізіп жібермек. Жанайдар көп күтіп қалатын болған соң және менімен сөйлесіп жүргенін біреу бақылап тұрып, шатақ қылар деп, Жанайларды болмай қайтардым. Жанайдармен қош айтысып, аяңдап вокзалға кірдім.

Вокзалда халық көп, иін тіреседі. Неше күннен бері билет ала алмай қамалып жатқандар. Көбі қоржын-қапшық арқалаған еркек-әйелді мұжықтар. Үсті-басы кір, сақалы өскен кәрі солдаттар. Және топырлаған, кім екені белгісіз адамдар. Бұлардың бәрі вокзалдың жабайы, қара адамдар отыратын үйінде (3-інші класында) екен, мен де бұлардың қасына келіп кірдім.

Вокзал үйі кең. Едені тас. Үлкен кірпіш үй. Саспай тұрып, топырлаған халықты көзбен аралап көріп алдым. Бетімді, қияпатымды, жүріс-тұрысымды бұзып алдым. Ерсілі-қарсылы кіріп-шығып, Колчактың вокзалды бақылайтын әскерлері жүр. Офицерлердің иықтары, жандарындағы қылыштары жарқ-жұрқ етеді. Жүрістері сырт-сырт. Вокзал үйінің іші құжынаған құмырсқаның илеуіндей. Ың-жың, тарсылдап біреу кіріп, біреу шығады. Ың-жың, біреуде біреудің жұмысы жоқ. Бұрышқа таяу тұрған үстел мен бұрыштың арасында қатын-қалаштармен еденде отырған бір кәрі солдат пен және бір мұжықтардың қасына келдім. Қызылжарға жүретін поезды сұрадым. Билет сатылатын тесік әлі ашылған жоқ екен. Отырдым. Бұрыштағы екі-үш мұжыққа кәрі солдат әңгіме айтып отыр, Германия майданында болып, Ресейден жаңа қайтып келе жатқан солдат екен. Большевиктерді әңгіме қылады. Әңгіме айтуға ысылған солдат тәрізді.

Екі еркек мұжық, бір қатынмен үшеуі тыңдап отыр. Мен отырған жерімнен сырғып, таянып отырдым. Солдат өзінен басқа кісі білмеген әңгіме айтып отырғандай қылып сөйлейді...

— Большевиктер ме?.. Ол иттер күшті. Барлық фабрик, барлық завод оларда. Неше түрлі мылтық, зеңбірек, пулемет, оқ-дәрі оларда толып жатыр. Кездеме, шай, қант оларда. Неше түрлі сайман-машиналар оларда. Айырплан, танк, оқ өтпейтін автомобиль оларда. Қызыл әскер де көп. Ресейдің барлығы қызыл әскерге кірді. Қазір қаптап келіп Оралға шейін алып қойды. Бірақ бері, Сібірге қарай жүрмей отыр...» — дейді.

— Е, неге жүрмей отыр? — деді бір мұжық.

Солдат: — Әдейі жүрмей отыр!.. Олар қу шайтандар, Сібір халқы Совдепке, большевиктерге қарсы болды... Большевик үкіметін құлатты. Міне, енді мына тілеп алған үкіметтерінің қандай екенін әбден көрсін деп отыр. Өздері қозғалсын деп отыр!.. — деді.

Қастарына сүйретіліп келіп, қисайып тыңдап отырған менен именіп, қатын солдатты түртіп, «байқа» дегендей ым қақты.

Солдат менің бетіме қарап, қолын изеп қойды да:

— Өй, ол өзіміздің ағайын көрінеді. Отыра берсін, солай емес пе, ә? — деді.

Мен: «білмеймін» деп басымды шайқадым.

Колчактың бақылаушы офицерлері өтіп келе жатыр еді. Солдат сөзін қоя қойды. Офицерлер өтіп кеткен соң, бір мұжық сақалды солдатқа:

— Сен олардың әскеріне Ресейдегі халықтың бәрі де кірді дейсің бе? — деді.

Солдат: — Иә, жұмыскер, крестьян халқының соғысқа жарайтындарының бәрі-ақ кірді. Қайтсін? Өздері үшін кіреді. Помещиктен алған жерлерін оңайлықпен крестьяндар қайтып берер ме? Байлардан алған фабрика, заводтарын жұмыскерлер қайтып берер ме?.. Міне, сол себепті бәрі де әскерге өздері тіленіп кіріп жатыр!.. — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий