Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен оған болмадым. Әр түрлі ой кірді! Мені Колчак Мұқанның үйінен ұстап алса, үй иелеріне жақсы болмайды. Ал қораның есігі ашық сарайынан ұстап алса, үй иелері «біз білгеніміз жоқ», — деп жалтаруға болады. Осы оймен, сақтығым ұстап, жеңгейге болмастан үйден шығып, пішен үйген сарайға барып отырдым. Пішеннің үстіне шығып, шұңқырлап алдым, қисайып жаттым. Күн жылы. Сәуір, ептеп қарды жіпсітіп жатыр. Сарайдың төбесінен ақырындап пішенге тамшы тамады. Сәуірдің дымқыл иісі ауаны билеп алған. Жадыраған дененің күші артқандай. Жан-жануар жазды сезіп, жадырап көңілденгендей. Қорадағы еріген қардың шалшығын шылп-шылп еткізіп, шүпірлесіп, жамырасып, шүңкілдесіп ақ қаздар жүр. Былдырлап, күліп, жүгірісіп жасырынбақ ойнаған балаларша, бірін-бірін қуалап ойнап торғайлар жүр. Шалшықты шылпылдатып сарай алдында сиыр жүр. Басталған жазға бәрі де шат, бәрі де қуанышты тәрізді. Жан-жануарлардың бәрі де қыстай бүрісіп отырып, шуаққа жаңа шыққан тәрізді.

Көзім ілініп кеткен екен, сарайға Жанайдар келіп оятты. Амандасып, күлістік. Жанайдар болмастан үйге ертіп барды. Жеңгей сары майға құймақ құйып пісіріп, самаурынды қайнатып шайды жасап, даярлап отыр екен.

— Қарағым, енді шешініп, шай ішіп отыра бер! Үйге танитын кісі келе қоймас. Танитын кісі келсе қарындастарыңның бөлмесіне кіріп отырарсың! — деді.

Енді шешініп, жуынып шайға отырдым. Тоғыз айдан бері ішпеген шайды ішіп, жемеген құймақты жеп, кенеліп, әңгімелесіп, тіршіліктің толқынына мәз болып отырдым.

Еркектен батыр, еркектен ақылды әйел болатын шығар. Бірақ Бәтима жеңгейдей батыр, ақылды, орнықты әйелді көргенім жоқ. Жайшылықта әркім-ақ батыр, әркім-ақ ақылды ғой. Батырлық пен ақылдылығын таршылықта көрсеткен адамға кісі бас имес пе! Мұндай ілуде біреу ғой. Сол, алдында бас иерлік, «ілуде біреу» дерлік адам — Бәтима жеңгей.

Қылышынан қан тамып тұрған Колчактан қашып келген адамды үйіне енгізіп, төріне шығарып, аспай-саспай сыйлап отыру кімнің қолынан келер! Ердің ері қауіп қылатын іске сыр білдірмеген әйелді қайтып мақтамассың?.. Әңгімелесіп, Жанайдар, Бәтима жеңгей, қарындастарым, — бәріміз отырдық. Ішкі шолақ орысша бешпентімнің түймелері — семинарияның сары түймесі. Оны қарындасыма кескізіп тастап, қара түйме таққызып алдым.

Түс кезінде үйге бір ел қазақтары келді. Мені танымайды. Жай сөйлесіп отырдық. Мұқанның оқудағы ұл баласы келді. Және оқып сол үйде жататын бір-екі қазақ баласы келді. Бірі — өзіміздің осы күнгі Қаскей Өтекин. Мұқан келді. Бәріміз бірге отырып ет жедік... Қазақтар жөн сұрамай қоя ма?.. Менің жөнімді сұрады. Мен, әрине, лайықты қылып «жөнімді» айттым. Бір даулы жұмыспен келген қазақтар екен. Істері «Алашордада» екен. «Алашорда» теріс билік қылды десіп отырды.

Кешке Жанайдардың бөлмесінде отырып, енді жүріс-тұрыс план туралы әңгімелестік. Түркістан кетпекпін. Түркістанда Совет үкіметі. Жүріс план екі түрлі.

Бірі — Омбыдан отарбамен Қызылжар бару, Қызылжардан Торговая (сауда) көшесінде 64-ші үйден Әбдірахман Байділдаұлын сұрап, Байділдаұлы сонда болса жолығып, сөйлесіп, онда болмаса, «Тайынша» деген көлдің қасындағы соның еліне бару. Одан күш-көмек алып, Көкшетау уезіндегі фельдшер Ниязұлына бару. Одан Досұлына жолығып, Атбасарлатып Ақмола уезін басып, Бетпақдаламен Түркістан өту.

Екінші план — Омбыдан отарбамен, Алтай губерниясындағы Славгород («Шот») қаласына бару. Славгородта бір-екі большевик үйлеріне бару. Одан Павлодар (Кереку) қаласына бару. Одан Баянауыл қаласына келу. Баян тауының ішінде Сүйіндік деген елден әкемнің нағашысын тауып алу. Баян қаласындағы фельдшер Шайбай Айманұлына жолығу. Ол жерде біраз болып, тынығып, Ақмола уезіне өтіп, Бетпақдаламен Түркістан өту. Жанайдар Әбдірахман Байділдаұлына, Әбілқайыр Досұлына, Дінмұқамет Әділұлына хат жазбақ болды. Ол күні сонда болып, ертеңінде Мұқаннан жолға біраз ақша алып, жүрдім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий