Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Октябрь мейрамында Кошувен заводында болады. Бұл жерге Октябрь мейрамына Мәскеуден бастықтар келеді. Зиновьев бөлшек-бөлшек болған қызыл отрядтарды құрап, тәртіпті әскер қылып кетеді (Регулярная армия). Құралған қызыл әскерін «Путилевтің бірінші атты болат полкі» (Первый Путилевский стальной кавальерийский полк) деп атайды. Путилевтің бірінші атты болат полкінің Мұқаметқали пулемет бастығы болады.

Бұл полк құрылып болған кезде бұлар ақтың құрсауында қалады. Ақтар бұларды айнала қысады. Ақырында Болат полк қамаған ақтардың бір жағын қиратып, бұзып-жарып өтеді. Глазо деген қаланың жанындағы қызыл әскерге қосылады. Сол майданда қысты өткізеді. Бұлармен жедел Оралдың солтүстік жағында ақтармен майдандасқан қызыл әскердің бір полкі «Қызыл бүркіт полкі» деген полкі болады. Қазақша сөз құлаққа жатық естілмегенмен, орысша әдемі естіледі. Бұл Путилевтің бірінші атты болат полкі, қызыл бүркіт полктары туралы (Полк красных орлов) лагерьде отырып, Колчак газеттерінен көп оқыдық.

1919 жылы сәуір айында Оралдың түстік жақ майданына Троцкий келеді. Троцкий келген соң Қызыл әскердің рухы ерекше күшейеді. Оралды, Сібірді жаудан айыруға Троцкий ұран салады... «Жау қолындағы асау Сібір мен қарт Орал бізді күтуде...» — деген Троцкийдің күшті сөздері қызыл әскердің қайратын тасытады. Троцкийдің айтқан күнінде маусымның басында (үшінші маусымда), ішінде Мұқаметқали бар, қызыл әскер Оралдың Темірқазығы — Екатеринборды алады. Ол кезде Мұқаметқали – пулемет взводының бастығы. Ол арада жарасы жазылып, Телімбайұлы әскерге келеді. Сол бетімен қызыл әскер жылжып отырып, ақтарды домалатып айдай береді. Ақтармен белдескенде Мұқаметқали мен Жұмаділ алдыңғы қатардан қалмайды. Ешімді, Ялуторовскіні алғаннан кейін, Мұқаметқали сүзек болып ауырған соң, Екатеринбор қаласына жіберіледі. Жұмаділ Омбыны алып, Колчакты қашырып, Барнауылға барған жерде ақтардың қолына түседі. Ақтар Жұмаділді кескілеп өлтіреді...

Міне, Омбыдағы қызыл отрядқа кірген қазақ жұмыскерлерінің істері осындай болған. Ал ақтардың қолына түскен Угар (Мұқатай) неше қашып шығып, талай жерде қайта қолға түсіп, ақырында қашып, жасырын тұрмысқа кірген.

Ұлы майданда, тарихи сында біздің еңбекші таптан шыққан шын ерлер, міне, осындай болған. Білектерімен істеген бұлардың қайраттарын, кейін жазармын деп, бұл араға жазбай отырмын. Бұлар революция туының астында қатерлі қиын кешулерден сөйтіп, тайсалмай-ақ өткен... Онсоң Көкшетау Совдепінің бастықтарының бірі Сабыр Шәріпұлы еді. Сабыр ақтардың қолына түспей, жасырын жүріспен кеткен. Сабыр туралы соңынан білінген мағлұматтарды кейін жазармын.

Омбыдағы оқушылардың «демократ совет» жасап, большевиктерге қосылғандарынан Досұлы жылысып Көкшетаудағы еліне кеткен. Жанайдар Садуақасұлы ғана Омбыда...

Біздің Омбыға келіп тоқырағанымызды естіп, Қызылжардан Жұмабай Нұркиннің әкесі келді. Ол көп азық әкелген екен, оны алдық.

Солдат лагерьдің қақпасының алдын және лагерьдің қорғанының бұрыш-бұрыштарын ғана күзетеді. Барлық барактардан лагерьдің қақпасына қарай жүретін жолды бір-ақ өткел қылып, тікенді сымтемірден қылған шарбақ бар. Тыстан лагерьге кіріп, барактарға келген кісі сол тікен сым шарбақтың өткел аузымен ғана жүреді. Міне, сол өткелді екі солдат күзетіп тұрады. Барактардың астында бос жүреміз. Күніне екі мезгіл лагерьдің ортасындағы барактардың лагерь қақпасы жанындағы тікен сым шарбақ ішіндегі тағы да сыммен қоршаған кең жерге сейіл құрып жүріп келеміз. Лагерьді күзететіндер — чехословактар.

Лагерьдегі тұтқындар жіңішкелеп лагерьді билеуші коменданттан дәрі-дәрмек әкелуге рұқсат алып, конвой солдатпен лагерьден шығып, қала аралап, дүкендерге барып қайтады. Сөйтіп, таныс үйлерге де барып келетін болды. Біз де сол жөнмен келіп жатқан Жұмабайдың әкесіне барып, Мұқандікіне барып, Жанайдармен, Мұқанмен сөйлесіп келіп жүретін болдық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий