Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сайманы артық, соғыс тәртіптерін жақсы білетін жау отты, улы қорғасынды жаңбырша жаудырады. Қызыл әскер шеп құрып, оқты оқпен қарсылап, қып-қызыл оқтың астында, бытырлатып атқылап жатып алады. Екі күн, екі түн тыным алмай соғысады. Неше рет лек-лек болып оғын бұршақтай жаудырып қаптап келген дұшпанды қозғалмай жатқан қызылдар жусатып салады. Қызылдардың өздері де неше рет қозғалып, жауға қарсы ұмтылады. Ақырында қызылдардың оқтары да таусылады, адамдары да азаяды. Сайманы басым жау ақырында керіп әкетеді. Қызылдардың табаны аумай қалғандары лажсыз шегінеді. Әрбір ағаштың түбін, әрбір жерошақтың түбін қанға бояп қалдырады. Марьяновканы алған соң, чехословактар темір жолмен бөгелмей Омбыға келеді. Омбы вокзалының жанындағы Куломзино станциясында Омбының ақырғы отрядтары чехословактардың алдынан шығады. Бұлардың көбі — сол чехословактармен соғыс болып жатқанда ғана қолдарына мылтық алып шыққан жұмыскерлер. Бұлардың іштерінде де жиырма бес шамалы қазақ жұмыскерлері болған. Ә дегенде қолдарына мылтық түспеген соң бұл қазақ жұмыскерлері Омбыда жиналып келіп жанжал қылып, мылтық сарайындағы қарауылды өлтіріп, қару-жарақтанып, чехословактарға қарсы шығады. Куломзино станциясында чехословактармен тағы да қып-қызыл соғыс болады. Тағы да қырғын болады. Адамның қаны тағы да судай ағады. Куломзино станциясында адам қаны тамбаған жер қалмайды. Ақырында жау Куломзиноны да алып, Омбыға кіреді. Куломзинода соғысқан жиырма бес қазақ жұмыскерлерінің жиырмадайы оққа ұшады, тірідей қолға түскендерін чехословактар тілгілеп өлтіріп, бастарын мыжғылап ағашқа асып кетеді. Бұл соғыстағы қазақ жігіттерінен Зікірия Мүкейұлы қолға түсіп, аман қалады. Соңынан Угар (Мұқатай) Жәнібекұлы қолға түседі. Соғыс басылғаннан кейін, өлген қазақ жігіттерін қазақтар келіп жинайды. Бірақ қырылған қызылдардың бастары, беттері сонша мыжғыланғандықтан, көбін анықтап тани алмайды. Қырылған қазақ жігіттерінің ішінде біреуін Мұқаметқали Тәтімұлына ұйғарады. Бәрін жинап көмеді. Мұқаметқали Тәтімұлының еліне жолдастары көңіл айтып хат жазады. Ертіс пароходында матростық, жұмысындағы туған ағасы Омбыға келгенде, Мұқаметқалидың Омбыдағы жолдастары жиналып, ағасына қазақша естіртіп көңіл айтысады.

Міне, Омбыда Совет туының астындағы, қазақ еңбекшілерінен шыққан қызыл азаматтарының тағдырлары осындай болған...

Бұл жерде Мұқаметқали Тәтімұлы туралы анықталып білінген оқиғаларын айта кетейін. Мұның «өткен өткелдері», бастан кешірген ерліктері — еңбекші тап азаматына айта жүрерлік қызықты әңгіме.

Мұқаметқали Тәтімұлы мен Абдолла Асылбекұлының 1919 жылғы соғыс майданында өз қолдарымен істеген істері ертегі тәрізді. Бірі Орал тауында, бірі жырақ күншығыста – Жапониямен шекарада. Және Сабыр Шәріпұлының істегендері мен бастан кешкендері біртүрлі қызықты,таңқаларлық ертегі тәрізді. Бір үлкен «дастан» тәрізді. Бұлар туралы тағы да жазармыз. Бұл жерде Мұқаметқалидың не қылғанын айта кетейін. Мұқаметқали чехословактардың соғысынан аман кетеді. Чехословактар жеңіп, ақтар Омбыны алған соң, Мұқаметқали және Телімбайұлы деген қазақ жігіт екеуі қырық шамалы қызыл отрядтағы жолдастармен шегініп отырып, Ешім қаласына барады. Бұлар Ешімді ақтар алып тұрған үстіне барады. Ешімге бара, кие-жара ақтармен шартта-шұрт соғыс қылып жеңіп, абақтыға қамалған қызыл әскерлерді, большевиктерді босатып алып, Ешімнен кетеді. Жолшыбай әр жерде көтерілген ақтармен соғысып отырып, Екатеринбор, Тюмень қалаларына бет алады. «Вагай» станциясындағы соғыста Жұмаділ Телімбайұлына оқ тиеді. Сонсоң Жұмаділді Вяткаға жібереді. Мұқаметқали сол уақытта «Омбының асау жүзі» деген жүз шамалы отрядқа кіреді (Омская дикая сотня). Сол бетімен Мұқаметқали Оралдың солтүстік жақ майданында болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий