Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жерде аппақ қалың қар. Қыстың ақырғы кезі. Күн жылы. Күнбатыс пен оңтүстік арасынан ақырындап жұмсақ жел еседі. Темір жол үстінің, үй алдарының қарлары жіпсіген. Алыс аспандағы қызыл күннің жүзі жылы ұшырағандай. Жүрекке жылы сезім беріп, алыстағы жаз таянған тәрізді. Жерді қаптаған кешегі ызғарлы аппақ қар босап, аяққа ілінеді. Қардың кететін уақыты таянғаны сезілді. Күнге қараймын... Күнбатыс оңтүстік арасынан ақырындап ескен жұмсақ желге бетімді төсеймін. Қараймын... Жүрек қатты қимылдап соғады... Көкіректегі байлаулы арыстан қозғалып, бостандықты ойлап ақырын қимылдайды. Жолдастарға қараймын. Бәрінің де кір, күйе басқан аш беттеріне қан жүгіргендей. Бәрі де кеуделерін керіп, таза ауадан қанбастай жұтып, дем алып келеді. Бәрінің де кепкен, солған денелері жіпсіп жазылғандай. Үңірейіп, мұздап қатқан көздерінің жанарларына жан кіргендей. Апаратын жайлары қандай болса да, «Азап вагонынан» жаман болмас деп, бәрі де алабұртады. Жан-жағымыздан өтіп жатқан қаперсіз жандарға бәрі де ішіп-жеп қарайды.

Жүрек ақырындап тәтті қимылдап соғады. Көкіректегі байлаулы арыстан ақырындап шынжырын қозғайды.

Қылыштарын жалаңдатып даярлап көтерген атты конвой алды-артымызды қоршап айдап келеді. Қаперсіз жүзбен көлікті және жаяу жұрт жан-жағымыздан өтіп жатыр. Бәрінің ойларында ештеңе жоқ тәрізді. Тек аңырайып, таңырқап қарап өтеді...

Бізді лагерьге әкеп кіргізді. Лагерь Омбының темір жол жақ шетінде екен. Лагерьдің ішінде — шығар ауыздағы үйден бір қылыш асынған, әскери әдемі киінген толық сары жігіт шықты. Қасында үш-төрт солдаты бар, толық жігіт бізді алып, атты конвойды қайтарды.

Лагерьдің айналасы тақтаймен қоршалған қамау. Қамаудың ішінде жұқа тақтайлардан бос шегелеп, қора тәрізді қылып істеген ұзын-ұзын он шақты үйлер бар. Бұл үйлерді барак дейді. Лагерьдің сыртқы қамауының қақпасын жауып, сыртында, ішінде қарауыл күзетші солдаттар тұрады. Лагерьдің іші сыртқы дүниеден бөлінген, өз алдына бір мемлекет тәрізді. Он барактың бәрінде де толған тұтқындар екен. Барактардың есіктерін бекітпейді.

Тұтқындар бір-бірімен қатынасып жүреді. Барактар қамау лагерьдің түкпірінде болады.

Бізді айдап лагерьге кіргізгенде, барактардың араларында жүрген тұтқындардың бәрі де бізге қарай қалды. Айдап келген атты конвойдан бізді алған әлгі толық сары жігіт, қасындағы екі солдатқа:

— Мыналарды ана барактардың бос жерлеріне апарып орналастыр, — деді. Лагерьді күзететін чехословактар екен.

Енді бізді сол солдаттар ертіп жүрді. Барактарға таянысымен, алдымыздан бұрынғы шығып қарап тұрғандардан басқа, тағы да әр барактан көрден шыққандай сүметілген адамдар ақырындап шыға бастады. Көбі — өзіміз тәрізді азып-тозған, арыған тірі өліктей, көздері үңірейген аруақтар. Барактарға келдік. Жатқан тұтқындардың бірсыпырасы жиналып бізге келіп, жөнімізді сұрай бастады. Жөнімізді айтып жатырмыз. Жамырап орналастырып жатыр. «Ашпыз» деген соң, әрқайсысы жүгіріп нандарын әкеп беріп жатыр. Бізді барак ішінде үйір-үйір қылып бөлісіп әкетті. Отырғызды. Нандарын жегізіп, жан-жағымыздан қамалап, көрген-білгенімізді сұрап жатыр. Қайнаған су әкеп шай беріп жатыр. Су әкеп жуындырып жатыр...

Лагерьдегі жолдастар мың жарымдай екен. Бұлар жан-жақтан жиналған, түрлі жаста, түрлі формада, түрлі жақтан жиналған екен. Бұлардың ішінде орыс, ноғай, жебірей, неміс, мадияр, корейлік, тағы басқалар бар .

Бәрі сыртқы дүниеден тақтай қорғанмен бөлінген, лагерь ішінде өз алдына бір бөтен дүниеде өмір сүріп жүрген жандар тәрізді. Барактарына біреуі кіріп, біреуі шығып, қыбырлап құмырсқаша қайнайды. Барактың ішінде кір-кір тақтай сәкі. Бір жері сынған, бір жері қисайған. Іші сасық, күңгірт, қараңғы. Тұтқындардың бәрі де жүдеу. Көбінің киімдері өрім-өрім. Көбі ауру. Көбі меңзең. Ілініп, сүметіліп, бұралып жүреді. Күн сайын өліп те жатыр екен.

Қалай болғанмен, өз ауылымызға келгендей жадырап, кенеліп қалдық. Аштан қаусап, кеуіп келген жолдастар тамақтанып, тойып, кенеліп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий