Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Е,е, жай кісі де! — дедік.

— Жоқ, жай кісі емес, бізге көзқарасы жай емес, онсоң әдейі осы жерге шейін қырындап келіп, бізге қарап-қарап кетті,—деді.

Бесін уақтысында Катченко тағы да суға барып келіп, вагонды жапқан соң, сыбырлап:

— Банағы кісі тағы да келіп жүр. Вагонның арт жағында, сығалап қараңдаршы! — деп, өзі вагонның бір саңылауынан сығалай қалды. Біз де сығаладық.

Иә, ұзындау бойлы, үстінде ішігі бар, толық аққұба адам, жай жүргенге ұқсап, олай-бұлай жүрді... Әлгі кісінің жанынан бір адам өте берді. Өте берген адамға:

— Мынаны қараңызшы: мына бір вагондардың ішінде қамаулы адамдар жатыр. Адам көрмеген азапта... Бәрі де бұралған аш. Адам баласын осынша азапқа салар ма!.. Әне, анау қылыш асынған жауыздар күзетіп жүр. Міне, ерлер жұрт үшін осындай азап тартып жатыр, — деді.

Өтіп бара жатқан кісі аз ғана тоқтап тұрып, бірдеңе деп жүріп кетті. Қарай-қарай, толық кісі де кетті.

Ертеңінде, түс кезінде, біздің бір-екі жолдас тағы да суға барып, су әкеп, вагонға енгізіп жатыр еді. Үш-төрт кісі суды алып, есік алдында тұрдық. Және конвойдың өлшеп берген азғантай нанын алып тұрдық. Вагонның есігі ашық еді. Қолтығында бір шүберекке түйген едәуір нәрсесі бар бір әйел вагонның алдынан өтіп бара жатты. Қоңырқай киімді әйел. Су мен нанды алып болған соң, қарауыл солдат вагонның есігін жаба берді. Вагонның есігін қарауыл солдат жаба алмай, жұлқылап сырып жатқанда, әлгі әйелдің қолтығындағы шүберекке түйген нәрсе есіктен жып-жылдам секіріп, вагонның ішіне дүрс ете түсті!..

Жалт-жалт қарастық. Әйел жүгіре басып кетіп барады екен. Қарауыл солдат аңырайып тұрып қалды. Біз де бір-бірімізге таңырқанып қарасып, түюлі нәрсені жылдам былай алып қойдық.

Әйел кетіп қалды. Вагонның есігін бекітті. Түюлі шүберекті тез анталасып шешіп қарадық: не екен? Нан, колбаса, папирос екен!

Таршылықта біреудің істеген болмашы достығы көзге қандай көрінетінін өзі таршылықта болмаған кісі білмейді. Және айтсаң да дәл өзіндей түсінбейді.

Бұл — өмірде ұмытылмайтын іс! Мұндай достық таршылықтағы жанға таудай қайрат, өлшеусіз шаттық береді!

Кешегі толық еркек пен бүгінгі әйелдің кім екенін білмедік. Сөйтіп, Семейден қайтып келген соң, вагонда екі-ақ күн тұрғызып, үшінші күні Омбының лагеріне апарды.

Тендігі үшін кедейдің,

Жауызға көнбей туладық.

Залымдардың жасаған,

Аранына уладық.

Қараңғы, суық зынданды

Жатақ қылды тәніміз.

Қылыштың жүзі, мылтықтың,

Аузында болды жанымыз.

Шеңгелінде жауыздың.

Кетіп адам сәніміз.

Арыстандай шынжырлы

Өртеніп, қайнап қанымыз.

Бір шұңқыр су, түйір нан,

Үйреншікті ас болды.

Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,

Жастығымыз тас болды.

Тас көмірдің топырағы,

Денені басып қаралап.

Тас көмірдің түтіні,

Өкпені қауып аралап.

Қол-аяқта көк шынжыр,

Жыланша жалап, жаралап.

Жауыздардың дозағын,

Көрдік қорлық азабын...

X. ОМБЫ ЛАГЕРІНДЕ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий