Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ә-ә, Сейфуллин, енді жақсы болды!.. Енді жақсы болды! — деді. Газетке қарағанда, Сібірдегі барлық темір жол жұмыскерлері, барлық крестьян, барлық кооперация ұйымдары Колчакқа қарсы. Тап осы хабардың шын екенін өзіміз де көріп келе жатқандықтан, өлім халінде отырсақ та, алдымыз қырылып жатса да, көңіліміз тасып қалды.

— Енді ұзаққа бармассың, бәлем! — деп Колчакқа кіжінген сөз әрқайсымыздың аузымыздан еріксіз шықты.

Алтай губерниясының кейбір жерлерінің крестьяндары Колчакқа қарсы көтеріліс жасап, Колчак оны әрең басыпты. Көтеріліс жасаушылардың бастықтары Алтай тауына қашып сіңіпті. Мұны да газеттен оқыдық. Барнауылда кооперацияның губерниялық мекемесін Колчактың ұлықтары келіп тінтіп, мекеменің бастықтарын абақтыға жауыпты. Осы біз оқыған «Алтай шұғыласы» деген газетті Колчак неше рет жапқызыпты, неше рет айып салғызыпты, неше рет газеттің шығарушысын жауапқа тартыпты. Колчак жапқызған газетті екінші бөтен атпен шығара беріпті. Газеттің аты бірде «Алтай таңы» болған. Бірде «Алтайдың жаңа таңы» болған. Содан «Алтай шұғыласы» болған. Мұның бәрін сол газеттен көрдік.

Міне, менің әлгі Барнауыл ауданына келген соң тіріміздің халіміз біраз тәуір болған тәрізденді дегенім осы.

Барнауылдан Семейге қарай шыққан соң халіміз тағы да ауырланды. Нан жоқ. Су да жоқ. Су да күн сайын болмайды.

Дүзге отыруға вагоннан түсіргенде, тас көмір салған қаппен қар алып кіреміз. Сол қарды пешке ерітіп ішеміз. Вагоннан түсіргенде ақырып, асықтырып, конвой солдаттарымыз жөндеп қарды да алғызбайды... әлденеше күн түтек-сұрапыл боран соқты. Поезд жөнді жүрмеді. Көп тұрады. Паровоздың машинашылары әдейі асықпайтын тәрізді.

Біздің вагондағы аурулардың ішінде Авдеев өте нашар. Орнынан тұрғанда тәлтіректеп сенделіп тұрады. Бір рет тұрып, вагонның есігіне таяу келмек болып еді, тәлтіректеп жүре алмады. Авдеевтің бетінен кісі шошитын. Жалғыз Авдеевтің түрінен емес, тұтқындардың бәрінің-ақ түрінен адам шошырлық. Тас көмірдің майда ұшқыны, күлі – денеге, бет-ауызға қап-қара болып сіңген, аларып көздің ағы ғана көрінеді. Тас көмірдің ұшқыны қап-қара болып танауға, құлаққа, ауызға толған. Кейбір аурулардың ауыздарының іші, тістерінің арасы, езулері қап-қара тас көмірдің топырағы...

Жолдастардың бәрі де енді осы вагоннан құтылсақ екен деп тілейді. Қайда апарса да тез апарса екен деп тілейді. Бірақ оған енді поезд асығар емес. Темір жол қызметкерлері ешбір поезды асықтыратын көрінбеді. Оған қосымша, сұрапыл боран да поезды жүргізетін емес. Бәріміздің арамызда өте қайратты, өте қажырлы жолдас Катченко көбірек жүріп, істі Катченко басқарушы еді. Ыстық қызу қанды украин азаматы ақын Шевченконың інісі екенін ақтаған еді.

Бір станцияға келдік. Катченко конвойдан сұранып станцияға барып, нан, темекі іздемек. Авдеев ыңқылдап жатыр еді.

— Катченко, бір стакан ыстық сүт тап, бір стакан сүт тапсаң өлмеймін, қан төгіп тапсаң да тап! — деді.

Катченко білдіртпеген болып, көзіне жасын іркіп алып, конвой солдатпен станцияға кетті...

Әлден уақытта қуанып, арсалақтап бір стакан сүт алып келді. Дереу пешке қойып, сүтті пісіріп, Авдеевке бердік.

Авдеевтің өлмей қалуына үлкен себеп осы сүт болды. Онсоң, Авдеевтің өлмей қалуына үлкен себеп болған жолдас Кондратьева деген арамыздағы жалғыз әйел болды. Кондратьева күндіз-түні Авдеевті күзетіп, күтті. Авдеевтің әлі құрып, сіресіп жатқан кездерінде, Кондратьева суды аузымен берді. Авдеевті тоңдырмай жылы жаққа алып жатты, Авдеевтің қол-аяғын, барлық денесін уқалап, қойнына тығып жатып жүрді. Сонымен ғана Авдеев өлмей қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий