Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ново-Николаевск қаласына келдік. Біздің вагондарды ағытып, вокзалдан аулақ жолдың бір тарауына қойды. Бір күн тұрдық... Көздеріміз ғана жалтырайды. Ауыздарымызды ашқанда ақ сиыр тістеріміз ғана көрінеді. Бет-қолымыз қап-қара. Тас көмірдің топырақтай майда уағы адамның терісіне, денесіне сіңіп кетеді. Жуғанмен оңай кетпейді. Ново-Николаевскіге келген соң, бет-қолымызды қармен ысып жуған болдық. Бет-қолымыз азырақ қызыл қоңыр тартты.

Кешке жақын отын-су алғызуға екі вагоннан бес-алты кісі әкетті. Біздің өтінішіміз бойынша, вагондардың есігін отын-су әкелгенше жаппай қойды. Дені сауларымыз шүпірлеп, вагонның есігінен қарап тұрмыз. Біздің вагондарымыз тұрған жер аздап адам жүріп-тұратын жер екен. Көбінесе көрінетін адам — Колчак әскерінің адамдары. Қала жақтан ба, жоқ, вокзал жақтан ба, білмеймін, біздің конвойдың бастық офицері келді. Қасында екі-үш әскери киімділері бар — офицерлер болса керек. Киімдері жаңа, әдемі. Жандарында — қылыш, белдерінде — мылтық, жылтыр етіктің өкшелерінде сылдырмақ темір. Жеңдерінде оқалаған белгілері бар. Бір ұзын бойлы аққұба жігіттің жеңінде және қалпағының маңдайында тіккен адамның қу басының суреті бар. Бөтен офицердің біреуі бізге:

— Қай жерліксіңдер? Орынборлық бар ма араларыңда?—деді.

— Ақмолалықпыз, Орынборлық жоқ, — дедік біз.

Бір семізше жас бала прапорщик:

— Совдепшілерсіңдер ме? — деді.

— Иә, — дедік.

Бала прапорщик кекете күліп:

—А-а, бостандық керек қылғандар екенсіңдер ғой... Бостандық!.. Сволочь! (Свободу захотели?.. Свободу!, сволочь), — деді.

Біз үндегеніміз жоқ. Офицерлер кетіп қалды.

Ново-Николаевскіден Барнаул — Семейге қарай алып жөнелді. Енді Семейге апаратынын білдік. «Степ корпусының штабына» дегені —Анненковтың еркіне дегені екен.

Поезд енді тіпті жай, кешігіп жүретін болды. Екі көз шүңірейіп ішке кірді. Сөз азайып, үндемей тұнжырап отыру көбейді.

Поезд енді көп тұрып, аз жүрді.

Дризге өлді... Шіркін сабаз өлді. Бұл да Павлов тәрізді ауырғаннан үндемей жатып өлді. Павлов Ақмола Совдепін екінші қайта сайлағанымызда ақша комиссары болып еді. Сабырлы, байыпты, едәуір оқыған адам еді. Ақмолада қатыны, төрт-бес баласы жетім қалды.

Ал Дризге Ақмоланың ревтрибуналының төрағасы еді. Қажырлы, қайыспайтын және саяси білімі жақсы адам еді. Ақмолаға Омбыдан келген еді. Қай жерлік екенін білмеймін — айтушы еді, есімде жоқ. Дризгенің өлгенін қарауылға айттық.

Қарауыл солдаттар вагонның есігін ашып, өлікті алып шығуға бұйырды. Үш-төрт жолдас өлікті алып шықтық. Біздің вагондардың артында тіркеулі бір бос вагон бар екен. Соның есігін конвой солдаттар ашып, өлікті соған кіргізіп қойғызды. Өлетіндерге вагонды даярлап, бос тіркеп әкеледі екен. Дризге өлісімен де және бос вагонға апарып оны қойған сонда, қосылып өлікке арналған «похоронный марш» күйін жырладық.

Кешікпей Монин өлді. Монин қатты ауырып, жанталасып өлді. Жолдастар қамыққан үстіне қамықты. Кекпен қайнаған көкірек у сепкендей ашыды. Жүректе қайнаған кек неше түйін болып байланды.

Монинды да қарауылға айтып, бос вагондарына апарып қойдық. Мониннің туған інісі Яков ағасын шығарарда жылады. Яковқа зекіріп, ұрсып қойғыздық.

Вагонның есігінің алдында, шығаруға даярлап қойған Мониннің қасына кеп отырып, өксіп жылай бастаған Яковқа күйінгеннен алдымен ұрысқан мен едім:

— Кет әрмен! Қазір жылайтын уақыт па? Тұр әрі! Мынаның ғана туысқаны екен!.. Кет әрі, — дедім.

Яков жылағанын қоя қойды.

Монин Ақмоланың орысы, солдат еді. Патша түскеннен солдаттарға бас болған Кривогуз деген жолдаспен екеуі еді. Едәуір білімді жігіт еді. Ақмолада ең әуелі советтің ұранын шақырған жігіттің бірі еді.

Ақмола Совдепінің басқармасының (президиумының) мүшесі, салық (контрибуция бөлімінің комиссары) еді. Шешен, қажырлы батыр жігіт еді. Ақмолада кемпір-шал ата-анасы қалды. Жас қатыны қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий