Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барнауыл қаласына келдік. Одан да кеттік. Барнауылда біраз нан алып тәуір болып қалдық. Бір қадақтай май сатып алдық. Бірақ кеуіп қалған аштарға жөпшенді тамақ не болады? Нанның тәуірін, жегенінше майды ауруларға, әлсіздерге береміз. Су да кейде бар, кейде жоқ. Сауларымыз шөлдеп кеуіп отырғанымызда, азғана зәмзәм суды ауруларға сақтаймыз.

Біздің вагонда аурулардың ішінде матрос Авдеев өте нашар. Онан соң Мелокумов деген бір жігіт нашар. Екінші вагондағылардан әзір Мартынов пен Пьянковский деген жігіттер өлді. Екеуі де Ақмоланың өзінікі... Мартынов Спасск жұмыскері еді. Пьянковский қалада тұратын шебер-ұста еді. Ұлты поляк. Екеуі де Совдептің мүшесі. Пьянковский еңбек комиссары еді. Екеуінің де Ақмолада қатын-баласы қалды. Пьянковский «марсельеза» күйін жырлап отырып өліпті. Сырлы күйшіл жанды поляк өлерінде де күймен өліпті...

Жолдастардың өлгені болмаса, Барнауыл уезінің ауданына кірген соң, халымыз біраз ғана тәуір болған тәрізденді. Ол мынадай жайт:

Атаманның «батырлары» бізді әдейі аштан қыру үшін мұндай күйде ұстап келе жатқаны белгілі. Нан былай тұрсын, суды да талдырып береді. Колчак «ерлерінің» бұл ниетінің үстіне жол бойы станциялардың көбінде нан жоқ. Болса, бірен-саран мұжық қатындарының қолында жүреді. Онда да болмашы. Ал өзге тамақ тіпті жоқ. Бұлай болудың себебі: бірінші, нан сататын және басқа түрлі ас сататын крестьяндардың өзі кемтар. Екінші, крестьяндар азықтарын Колчак ақшасына сатқылары келмейді. Оның бер жағында, Колчактың «батырлары» көрінген жерде азық сатқысы келмейді. Мұны сол Барнауыл ауданына келген соң білдік. Сол ауданда келе жатып, бір-екі станцияда конвойымыз бізге нан әпереміз деп, нан таба алмады. Сонсоң бір станцияға келіп поезд тоқтап, көп тұратын болды. Жолдан бес шақырымдай жерде бір поселке көрініп тұрды. Конвойдың солдаттары сол поселкеден нан әкелуге бір жерден шанаға жегулі екі ат әкелді. Екі вагоннан екі кісі алып, төрт солдат поселкеге кетті... Әлден уақытта едәуір нан келді. Бірақ нанның көбін конвойлардың өздері алды. Азын біздің екі вагон бөлісіп алды.

Поселкеге екі шанамен біздің екі кісіні алып, атаманның солдаттары барып нан сұрапты.

Крестьяндар: «Нан жоқ, өзіміз де ашпыз», — депті.

Нанды жағалай сұрап жүріпті. Ешкімнен нан шықпапты. Сонсоң бір мұжыққа біздің екі жолдас қапысын тауып, кім екендерін айтыпты. Біздің кісілердің кім екенін білген соң әлгі мұжық ақырын:

— Ойбай, манадан бері білмедік қой! — деп дереу өзгеріп кетіпті. Ол өзгелеріне айтып, сонсоң мұжықтар атаманның «батырына» тістерін қайрай-қайрай қалыпты.

Барнауыл ауданына келген соң, станциялардан конвоймен темекі іздеп жүріп, жолдастар орысша газет алып келетін болды. Газеттің аты «Алтай шұғыласы» (Алтайский луч). Бұл газет Колчактың Омбыдағы газеттеріндей емес, Колчакқа қарсылау газет, эсерлердің газеті болса керек. Газеттен көп хабар алып қалдық.

«...Американың бастығы (президенті) Вильсон, Европаның тыныштығын көздеп, жиылыс шақырып жатыр. Жиылыс «Пренси Острова» деген жерде. Бұл жиылыста Россия тыныштығы үшін, Россия мәселесі қаралмақ. Россия үкіметінен жиылысқа өкіл шақырады. Шақырғанда, большевиктер үкіметінен шақырады»,—дейді.

Және «Большевиктерден өкіл шақырылса, біз шақырса да өкіл жібермейміз», — деп, Колчак үкіметі хабар жіберді, — дейді.

Және бұл газет жазады:

— Россияда эсер мен меньшевик партияларының бастықтары большевик бастықтарымен сөйлесіп, ынтымақтасып, бәрі бірігіп, Колчакқа қарсы күш жұмсамақ болыпты», — дейді. Бұл туралы эсерлердің бастығы Чернов: «Колчакқа қарсы тұрыңдар» — деп, күллі Россияға жарнама таратыпты, — дейді.

Эсер, меньшевиктер енді большевикке күш қосып, Колчакқа қарсы шығыпты деген хабарға жолдастардың бәрі-ақ көңілденіп қалды. Әсіресе левый эсер, жолдас Трофимов қуанып, маған қарап:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий