Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағы да қараңғы түнді қақ жарып, ырсылдап, ентігіп, танауларынан дем алып, темір денелі жалбыр қара айғыр бізді алып жөнелді. Қайда апарады? Неге апарады? Айтпайды...

Дүрсілдеп жүгіріп бара жатқан вагонның саңылауынан қарадым. Түн қараңғы. Қап-қара дүлей. Аспанда сәуле жоқ. Жер аппақ қар. Оның үстіне аспаннан тағы да қар түтейді. Жел қатты.

Ысқырып соққан жел аспаннан жауып тұрған қармен жердегі бұрынғы қарды ұйтқытып, түтетіп, бір-біріне қосады. Өршеленген жел аппақ қарды ұйтқытып әкеп вагонға соғады. Түтеген боран жүгіріп келе жатқан вагонды қамайды. Вагонның саңылауларына жармасып, сыңсып, ызыңдап сарнайды. Поезд дүрсілдеп заулайды. Қоспақ темір жолдың үстінде дөңгелектер орғып билейді. Аласұрып, тулап шауып бара жатқан поездың күйі поляк елінің «Мазурка» күйіндей ойнайды. Немесе қазақтың «Бозайғыр» күйіндей сарнайды. Аласұрып, тулап, шапқылап поезд күйі ойнайды. Дөңгелектер сартылдап билейді. Поезда да тыным жоқ. Ызыңдап сарнаған түтекте де тыным жоқ.

Поезд түнімен дүрсілдеп жүгірді. Түнімен күйлеп, билеп, «Мазурка» мен «Бозайғырға» басты. Таң атқан соң бір тоқтап тұрған жерде күндегідей вагонды ашып, тұтқындарды тысқа шығарды. Екінші вагондағы жолдастар да шықты. Екінші вагоннан жас бала тәріздендіріп Хафизды бір орыс жолдас пен Баймағамбет көтеріп, сүйеп түсірді.

— Ей, бұған не болды? Ауырып қалды ма? — деп ана жолдастардан сұрадық.

— Ойбай, қарақтарым, не қыласыңдар! Қиын болды. Мына Хафиздың бұл қазір тәуір болғаны. Қазірде де есі әлі өзінде емес. Түнімен аласұрып шықты, — дегенге-ақ Баймағамбеттің мұршасы келді. Қарауыл солдаттар асықтырып, бәрімізді айдап, қайта вагондарымызға кіргізді. Бізбен бірге біздің вагонға екінші вагондағы жолдас Панкратов та кіріп кетті. Вагонның есігін бекіткен соң, Панкратов:

— Жолдастар! Түнде Омбыдан бері шығысымен-ақ бір оқиға болып қалды, — деді.

— Е, немене?.. Не болды? — дедік.

—Түнде, Омбыдан бері қарай поезд жүргеннен кейін біраздан соң, жолдастардың бәрі тұнжырап үндемей отырғанда, теріс қарап бүрісіп жатқан Хафиз басын көтеріп, Баймағамбеттің бәкісін сұрады.

Баймағамбет «бәкім қиында» деп бермеді. Сонсоң Хафиз теріс қарап бүктүсіп жатты.

Біраздан соң, бүктүсіп, қыбырлап жатқан Хафиз ыңырсып, қазақшалап бірдеңе деп еді, Баймағамбет қасына барып, бірдеме деп сөз қатты да, жылдам, сасып, Хафизды құшақтап басын көтерді. Бәрімізге қарап, Баймағамбет:

— Ойбай, жолдастар, мынаны қара, мынау өзін-өзі өлтірейін деп жатыр! — деді.

Үндемей тұнжырап отырған жолдастардың бәрі де серпіліп, Хафиздың үстіне төніп қалдық. Қарасақ, бір машина шегемен мыжғылап қолының тамырын қимақ болған екен. Тамырын қия алмай, құр білегінің терісін мыжғылап тесіп қанатыпты. Екі қолы, білегі қып-қызыл қан. Бәріміз жабылып Хафиздың қолын орап, ортаға алып, ұрысып, кейіп, қайрат сөз айтып отырдық. Біраздан соң ұшып түрегеліп, құтырған кісіше есікке барып, айқайлап, ақырып есікті тепкіледі. Біз енді сасып, Хафизды ұстап, есіктен кейін алдық. Хафиз осы бізге бой бермей жұлқынып, айтпаған сөзді айтып арпалысты. Қоймады. Қолымыздан талай жұлқынып шығып кетіп, ақырып есікті тепкіледі. Есі шығып кеткен. Айтқан сөз құлағына кірмейді. Тек, жұлқынып, бізге жалына береді:

— Ағатайлар, қоя беріңдер, өзім өлейін,—дейді. – Мына жауыздардан өлгенше, өзім өлейін, — дейді. — Қоя беріңдер, есігін қиратайын, сөйтіп өлейін, — дейді.

Біз болмай, тоқтау айтып отырдық. Бір жерде, поезд тоқтап тұрған жерде, қолымыздан жұлқынып шығып кетіп айқайлап, есікті тепкіледі. Біз тез ұстап, кейін алдық. Тыста күзетші солдаттың дауысы шықты. Хафиз жұлқынып, айқайлап, қарауыл солдаттарды балағаттай берді. Кешікпей вагонды ашып, екі-үш солдат пен конвойдың бастығы офицер вагонға кіріп келді.

Офицер ақырып:

— Бұл немене? — деді.

Офицер кіріп келгенде-ақ Хафиз бар күшімен ұмтылып, жұлқынып, Колчакты, үкіметін — бәрін боқтап, балағаттай бастады... Офицерді балағаттады. Офицер түсін суытып, ақырып, қылышын суырып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий