Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан кейін тағы сұрастырып, бұл оқиға туралы әбден анығына жеттік. Былай болыпты: 1918 жылдың желтоқсан айында Колчактың ісі әбден басынан асып кеткен соң, Омбыдағы жасырын большевиктердің комитеті көтеріліс жасамақ болады. Колчактың мұжықтан жиналған әскерінің біразы большевиктерге қосылмақ болады. Эсерлер әуелі Колчакпен тілектес болса да соңынан Колчак эсерлердің өз бастықтарын қуалап, атып, қамап, үндерін шығартпаған соң, Колчакқа олар да жау болады. Енді сол желтоқсанда жасалған большевиктердің көтерілісіне эсерлер де қосылады... Қаланы түнде алу планы жасалады. План бойынша түпкі мақсат вокзалда болатын болды. Түнде бір бөлек отряд түрмені барып алып, ішіндегі тұтқындарды босатпақ болады. Және сол сағатта бір бөлек отряд телефонның орталық станциясын алмақ болады. Қаланың ортасындағы казак-орыстың атты полкін алмақ болады. Лагерьдегі мадияр, қызыл әскер, Австрия, Германия тұтқындарын босатпақ болады. Сөйтіп, біреуді-біреумен хабарластырмай, бір түнде Колчакты алмақ болады.

22 желтоқсанда, түнде, ә деп іске кіріседі. Большевик отряды келіп түрмені алып, тұтқындарды босатады, казак-орыстың атты полкін алады. Ол екі арада эсерлердің осалдығынан телефонның орталық станциясы алынбай қалады. Сол екі арада Колчак тыңшылары арқылы тез хабарланып, большевик бастықтарын қапылыста тұтқынға алады. Большевик отрядының біразы бетімен қимылдай береді. Кейбір отрядтары штабтан бұйрық болмаған соң, тек жиналып отырады, хабарсыз қалады. Бұлардың ішінде Жанайдар Садуақасұлы мен Әділұлы болады. Олар өйтіп отырғанда, атыс болып қалады. Колчактың қалың әскері түн ішінде тік тұрады. Атамандар, офицерлер, жандарм қалшылдап, қылыштарын асынып, сенімді солдаттарын ертіп шығады. Түн ішінде ерсілі-қарсылы атысады. Қала үрпиеді. Кімнің болса да жүрегі лүпілдейді... Большевиктер үркердей ғана. Темір жолдың жұмыскерлерінің көбі большевиктер жағында. Бірақ өйткенмен де үркердей... Қару-жарағы аз, аз ғана отряд. Колчактың өне бойына қару-жарақ асынған қалың әскеріне қалай төтеп бере алсын!.. Большевиктер жылжып атысып вокзалға барады. Вокзал жақта шеп құрып атысады. Таң атқанша атысады. Одан жылжып вокзалға таяу Кулюмзина станциясында көп атысады.

Большевиктердің өлгені өліп, қалғаны ертеңінде қаша атқыласып кетеді.

Омбыдағы қазақтан большевиктермен сөздес болған, қатынасқан, Әйтпенұлы үйінде жатқан тек Жанайдар Садуақасұлы болған. Омбыда болған белгілі жазушы большевик Березовскийдің үйімен байланыс қылған. Және жасырынып жатқан Дінмұқамбет қатынасып, сөздес болған. Ал олармен Әбдірахман Байділдаұлы сөздес болған. Бірақ не керек, мақсат орындалмаған. Төңкеріс бола алмаған. Омбы қаласы біраз алабұртып қойған.

Көтеріліс басылғаннан кейін, Колчактың әкімдері қоқиланған. Колчак ертеңіне жарлық шығарған: «Қашқандарды, большевиктерді жасырған адам сотсыз атылады», — деген.

«Қала және оның маңы тегіс тінтіледі» деген.

«Түрмеден босанып қашқандар тегіс қайтып көрінсін, әйтпесе ұсталған жерлерінде атылады» деген.

Колчактың бұл жарлығына құлақ қойып, он екі эсер түрмеден қашып шыққан бетімен кете бермей, Колчактың алдына қайтып барған. Колчак оларды бір түнде атып тастаған. «Алашорда» да қоқиланған. Түрмеден шыққан Шаймерден мен Көлбайды соғып әкелген.

«Атыс болған күні сен большевиктерге оқ тасыпсың», — деп, Жанайдар Садуақасұлын қудалап, Земство қызметінен шығармақ болған. Және «Алаштың көсемдері» жасырынып жүрген Дінмұқамбетті іздей бастаған. Оны Байділдаұлы жасырып Қызылжарға, еліне алып кеткен. Түрмеден қашып шыққан Новиков деген большевиктердің бір адамын Жанайдар жатқан Мұқандікі жасырған.

Міне, 1918 жылы Омбыдағы Колчакқа қарсы жасалған декабрь көтерілісінің суреттерінің ұшқындары осындай.

Енді вагондарымызға келейік.

Біраз сөйлесіп, Құрманғали қайтып кетті. Ертеңінде Жанайдарды ертіп әкелді. Тағы да қуанысып, кенеліп қалдық. Тағы біраз әңгімелестік. Аш кісіге алдымен керек нәрсе тамақ қой. Бұлар нан мен май әкеп кенелтті. Май мен нан астың атасы ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий