Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұрып, тықырлап отырдық. От жағуға отын жоқ. Көптен соң вагонның есігін ашып, күндегісіндей күзетуші солдаттар бізді түгендеуге кірді. Солдаттардың көбі бөтен, бізді Ақмоладан алып келген «батырлардан» басқа түсті солдаттар көп. Бастықтары да жаңа, вагонға сыйғанынша кіріп, кірмегені есікке жабысып, бәрі бізге едірейісіп қарайды. Біздің кісілер де жат «қонақтарға» үрпиісіп қарайды. Бұрынғы ескі қарауылымыздың бастығы санап, «пәлен кісі» деп жаңа солдаттардың бастығына айтты. Анау, өзі де бізді санап, қағазына жазып алды. Сөйтіп, бәрі біздің екінші вагонға барды. «Қайтер екен?» — деп отырмыз. Ол вагоннан шығып, бәрі күзетші солдаттар жататын, қасымыздағы тіркеулі вагонға барды. Біз вагонымыздың саңылауынан сығалап тұрмыз. Көп кешікпей бұрынғы солдаттар кетті. Жаңа солдаттар қалды.

Біраздан соң жаңа қарауыл екі вагонды да ашты. Тысқа шығарып кіргізді. Күндегідей тез, шала-пұла жуындық. Қайнаған су әкелуге сұрандық. Екі вагоннан төрт кісі қайнаған су мен нан әкелуге кетті. Солдаттармен ептеп сөз қатыстық. Көбі оқудағы балалардай, ылғи жас жігіт. Бұлардың да киім формалары бұрынғы қарауыл солдаттардың формаларындай. Бұлар да атаман Анненков отрядының солдаттары екен. Көбі отрядқа өзі тіленіп кірген оқудағы балалар екен. Бұлардың иі бұрынғылардан жұмсағырақ көрінеді.

— Бізді Ақмоладан алып келген бұрынғы солдаттар енді күзетке келе ме? — дедік.

— Жоқ, олар енді келмейді. Енді біз келіп тұрамыз. Үш-төрт кезекпіз,—деді.

Сөйтіп, мұзды вагонда бір-бірлеп күн өте берді...

Нанды өте аз қылып, екі күнде бір береді. Кісі басына бір қадақтан артық келмейді. Жұрт үңірейісіп қалжырай бастады. Ыңғайлы нәрселерімізді, ыңғайлы киімдерімізді сатып жатырмыз. Ақшасына нан аламыз. Нанды қылдай қылып жолдастар бөліп жейді. Солдаттардан отын сұрап алып, вагонға енгізіп қойып, жағып отырамыз. Қатқан қырау, мұздар ери-ери суы көл болып ағып, вагонның астына жайылды. Көл болып қатып қалады. Қатқан мұздың үстіне пеш жаққан сайын жоғарыдан еріп ағып су қосылып, ол да қатады. Сөйтіп, вагонның астының мұзы қалыңдай береді. Енді еріп аққан мұздың суын ағызуға вагон астының бір-екі жерін ептеп тесіп қойдық.

Тыста тұруға тоңып, күндіз кей кезде күзетте тұрған солдаттар вагонның ішіне кіріп отыратын болды. Біздің өтінуіміз бойынша вагонның есігін азырақ ашып, вагонға жарық кіргізетін болды.

Көбінесе, ептеп, саяси жағынан сөз қозғап отырамыз.

Бір күні күзетте вагонның ішіне кіріп отырған жас солдатпен сөйлестім.

— Россияда қазір қандай үкімет болып отыр? — дедім.

— Большевиктен «тазаланған« жерлердің бәрінде «халық үкіметі», — деді.

— Большевиктер қай жерде? — дедім.

— Россияда, — деді.

— Халық үкіметі болғанда, қазір, немене, республика ма?— дедім.

— Қазір уақытша үкімет, — деді.

— Адмирал Колчак емес пе? — дедім.

— Иә, Колчак ең жоғарғы билеуші, бірақ ол да уақытша билеуші, қашан большевиктерді кетіріп болған соң, күллі Россияның «ұлт кеңесі» шақырылады. Қандай үкімет болатыны сол кеңесте белгіленеді, — деді.

Едәуір әңгімелестім. Өзі Омбының орта дәрежелі ауыл шаруашылық школында оқып жүрген бала екен. Анненков отрядына өзі тіленіп кірген екен.

— Қалай деп ойлайсыз, республика жақсы ма, жоқ патша үкіметі жақсы ма? — дедім.

— Әрине, республика жақсы! — деді.

— Кәзір мына адмирал Колчак «жоғарғы билеуші» болып отыр. Жалғыз өз әмірін ғана жүргізеді. Ал барлық Россияны бұл қаратып алғанда, Россияда қандай үкімет болады дейсіз?—дедім.

— Онда шақырылған «ұлт кеңесінің» дегенімен үкімет қайта құрылады ғой, — деді.

— Сонда қандай үкімет құрылады деп ойлайсыз? — дедім.

— «Ұлт кеңесінің» дегенімен болады ғой, қандай үкіметті керек қылса, сондай үкімет болады да, — деді.

— Сіз жаңа большевигі жоқ жердің бәрінде «халық үкіметі» болды дедіңіз. Бір-ақ кісінің әмірімен жүріп отырған үкімет халық үкіметі бола ма? — дедім.

— Болмаса да, түбінде болады ғой, — деді.

— Түбінде қалай болады?—дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий