Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— «Ұлт кеңесі» арқылы халық өзіне қандай үкімет керек екенін айтпай ма? — деді.

— «Ұлт кеңесі» халық дегенін айтпайды. Өйткені ұлт кеңесіне ылғи адмирал, жандарал, үлкен офицерлер, дворян және үлкен оқығандар, байлар барады. Олар қалың бұқара халықтың тілегін орындамайды. Оларға қалың халықтың осы қалпында жүргені пайдалы ғой, — дедім.

Тыңдап отырған кейбір жолдастар маған қарап, «не қыласың?» дегендей ақырын бастарын шайқап, ым қақты.

Солдат едәуір ойда қалғандай болып:

— Неге, халық тілегін орындайтын кісілерін жіберер, — деді.

— Үкімет бір-ақ кісінің әмірінде тұрғанда, халық өзінің тілегін орындайтын адамын жібере алмайды, — дедім.

Солай алты-жеті күн өтті. Бір күні тыста біреу күзетші солдатпен сөйлескендей болды. Тыңдай қалдық. Саңылаудан сығаладық. Бір қазақ жігіті есік пен төрдей тұрып, күзеттегі солдатпен сөйлесіп тұр екен. Солдат вагонның есігін сырғытып, азырақ ашты. Менімен екі-үш кісі басымызды шығарып қарадық. Бізбен қазақ жігіті амандасты. Үстінде жөндеу орысша пальто. Басында қоян терісінен істелген ұзын құлақты ақ құлақшын. Аққұба жігіт.

— Сіздер Ақмоладан келген жігіттерсіз бе? — деді.

— Иә, иә, сіз кімсіз? — дедік.

— Мен Жұмабай Нұркиннің туысы едім, ол кісі қайда?—деді.

Вагонда отырған Жұмабай атып түрегеліп, есіктен басын шығарып, туысымен шұрқырасып амандасты.

Бұл жігіт әнеугі күні, Омбыға келген күннің ертеңінде, Жұмабайдың хат жазған, Омбыда оқып жүрген туысы — Құрманғали Тұяқұлы екен. Хал-жайды білісіп, жігіт біраз тұрып, тағы да ертең келмек болып, кетіп қалды.

Біреуіміздің болса да туысқанымызды көрген соң, бәріміз де қуанысып қалдық.

Ертең келіп, біздің тапсыруымызбен бір шәйнек, төрт қаңылтыр шұңқыр әкеп берді. Біраз сөйлесіп, біраз хабар алдық. Соғыс-майдан жағынан айтқан хабары өзіміздің ептеп газет оқып біліп жүрген хабарымыздай.

— Уфаны, Орынборды әлдеқашан алған, — деді.

Жай сөз сөйлеген кісі құсап тұрып айтты. Күзетші солдат жуас және қазақша сөзді білмейді.

Және желтоқсан айында Омбыда большевик, эсер, меньшевиктердің бірігіп, Колчакқа қарсы жасаған көтерілісін айтты.

«...Еркін болмай қалды. Қызық болатын еді. Эсерлерден болды, әйтпесе іс болуға кәдік еді. Қамаудағылардың бәрін босатып, шығарып жіберген. Түнде, ең алдымен сонда барыпты. Бірақ көбін қайтадан ұстап алды. Шаймерден Әлжанұлы мен Көлбай Тоғысұлын да абақтыдан көппен бірге сол түнде шығарып қоя берген екен. Олар осы Омбыдағы Күдері молданыкінде бір күн тығылып жатып, ертеңінде елге шығып кеткен екен. Оны мұндағы «Алашорданың» кісілері біліп қалып, соңынан екі күннен соң қуып барып, түу, осы жерден екі күндік жердегі бір қазақ ауылында отырғандарында ұстап әкелген. Тоғысұлы өлді ғой, Шаймерденнен ештеңе білмеймін», — деді.

— Жа-а... бұ да көп хабар.

— Уа, шіркін, «Алашорда!» Колчакқа екі қасқырды ұстап әкеп беріп, шапан киген екен ғой! Ұстап әкелушілер «Алаштың» қандай азаматтары? — дедік.

— Ұстауға қуып барғанның бірі — біздің Торсанның Қазиы, — деді.

Қази Торсанұлы деген біздің Жұмабайдың ағайыны. Торсан деген Қызылжар уезінің жалмауызы. Жиырма бес жыл болыс болған. Николайдың өзінен мақтау алған көкжал. Енді оның баласы Қази — Ақмоланың облыстық «Алаш комитетінің» мүшесі. Губерниядағы «Алашорданың» кейбір «азаматтарымен» қырын қабақ болып, бір уақытта Көлбай Тоғысұлымен бірге, Шаймерден Әлжанұлымен бірге «Үш жүз» партиясын жасасқан.

Соңынан кешікпей қызуы басылып, өзінің ата жолына түсіп, қайтадан «Алаш азаматтары» Колчактың түрмесінен қашқан екі қазақты іздеп қуып, ұстап әкеп, Колчактың қолына беріпті. Түрмеден түнде барып, барлық тұтқынды босатушы — большевик пен эсерлер, босанып қашқандарды ұстап әкеліп беруші — «Алаштың азаматтары».

Пәлі шіркіндер!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий