Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орыс жолдастар да бізбен бірдей қуанысып, аналар келгенде амандасып кенеліп қалады. Олар кеткенде: «Не деді?», «Не хабар бар?» — деп жапырласып қалады.

Жанайдар мен Құрманғали бұдан кейін бізге жолыға алмады. Өйткені біздің вагондарды адам жүрмейтін бір тұйық түкпірге сүйреп апарып қойды.

Маңымыздан көп адам жүрмейді. Бір түкпірде тұрдық. Тек анда-санда темір жолдың жұмыскерлері өтеді. Пысылдап, ақырып, буларын гу-гу еткізіп жіберіп тартып, бәйгеге даярлаған қара айғырдай жүруге даярлаған, баптанған паровоз өтеді. Паровоз баптанып, бірде аяңдап, бірде бүлкілдеп жорғалап, желіп өтеді.

Паровоз вагондарды ұзақ жолға сүйреп алып кетпек. Вагонның бірінде ұжмақ, бірінде дозақ. Вагонның бірінде жұрт жұмсақ, барқыт орындықтардың үстінде масайрап, рахатқа мас болады. Бірінде жұрт мұзды тоң, күл, көмір, төселген тақтайдың үстінде, суық, қараңғы қапаста ұзақ күнге нәр татпай, азап тартады. Рахатқа батқандарды көріп паровоз сүйсінбейді. Азап тартқандарды көріп паровоз күйінбейді. Паровоз азап вагондарын да, рахат вагондарын да сүйреп әкете бермек... Өлсең өліп қаласың — бір жерде тастап кетеді. Паровоз күйінбейді, паровоз сүйінбейді... Паровоз... Паровоз!..

Вагонның халы бір қалыпта, нашар. Қырау, мұз, дым, су, ызғар. Уілдеген суық. Пешке от жақсақ, қайнап, ысып кетеді. Тұс-тұстан су ағады. Пеш сөнсе, айнала қырау, мұз қатады. Ызғарлы суық аңырайды. Вагонның қасында түрме ұжмақ тәрізді. Вагон—дозақ.

Бала күнімізде дозақтың азабын суреттегенде айтатын еді: «Тоңсаң, қып-қызыл болып жайнап тұрған, өлшеусіз үңірейген пештегі отқа тастайды. Оттың күштілігі күндік жерден күйдіреді. «Күйдім...» десең, өлшеусіз үлкен, үңірейген мұзды теңізге тастайды. Мұзды теңіздің суықтығы сондай, күндік жерден қатырады. «Тоңдым» десең, қайтадан отқа тастайды...»

Міне, сол дозақ — осы біз отырған вагон. Бірақ бұл тым тар. Тым қараңғы. Екі-үш кісіміз ауырып қалды. Аурулары ызғар мен аштықтан. Павловтың халі нашарлау.

Күнде Омбы түрмесіне баруға құмарланып отырамыз. Бірақ ешкім бізді тіпті керек қылмайтын тәрізді. Ешкім бізді вагоннан қозғамайтын тәрізді. Қара пәле шеңгелін босатар емес. Қара пәле қара қанды тырнағын батыра түседі.

Жылжып күн өтіп барады. Омбыға келгелі екі жұмадай болып қалды. ілгергі тағдырымыздан сәуле жоқ. Конвоймен су алуға, нан алуға барғандар ыңғайы келгенде ғана әнеугүнгі дүкенші қатыннан және сондай кез келіп қалған адамдардан Колчак газеттерін алып тұрамыз. Газет сөздері бір қалыпты. Әрбір өздеріне пайдалы сөздерін дардай қылып қампайтып жазады. Бірақ қанша айтқанмен мақтанарлық ештеңелері жоқ екені сезіліп тұрады. Соғыс майданында шегінбесе, ілгері басқаны көрінбейді. Колчактың өзінің алып тұрған жерлері де тыныш емес екені газеттерінің әр нөмірінде-ақ көрініп қалады. Сібірдің әр жерінде – Алтайда, Үркіт маңайларында, Енесей өлкесінде және басқа жерлерде Колчакқа қарсы крестьяндар астыртын топ жасап, әрекет қылып жатқаны көрініп қалады. Сібірдің жұмыскерлері көп жерлерінің бәрі де тыныш қарап жатпағаны көрініп қалады.

Отын керек болып, қарауылдан отын сұрадық. Отыны жоқ болды. Сол кезде біздің вагондардың жанынан жай аяңдап, пысылдап паровоз өтіп бара жатты. Біз күзетші солдатқа:

— Ана, паровоздан отын сұраңызшы, бермес пе екен! — дедік.

Күзетші солдат паровоздың (қара айғырдың) машинисінен отын сұрады. Машинист паровозды тез тоқтата қалып:

— Не керек? —деді.

Солдат:

— Мына екі вагондағы ареставайт етілген кісілерге отын берсеңіз қайтеді? — деді.

Машинист:

— Жарайды, келсін мұнда! — деді.

Екі вагоннан екі-екіден төрт кісіден екі конвой солдатпен тез паровозға барды. Жолдастар асығып отын алып келді. Паровоз тұрды. Паровоздан отынды алғанда, жолдастар бір түрлі жай қимылдап алады. Алып кеп тастап, қайта баруы шапшаң болады.

Отынды вагонға үйіп алдық. Вагонды жауып қойды. Бізден отынға барғанның бірі Шафран еді.

Шафран:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий